
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
IXғасырда бірнеше тэуелсіз мемлекеттер пайда болып, олардың мемлекеттік жүйелерінде Орталық Азия және жсргілікті жерлердің дэстүрлері араласып, бір-бірімен кірігіп кетті. Бұл қимақ қағанаты мен қыпшақ хандықтары еді. Солтүстік, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарын мекендеген Түрік мемлекетінің ішіндегі империялык атақ-дәрежеге ие болғандардың ең күштісі Қимақ қағанаты болды. 656 жылы Батыс түрік кағанаты күйрегеннен кейін оқшауланған Қимақ (кейдекимек) тайпасы басшысының "шад-түрік" атағы болған. "Шад" және "түрік" деген атақтар түріктерге кеңінен таныс, ол ертедегі руналық жазбаларда да бар. 840 жылдан бастап оның билеушісі болып "Жабғу"(ябғу) деген атақ алды. Xғасырдың басында Қимақ мемлекетінің күшеюі және оның құрамына өзге де түрік халқының қосылуына байланысты жабғу қаған (хақан) деп атала бастады. Қаған-хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Бізге жеткен кейбір құндылықтарға қарағанда онда он екі удель билеушілері өмір сүріп, олар әскер басшы эрі өзінше саяси мәселелерді шеше алатын билікке ие болған. Сондай-ақ, араб жазбаларына карағанда қимақтарда сарай министрлері - хаджибтер және уэзірлер болған көрінеді. Ал енді, қыпшақтардың мемлекеттік аппаратына келсек, оларды алдымен хан немесе ұлы хан билеген. Билік мұра ретінде атадан балаға алмастырылып отырған. Басқару аппараты хан ордасында жүргізілді. Оның басты қызметі хан (мемлекет) мүліктеріне және әскерге иелік ету еді. Хан әскери жэне азаматтық билікті қолында ұстап, оларға айналасындағы кеңесшілері арқылы билік жүргізді. Ханның тұрағы Орда деп аталды. Ханнан басқа кыпшақтардың басын біріктіретін ірі-ірі шенеунік, ақсүйектер - тархандар, баеқақтар жэне бектер, югурлер болды. Сондай-ақ, қыпшақ ханының ордасында іс-қағаздарын жүргізуші де болатын. Ал, Қимақ қағанаты төрт облысқа және он екі удельге бөлінді. Оларды парсы
53
жазбалатзында төмендегідей салалап белгілейді. Бірінші, Иагсун-Иасу Ешім мен Ертіс арасындағы Барабин даласынан бастап Обтан батысқа қарай жайлаган жерлер. Осы жерде қағанаттың орталығы жэне оның жаңа жэне ескі екі астанасы болды. Екінші, Қырқырхан-Шыгыс жэне Орталық Қазақстан-дағы Ертіс өзенінен бастап Балқаш пен Алакөл өзендеріне дейінгі аралықтар, оған Қарқаралы, Шыңғыстау, Тарбағатай таулары қосылады. Үшінші, ішкі қыпшақтардың Орталық Қазақстанның Оңтүстігінде Шу және Талас өзендерінің төменгі жақтарын алып жатқан жерлер. Төртінші, Оңтүстік Орал және Торғай далаларын алып жатқан сыртқы қыпшақтар.
Қимақ қаганатының орнына келген Қыпшақ хандыгында әкімшілік бөліну басқаша болды. Ол дәстүрлі әскери-әкімшілік жүйесімен қалыптасты. Әрі орасан үлкен территорияны алып жатқан халық (этнос) ретінде қалыптасты. Бұл хандық екі қанатқа бөлінді. ХІ-ХІІ ғасырларда қыпшақ бірлестіктері екі бір-біріне тэуелсіз одақ болды, олар Батыс (Волгадан Батысқа қарай) және Шығыс (Қазақстан территориясында) еді. Олардың соңғысы екі қанатқа бөлінді. Хандық орталығы Торғай дала-сында тұрды. Оң қанаты Қазақстанның Батыс аймақтарын қамтып, орталығы Оралдың төменгі жағында болды. Сол қанаты Сырдария, Орталық жэне Шығыс Қазақстан территориясында орналасты. Сол қанатының ордасы Сырдарияньщ бойындағы Сығанақ қаласы болды. Оның әкімшілігінің негізгі бөлшегі әскери-потестарлық бірлестік - "тайпа" еді. Батыс Қыпшақ одагында оның саны 11 болды. Ал, ИІығыс қыпшақ хандығына 16 әскери-потестарлық бірлестік енді. Ол Огыз мемлекетінің әкімшілік бөлінуіне ұқсас еді. Әскери-потестарлық бірлестік "ел" немесе мемлекет аталып, көптеген ұсақ аймақтардан құралды. Қыпшақ даласы "Дешті-Қыпшақ" аталды. ХІІ-ХШ ғасырларда қыпшақтар мейлінше күшті ел ретінде танылды.
Қимақ және Қыпшақ мемлекеттерінің егемендігі мен халықаралық құқық субъектілігі. Парсы жазбаларының айтуына қарағанда Қимақ ханы ең ұлы хандардың бірі болып саналады. Ал Xғасырдағы араб авторлары болса, түркі мемлекетіңдегі ең қүдіреттілерінің бірі қимақтар деп санады.
XIгасырда Оғыз мемлекеті өмір сүруден қалып, олардың жерлері қыпшақ хандығына қосылады. Сондай-ақ, ІХ-ХИ гасырлар аралығындағы Қазақстан территориясын мекендеген
54
қыпшақтың мемлекеттік бірлестігінің қүдіреті талайды еріксіз таңқалдырды. Олар бір орталыққа бағынған мемлекет жүйесін қүрмаса да Еуразия кеңістігінде өзінше бір мықты әскери-саяси күш болып қалыптасты. Қыпшақ хандары орыс князьдарымен тығыз қарым-қатынаста болып, Византия, Грузия, Хорезм жэне Қарахан мен Қара қытай мемлекеттерімен тығыз байланыс жасады.Дипломатиялық қатынастың басты бір белгісі динас-тиялық - некелік байланыстар болды, ол саяси-әскери жэне экономикалық одаққа бірігуге итермелейтін бірден бір негізгі күш еді. XIIғасырдың аяғында Шығыс-қыпшақ одағының сол қанаты күйреп, өзінің егемендігін жоғалтады да Хорезмшах мемлекетінің билігіне көшеді. Қимақ және Қыпшақ мемлекет-терінің құқық және салық жүйесі туралы бүгінгі күнге мәлімет өте аз жеткен. Соған қарамай мемлекеттік қазынаны толықтырып отыратын байлық көздеріне қарағанда оларда салық жэне қүқық жүйесі жақсы жолға қойылғаны байқалады. Мысалы, Қимақ қағанаты өз елінде шығарылатын алтыннан өзінің "міндетті үлесін" алып отырган және оларды жүргізетін салық жинаушылар болған. Егер салық төлеуден бас тартқандар болса, онда оған күшті қол жіберіліп, олар қатаң жазаланатын. Мемлекеттің басты міндеті қүқықтық нормалар жасау болып саналады. Мысалы, қыпшақтардың эдеттегі қүқында төрелердің рөлі ерекше болған. Сондай-ақ, сот жэне соттық шешімдер қыпшақтарда жарғы деп аталған. Міне, осылар арқылы жер және мүліктік талас-тартыстар мен қылмыстар, басқа да қүқық бүзушылық қатаң жазаланып не эшкереленіп отырды.