
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
¥лы империяның мемлекеттік басқару жүйесінде алдымен оны билеуші болып қаған есептелді. Оның қүқықтары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін қамтиды. Әрі ол Шыңғыс хан династиясынан сайланатын. Мысалы, Үгедей қаған Венгер королі ІУ Белға жазған хатында "Мен көк патшасы жолдаған ханмын, маған ол жер бетіндегі билікті берген, сондықтан да мен маған бағынбағандарды және қарсыласқандарды күйретіп, ал қызмет еткендерді асқақтату билігі берілген" деп атап көрсетті. Моңғолдар билігі абсолютті жэне жан-жақты болды. Шыңғыс хан жасаған жан-жақты әрі нақты қүқық жүйесі феодалдана бастаған моңғол қоғамының талап-тілектеріне, мақсат-мүдделеріне сай келді. Моңғол мемлекет басшылары үшін "Яса" көп жылдар бойы бедел болып, қоғамдық өмір айналымында жүрді. Қаған оны мейлінше пайдаланды. Қаған тек моңғол империясына ғана билік жүргізіп қоймай, басқа да елге билік жүргізді. Билік аманат бойынша атадан балаға беріліп немесе тікелей тұқым жағынан мұраға қалдырылды. Таққа
62
отырғызу салтанаты құрылтайда сайлау арқылы шартты түрде жүргізілді. Қағанның өкілеттігі өте кең еді. Ол бүкіл территория мен мемлекет жұртшылығын билеп, заң нормаларын бекітті. Олар заң - жасақ - йасак, жарлық - йарлык түрінде белгі-леніп, қаған жоғарғы қолбасшы жэне моңғолдардың құқықтыдіни басшысы да болды. Қағаннан кейін Шыңғыс ханның балалары үлыс хандары дәрежесі атағын алды. Қағанды жоғар-ғы билік иесі ретінде мойындаған хандар, өздерінің иеліктерін оған тэуелсіз билеуші ретінде қадағалау жасап, билік жүргізді. Жаулап алған жерлерінде қағандармен хандар өздерінің "даруга" немесе "басқақ" атына ие лауазымдарын белгіледі. Олардың міндеттеріне халық санағын жүргізу, жергілікті жүрттан әскер жинау, пошта байланыстарын қамтамасыз ету, салықтар жинау жэне оларды ордаға жеткізу енді. Сонымен бірге, олардың міндетіне ірі қалалардағы әкімшілік және полиңиялық қызметтер де кірді. Кейбір жекелеген алыс аймақтарда жергілікті жер адамдары билік еткеніне қарамай оларды қаган бекітіп, даругашылар қадағалады.
Шыңғыс хан билеуі кезінде жэне одан кейін де империяның бір орталыққа бағындырылған әкімшілік басқару жүйесі болды. Атқарушы биліктің жоғары органы болып Мемлекеттік кеңес есептелді. Оған империяның жоғары шенеуніктері кірді. Мемлекеттік кеңестің он министрі оған басшылық жасап, әкімшілік, қаржылық жэне әскери органдарды қадағалады. Мемлекеттің басқару жүйесінде хан кеңсесі ерекше орын алды. Ол хатшылар мен көшірушілерден түратын. Оны ұлы ұлық-бітікші басқарды. Жаулап алған жерлерде әкімшілік және әскери билікті көшпелі басқарма жүргізді. Ол жоғарғы орган болып есептелінді. Жергілікті билік басшылары чингизиттер мен түменбасылардың қолында болатын. Оларды қаған тағайындады. Олар удельдерде әкімшілік жэне әскери иелікті өз қолдарында шоғырландырды. Кейбір аймақтарда қаған тағайындаған жарғышы (джаргучилер) сот билігін іске асырды. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты қызметтердің бірі пошта (байланыс жүйесі) жүйесі болып саналды. Империяның барлық басты-басты орталықтары Ям (пошта бекеттері) деп аталатын байланыс жүйелерімен, бір-бірімен қарым-қатынас жасап отыратын. Әрбір бекеттерде 20-ға жуық үлақшы -жаушылар болды. Олар байланысқа қажетті жүйрік
63
жылқылармен, азық-түлікке паидаланатын малдармен қамтама-сыз етілді. Бекеттер арқылы билік иелерінің тапсырмалары, арнаулы құжаттар және империя территориясын билеп жүрген хан өкілдері мен шенеуніктерге жол ашатын қозғалыс жүйелері
қалыптасты.
