
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§4. Қарахан мемлекеті
Xғасырда Еуразия картасында жаңа мемлекеттік құрылым пайда болды. Оның саяси жэне құқықтық жүйесінде түрік жэне жаңа мұсылмандық элементтері тығыз араласып, бір-бірімен ьайланысты еді. Бұл мемлекет ҮШ-ІХ ғасырлардағы Жетісу оңірін мекендеген қарлұқ бірлестігінің негізінде калыптасты. Ол і ылым тілімен айтқанда Қарахан мемлекеті деп аталды. Бұл династияны қалыптастырушы 840 жылы қаған атағын алған қарлұқтық Білге-Күл Қадыр-хан жабғы болатын. Ол Жетісу аумағы және Қашқардың бір бөлігінде әлеуметтік-қоғамдық қү.рылымы дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттердің әлеумет-гік-қоғамдык жэне саяси институттарын бойына табиғи түрде жинақтаған мемлекетті басқарды. Оның немересі Сатұқ-Ьоғрахан 969 жылы ислам дінін қабылдап, оны мемлекеттік дін ретінде жариялайды. Жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасады да, Қарахан мемлекетінің басқару жүйесінде мемлекет басшысы қаған болып есептеліп, ол Тамгач-хан, Арслан Қарахан немесе Богра Қарахан дәрежесін алады. Одан кейінгі мемлекеттік аппараттағы билік басқышы жеке удельдіктерді билеушілер -Лрслан-хан, Боғра-хан немесе Арслан-тегін және Богра-тегін деп аталды. Келесі басқыштардагы билік билік жүргізуші династиялардың өкілдерінің колында болды. Олар хақанның басты кеңесшісі жэне удельдік хандар мен жогаргы биліктегілердің арасын байланыстырушы ұлұг-хаджиб, әскери басшы - сипахсалар, мұсылмандардың рухани басшысы -халиф, бас төреші - қазы жогарғы шенеуніктер - жабғу, капуг басшы, торғұл, чигир, инанчбек, сагун, йиркан, йига
болды.
Келесі мемлекеттік аппарат басшылықтарында югуруштер, гуркисиндер, хаджибдер, ялввочтер, қазы-әскерлер болса, бесінші категориядағы шенеуніктер қатарына сюбашы, пардачи-башы, битукчи, қазынашы, казибек жэне мухтасибтер болды. Жалпы, барлық шенеуніктердің тұтастай атын тапұқшы дейтін.
Қарахан мемлекетінің аппаратында кеңселік (канңелярия)
жүйе - диван болып, ол эр түрлі мемлекеттік жүйелер
салаларымен байланысты еді. Барлығы 10 диван болған. Бірінші
- уэзір диваны, екінші - қазынашы диваны, үшінші - мустафи
диваны (салық мекемесінің бастығы), төртінші - сыртқы істер
49
диваны, бесінші - гвардия басшылары диваны, алтыншы -қазынаның кірісі мен шыгысын бақылайтын, сонан соң басқа да қаржы істері, мемлекеттік иеліктерді қадағалайтын диван, жетінші - дін дәстүрі мен рэсімдерді сақтайтын қолөнер бұйымдары сапасын бақылайтын және базарларды қадағалай-тын бақылаушылар диваны, сегізінші - діни ұйымдардың мүліктерін басқаратын мекеме шенеуніктері мен сот-төрешілер диваны, тоғызыншы - пошта бастығы диваны, оныншы -жергілікті билік иелерін қадағалайтын құпия диван.
