
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§3. Оғыз мемлекеті
VIIIғасырдың аяғында Оғыздар немесе теле тайпасы Жетісу территориясына ауып келіп, кейін қарлүқтардың қысы-мымен Батысқа қарай кангрестердің жеріне ысырылады. Қаңлылар (кангюй) (кангрестер - византия жазбалары бойын-ша) Сырдария бойындағы қалалар мен оазистерді барынша қорғап бақты. Бірақ қимақтар, оғыздар мен қарлүқтардың біріккен күиггері арқылы ол қарсылықты күйретті.
Қаңлылардың отырықшылық жермен айналысатын
45
өркениеттілігіндегі қалалық сауда өз егемендігін жоғалтып, жаңадан қалыптасқан оғыз мемлекетінің бір бөлшегі болып қалды. IXғасырдың басында қарлұқтар Сырдария өзенінің жоғарғы жақтарын жайласа, ал оғыздар оның орта және төменгі бөлігін иеленеді. Ал қаңлылардың (кангю) көшпелі тобы батысқа қарай жылжып Волга мен Орал өзендерінің бойларын жайлап, кейін "печенегтер" атымен аталатын рулар федера-циясын құрайды.
Ал оғыздар болса, өздері жаулап алған территорияларда өздерінің басқару аппаратын құрып, бірте-бірте Иран тілді отырықшы ел басын біріктіретін бірлестік пен жаңа мемлекет құрайды. Олардың көшпелі билік салаларын түрік тілділер басқарды. Сырдарияның төменгі жағындағы далалық шекара-лары мен оазистерінде оғыз билеушісінің қарамағындағы жаңа мемлекеттің басын біріктірген Янгикент (Жаңакент) немесе Жаңа Гузия орталығы ашылды. Мемлекеттік билікті ашиндер-ден тарайтын жабғу (ябгу) атақ дәрежесі бар билеушілер иеленді. Оғыз жабғуларының "кул-еркіндер" деген атақтары бар кеңесшілері болып, олар ақыл-кеңес беріп отырды. Жабғу билігі ресми сайланғанымен мұраға қалатын. Жалпы билеушілер кеңестерде сайланды. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атады.
Оғыздар өздерінің жаулап алған территорияларын асқан жылдамдықпен кеңейте бастады. IXғасырдың орта шенінің өзінде Арал мен Каспий теңізінің аралығындағы территория-ларды бақылауға алып, Хорезмді, сосын Орал өзені бойыидағы печенегтерді өзеннің арғы бетіне ығыстырып, Xғасырда Батыс Қазақстанның бүкіл территориясын Еділ (Волга) өзеніне дейін жаулап алды. Сөйтіп, оғыз мемлекеті қүрылды.
Оғыздардың қогамдық және мемлекеттік құрылымы. Оғыз мемлекетінің территориясы екі категорияға бөлінді. Олардың біріншісі отырықшылықпен айналысқан қауым болды. Олардың әкімшілік жоғарғы биліктерін негізінен оғыздар қүра-ды. Ал екіншісі, көшпелі шаруашылықтармен айналысқандар
еді.
Оғыздар 24 тайпадан құралды, бұзұқтар және ұшұқтар деген екі қанатқа бөлінді. Әрбір қанат 12 тайпадан түратын, олар "бой" атанатын. Ал "бой" болса, өз кезеңінде "оба" - ру жэне "көк" - тамыр деп бөлінді. Оғыздар бұған қоса ұрұғтар мен
46
аймақтарға бөлінген. "¥рүғ" терминімен рулық бөлімшелер мен патронимия қүрайтын атақты тұқымдар мен эулеттер аталған. Қоғам болса мүліктік жағынан эр түрлі топтарға бөлінді. Копшілік топты құрайтын еркін көшпенділерді "Ерлер" (эры) -сркектер біріктіретін. Олар өз биліктері өзінде, арнаулы өз шаруашылықтары бар отбасы иелері болып саналды. Сонымен қатар кедейленген, өздерінің шаруашылықтары жоқ қоғамдық кдтынастардан тыс қалған гарапчи жэне иоксулдар тобы болды. Сондай-ақ жатақтар (яіуки) - жерге иелік ететін, жер іиаруашылығымен айналысатын өзіндік қоғамдық құрылымы бар кедейленген оғыздар болды. Қоғамның жоғарғы биліктерін бектер, яғни ру ақсақалдары мен байлар, нақтылай айтқанда мал иелері, эмірлер, сардарлар иеленді. Жоғарғы мемлекеттік институттарды жабғу, хандар мен ел билері басқарды. Соңғы екі лауазым дәрежесін алу үшін ерекше жүйенің керегі жоқ болатын. Олар аймақтық биліктерді ғана басқарды. Барлық срікті бектер, ерлер мен басқа билік иелері өз шаруашы-лықтарында құлдар үстады. Олар өздерінің атқаратын қызмет-іеріне сай "гулямдар" жэне "чакирлар" (күзетшілер) болып
болінді.