Моңғол мемлекетінің әкімшілік-территориялық жүйесі болса хандар билеген негізгі төрт ұлысқа немесе жұртқа бөлінді. Моңголдардың негізгі өз жерлері жүрт саналып, ол Шыңғыс ханның кенже үлы Төленің үлесіне тиді. Қазақстан территориясы (Жетісудан басқа), Төменгі Поволжья, Солтүстік Кавказ, Қара теңіз даласы мен Оңтүстік Арал Жошы ұлысына қарады. Ал, Жетісу Қашқария жэне Орта Азия Шағатай үлысын қүрады. Бұрынғы керей, найман және ұйғыр мемлекеттері Үгедей ұлысы құрамына кірді. Кейін Иран территориясы мен Таяу Шығыста Хулагу ұлысы немесе Елхан мемлекеті қалыптасты. Ірі Үлыстардың территориялары өз кезегінде ұсақ-ұсақ ұлыстар болып бірікті. Олардың үш түрі болды. Бірінші, Шыңғыс хан тұқымдарының иелігіндегі ұлыстар. Олардың құрамында 10 мыңға жуық отбасы бар еді. Екінші, хан тағайындаган Темник (түменбасы) басқаратын Түмен ұлысы. Олардың тұрғьшы екіден он мың отбасына дейін есептелді. Үшінші, жергілікті тұрғындардан тұратын және даругашылар билігіндегі отырықшы ұлыс болды. Оларды жергілікті билеушілер билегенімен, олар моңғол билеушілерінің қатаң кадағалауында тұратын.
Әрбір түмен әкімшілік қана емес сонымен бірге әскери округ болып саналды, егер соғыс бола қалған жағдайда Түменбасы бастаған 10 мыңдық әскери корпус дайындалатын. Түмендер мындыққа, мыңдық жүздікке, жүздіктер ондыққа бөлінді. Олардың алдыңғы екеулерін хан тағайындады. Ал жүздікті - түменбасы, ондықты - мыңбасы тағайындаган.
Моңғол империясында салық жасау жүйесі ерекше маңызға ие болды. Жеке-жеке үш салық мекемесі құрылды. Оның біріншісі Қытайдағы Яньцзинде, екіншісі Орта Азия -Амудария аймағында болып, одан кейінгісі Жетісу, Қашқар жэне Бесбалық территориясының аймагын қамтыды. Салықтың негізгі бөлшегі шаруашылық- үй болып есептелінді.
Империяның көшпелі халқы жылына мал басына бір процент көлемінде - копчур, сондай-ақ, әскери салық - тағар,
64
төтенше салық - аваиз салығын төледі. Отырықшы халық жер салығы - харадж салығын беріп отырды.
Моңғол империясының құқықтық жүйесі әдет-ғұрып, рәсім, салтқа негізделінді. Моңғолдардың ойынша олардың құқық нормалары әлемдік заңдарға сай, қоғам үндестігін сақтауға кепіл беретін бірден бір құқық нормасы болып есептелді. Әлемдік заңды жер бетінде насихаттаушы қаған болып саналды. Сондықтан да, ол империяның заң жэне сот билігіне иелік етті. Шыңғыс ханның кезінде Яса немесе Жасақ заңы қабылданып, ол қоғамдағы жаңа саяси-әлеуметтік қатынастарға сәйкес келді. ¥лы Қағаннан кейін Жасақты мұрагер ретінде қабылдап және сақтаған оның ұлы Шағатай еді. Сонымен бірге, империяда жоғарғы сот-төреші қызметі Яргу, джаргулугсан және судьялар - джаргучилар болды. Соттар -яргу мен қадилер үстем тап, ауқатты адамдардың мүдделерін қорғап, солардың жыртысын жыртты. Сот ісі жөнінде арнайы
диуан-яргу де болған.
Шыңғыс ханның Ясасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі, билік - Шыңғыс хан айтқандарының басын біріктірген жинақ болуымен бірге моральдық-нормативтік түрдегі мемлекеттік құқықтың негізгі нормалары болып есептелінді. Екінші бөлімі, Жасақ атанып, ол қылмыстық құқық нормаларын жинақтап, діни тыйымдарды біріктірді. Жасақтың бастынормалары қатарында әскери ұйымдар мен тәртіптерді және соғыстан түскен түсімдерді бөлетін зандылықтар болды.
Жалпы, Шыңғысхан құрған мемлекет жэне оның мұрагер-лері билеген мемлекет XIIIғасырдың бірінші жартысындағы қысқа уақыт ішінде элемдік империяға айналып, бір орталыққа бағынған билік жүйесін қалыптастырды. Сондай-ақ, ол орталық пен шет аймақтарды жэне мемлекеттік идеологияны тең құқықты дәрежеде ұстамаса да негізгі үш діңгекте ұстады: басқаруға Шыңгыс тұқымдарының ғана құқығы болды; бүкіл көшпенділердің бірігуі қажеттілігі және бүкіл әлемдегі мемлекеттердің көшпенділер билігінде болуы. Соган қарамай империяның кейбір бөлшектерінің аралары алшақ болуына байланысты басқару билігі басындағылардың арасында қарама-қайшылықтар туып, империя ұлыстарын элсіреуге экеп соқтырды.
65