Жергілікті билік далалық аудандардағы елші басшы, яғни ел басы, тағы сондай ел басшылары көшпелі қауымдастық-тардың әскери-потестардағы билеушілер болды. Ал отырықшы аймақтардағы билік ауылдық жэне қалалық басшылар -хакімдер мен мехтарлардың жэне райс-старостарлардың қолын-да еді. XIIғасырдың алғашқы жартысында Жетісу территориясы қара қытайлардың басқаруына көшті. Олар моңғолдан тараған халықтарға жататын. Соған қарамай мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер бола қойған жоқ. Қара қытайлардың жогаргы билеушісі Гурхан деп аталды. Елхандар, тегіндер жэне жергілікті билеушілер өздерінің биліктерін сақтап қалды. Қарахан мемлекетінің әкімшілік жүйесі удельдік жүйелер басшылығымен айқындалатын. Ол қарлұқтардан мүра боп қалған еді. Мемлекет екі иелікке бөлінді. Оның шыгысы Жетісу жэне Шығыс Түркістан территориясын алып жатты. Орталығы Баласағүнға жақын Орда (Күз-Орду, Қара-Орду) болды. Ал батыс иелігі болса Сырдария мен Амудария өзендерінің территориясын жайлап, оның орталығы Үзгент, кейін Самархан болды. Өзара қырқыстардан кейін 1040 жылы аталған мемлекет күйреп, шығыс жэне батыс қағанаты құрылды. Олар бір-біріне тәуелсіз еді.
Мемлекет бірнеше ірі және шағын удельдерге бөлініп, оны билеуші династия өкілдері басқарды. Ірі шығыс қағанатының орталығы Баласағүн болып, оны Қараханның өзі биледі. Ал Тараз бен Испиджабта "Ілек" хан (үлестік билік иесі ханды ілектер) билік етті. Бүл удельдіктер ұсақ иеліктерге бөлінді. Оларды билеушілер өздерінің ішкі жэне сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз болды. "Ілек" хан өзінің басқару аппара-тымен бірге орталық билік органдарын қайталаушы өз әскері болып, өз атынан тиындар дайындайтын. Сондай-ақ, хакімдер
50
мен бектердің жэне ел басшыларының өкілеттігі де кең еді. Гіпті кей-кездері олар өздерінен жоғары билік иелеріне багынбай, өзді-өздерімен де қарулы қақтығыстарға барып отыр-ды. Сойтіп, Қарахан мемлекетіндегі мемлекеттік жүйе бюро-краттық аппараттың дамуьшен үндесіп, билікті қадағалайтын жүйенің барлық саласындағы биліктер де бытыраңқылыққа үшырап жэне әкімшілік бөлшектері автономияландыруға экеп соқтырды. Міне, осындай қайшылықтардан кейін Қарахан мемлекеті XIIғасырда күйреді.
Қарақытай билеген Гурхан әкімшілік жүйесінде Жетісудағы билік оншалықты өзгере қойған жоқ. Қарақытай билеушілері удель биліктеріне өз адамдарын қоймастан бұрынғы билеу-шілерді орындарында қалдырды. Сөйтіп Гурханның ордасы Жетісудағы мемлекет жүйесінен тыс түрды. Қарақытай билеу-шілері мен жергілікті удель хандарының арасын байланыс-тырушылар наместниктер болды. Олар эрбір ірі қалалар мен удельдерде тағайындалып, олардың міндеті салықтар жинап,
оны ордаға жеткізу еді.
Қарахан мемлекетінің егемендігі мен халықаралық құқық субъектілігі. Білге Күл Қадыр хан иеленген қаған дәрежесі Жетісу түріктерінің мемлекеттік статусының тэуел-сіздігін анықтайтын. Қарахандықтардың исламды қабылдауы оларды халықаралық құқық жүйесіне ендірді. Ол шариғатқа негізделген еді. Сонымен қатар Қарахан мемлекеті Саманид, Сельжук, Газневи державаларымен байланыс жүргізді. Сондай-ақ ол Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы мұсылман емес халықтармен қақтығыстарға барды.