"Оғыз" ежелгі түрік терминологиясында одақ белгісін
Смлдіреді. Аталған мезгілде теле руларының одағы "түрік елі"
деген екінші қағанатты қүрып, олар 24 тайпадан да көп болды.
Оғыз бірлестіктерінде, ол мейлі қарлұқ, ұйғыр басмылдар
немесе басқа этностар болсын бек, тайпалық ақсақалдар дэстүрі
күшті еді. Бірлестіктің негізгі саяси жағдайларын осы топ билеп
төстеді. Ал жабғулар билігі шектеулі және белсенді болмайтын.
Тұтастай алғанда бектер біріктіруші күшке ие болумен бірге
оскерлерді басқарып, би жоғарғы төрешілер қызметін атқарды.
Бектер тайпаларды билеп қана қойған жоқ, сонымен бірге
жабғулардың тапсырмасымен жекелеген облыстарда билік
жүргізді. Мемлекеттік қызметтегі эр түрлі жүмыстарды атқара-
тын бектерді тархандар дейтін. Олар бектердің бегі атанып,
мемлекеттік әскерлердің оң жэне сол қанаттарын басқарды.
Аталған қызметке өзінің әскери қабілетін жан-жақты көрсеткен
адам тандалып алынды. Олардың өзінің қарамағындағы бағы-
нышты адамдарга бұйрық беріп, жазалауға құқы болды. Ал,
соғыс кезінде оның билігі кеңінен болатын. Жабғудың негізгі
комекшісі, кейбір жағдайларда өкілі болып күл-еркін сайланды.
47
Заң шығарушы билік "кандас" (кандаш) - халық жиынында болды. Олар жаңа жабгуды сайлауға, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді жэне саяси мәні бар мәселелерді бекітуге құқылы болды. Сонымен бірге жабғудың жанынан құралған кеңестің
рөлін атқарды.
Сарай өміріндегі жоғары билікті жүргізуде тақ мұрагері -инал болды, иналды бағып қагатын - атабектер, сонымен бірге билеушінің бәйбішесі - қатын ерекше орын алды.
Бастапқы кезде Сырдария жабғуының нақты билігі шектеулі болды және бүкіл оғыз жеріне жүрмейтін. Огыздар террито-риясы кеңейіп және басқа аймақтарды жаулап алғаннан кейіи ғана өзіндік билікке ие шаруашылықтар тобында болды.Елдің ішкі жағдайының күрделенуіне бірден бір себеп болған жай, ол елде ислам дінінің тарала бастауы еді. Ал енді оғыздардың бір тобы болса бұрынғы тәңірлік дінінде қалгысы келетін. XIғасырдың басында огыздар үлкен үш топқа бөлінді. Батыс Қазақстан оғыздары орталықтан бөлек болып, оны күл-еркіндер (коль-эркин) биледі. Бұл топта археологиялық ізденістен кейін байқалғаны исламның белгілері аз екендігі анықталды. Орта-лықпен болған қақтығыс және олардың қыпшақтан жеңілуі -оларды Русь және Византия шекарасына шегінуге мәжбүр етеді. Ал оғыздардың исламды алгаш қабылдаған тайпалар Санжар сұлтанның бастауымен салжұқтардың қозғалысымен бірігіп Жаңакенттегі тақ таласына араласты. Ал енді, оғыздардың үшінші тобы жабғулар, оларды қоршағандар мен тайпалар тақты қолдай отырып, араб миссионерлері арқылы исламды қабыл-дады. Сөйтіп, бұрынғы атақ-дәреже жаңа мұсылмаы әлемінен келген сұлтандықпен алмасады. Салжұқтармен болғаи шайқаста көне династияның өкілі сұлтан Шахмәлік қайтыс болады. Үзамай оғыз-түркімендер (ислам дінін қабылдаған оғыздар мен қарлұқтарды солай атаған) қыпшақтардан күйрей жеңіледі. Ал, 1142 жылы салжұқтар моңғол тілді қарақидандықтардан соққы
алады.
Сөйтіп, Амударияның төменгі жағында жаңадан құралган қараханид Хорезм шахы мемлекеті мен кыпшақтар бұрынғы оғыз территориясын бөліп алды. Бұрынғы этностардан аман қалғаны Үстірт Түркімендері хорезм құрамына кірді.
48