Қарахан мемлекетінің қаржы және салық жүйесі дұрыс жолға қойылған болатын. Мемлекеттің орталық аппараты мен Ілек-хан (ханды іліктер) ордаларында салық жинауға жауап беретін шенеуніктер - мустауфалар болды. Ал отырықшы жүртшылықтан харадж алынып, яғни астықтың оннан бірін салыққа жинайтын. Үсталар мен көпестер сауда қүқына ие болу
үшін салықтәлейтін.
Қарахан мемлекетінің салық жүйесіндегі ерекшелігі - ол Ихта институты болды. Жеке түлғаларға мемлекет беретін салық жинау қүқы солай аталды. Оларды кейде ихтадерлер немесе мүхта дейтін. Бүл жерде ихтадарлықтарға салық мөлшерін көтеруге рүқсат берілмейтін немесе Ихтал
51
тұрғындарына қысым жасамайтын. Мұндай жағдайлар билеуші
династиялар, шенеуніктерге, әскер басшыларына жасалды.
Ихтаның кең тараған формасы ихтат-и-хашам - әскери ихта,
яғни ихтадерлерге әскери қызмет кезінде жасалатын жағдай еді.
Қарақытайлықтар Ихта институтын қысқартып, салық
жүйесін күшейтті. Сөйтіп, Жетісу өңірінің тұрғындары жаңа
салық үй басына бір динардан төлейтін болды. Салық жинаумен
Гурханның наместниктері айналысты. XIIғасырдың ортасында
салық саясаты күрделеніп, қарақытайлар өздеріне қарайтын
тұрғындарды қатты қыспаққа алып, көшпелі қауымдар
отырықшылыққа күштеп кошірілді. Ол жер салығы "харадж"
салығын арттырды. Бұл саясат жергілікті тұрғындардың ашу-
ызасын келтіріп, қарақытайлар мемлекетінің әлсіреп, ақыры
оның күйреуіне экеп соқты.
Қазақстандағы құқықтың даму барысында Xғасыр ерекше бір кезең болып саналады. Исламды қабылдаған Жетісу және Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде жаңа құқықтық жүйе мұсылмандық немесе шариғат қалыптасады. Шариғат -заңдық нормалардың жиынтығы, эрі іс-эрекет ережесі мен қағидалары болып саналады. Құқықтың негізгі көзі - Құран мен Сунна. Шариғат бойынша құқықтың төрт түрі болды. Бірінші, эрбір адам құлшылық етіп, мойындайтын Алла билігі, екінші, жеке тұлға құқығы, үшінші, айналадағы адамдар құқығы, төртінші, құдай жаратқан барлық нәрселердің құқығы. Бұл исламның негізі. Мұсылман құқығында бірнеше құқықтық мектептер немесе мазхабтар болды. Қазақстанда орта ғасырларда ханифийлер мазьабы (түркі әлемі "Имам Ағзам" деп атайтын Әбу Ханифа мазьабы) кеңінен тарады. Оларға адатгы (әдетті) пайдалануға тыйым салынбады. Ол исламның тара-луына ешқандай кедергі жасамайтын. Фикх саласындағы басты бедел болып саналатын адам муфти болды. Соттық қызметті қазылар атқарды. Мұсылмандық құқықтың енуі әдеттегі құқыққа қарағанда тиімді еді. Бұл кезең ислам Ренессансының кезеңі болды. Сол кездегі мәдениет пен ғылымның, сондай-ақ құқықтанудың дамуы ерекше өсті. Сойтіп, ислам бұл жерде діни идеялар мен іс-эрекеттердің жиынтығы ғана болып қалмай, біріншіден бойына философиялық кұқықты сіңірген филосо-фиялық жүйе болып қалыптасты. Яғни, құқық алгашқы рет осылайша ғылымға айналды.
52
Осылайша, Х-ХІІ ғасырларда мемлекет және құқық Жетісу оңірінде ерекше өзгертулерге ұшырап, Орталық Азия дәстү-рімен Алдыңғы Азиялық жаңартулар арқылы түркі-мұсылман мемлекетінің құқықтық жүйесі қалыптасты.