
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
Батыс Түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісу өңірінде үстемдік орнатуға үмтылған Қытайдың императорлық әулетінің әскери-саяси әрекеттері қаған билігін әлсіретіп, тіпті
42
Г>сртін келе оның атының өшіп қалуына ықпал етті. Нэтижесінде іарихта Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ) бастаған түркештер пайда болды. Мүның бэрі бір кездегі "Он оқ" қүрамына кірген тайпалардың бүрынғыдай қаған атынан емес, өз қимыл-әрекеттері арқылы мінез көрсете бастауларынан еді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы і ибеттіктермен одақтаса отырып Шығыстағы Қытай әскеріне қатты қарсылық үйымдастырып Жетісудағы Нүзүқ-Еркін, түргеш Чықан және үлық-оқ тайпаларының басшысы бастаған гайпалар Суяб бекінісін қоршауды үйымдастырған деген де шежірелерде жазбалар бар.
Аталған аймақтың халқын басу үшін түрік Хусэлоның
бастауымен әскери күш үиымдастырылып, үлкен жорыққа
озірленеді. Бірақ ол жоғарыда айтқанымыздай, Баға-тархан
(мөге-даган) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ) бастаған түргеш-
гер еді. Қағанаттың сол қанатьшың қүрамына кіріп, халқы көп
саналатын түргештер VIғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралын-
дағы кең байтақ алқапты алып жатты. Сонымен бірге олар
Жетісу керуен жолдарының көбін өз бақылауында үстады.
Сөйтіп, түркештердің ықпалы бірте-бірте аталған аймақта артып
қана қоймай, оларға бағынышты тайпалар саны да арта түсті.
Үшлік өздері иеленген жерлерде әрқайсысы 7000 адамнан 20
түтіктік қүрды. Сөйтіп, Шудың солтүстік-батысындагы өз
ордасын Суябқа кешіріп, оны Үлкен орда деп атады. Сонымен
бірге Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы да болды.
Үстемдік үшін күрес кезінде Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ қүрып, Ертістегі Болушу өзені бойында қатты шайқасады. Мүнда Іігу түргештері, яғни сары түргештер қатты жеңіліске үшырап, қара түргештер жеңіске жетіп, олардың ордасы Таласқа көшіріледі. Қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сүлықты (Сүлу) отырғызады. Сол кездегі қүжаттарға қарағанда Түргеш қағанатында көптеген әлеуметтік өзгерістер болған. Қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. 738 жылы Сүлық қаған өлгеннен кейін, күрес-жанжал өзінің шарықтау шыңына жетті. Шежіреде жазылғандай, түргеш қағанатында "Сөгенің" (Сақалдың) үрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сүлу (Сулуқ) үлысын қара рулар (қара түргеш) деп
43
атайды. Олар бір-бірімен жауласады, біріне-бірі сенбейді. Осылайша Қағанаттың ордалары Таласта және Суябта болған қара түргештер мен сары түргештердің бөліну жүйесі қалыптасады. Алайда,ҮШ гасырдың 40-жылдарынан бастап, бүл принцип іс жузінде сақталмайды. 756 жылы түркештерді қарлүқ тайпалары басып алады.
Қарлұқ қаганатына келсек, қарлүқтар ежелгі кезеңде Алтайдың ең ірі бүлақ, шегіл (чегиль) және тэшіл (ташиль) уш руларын біріктірген "үш оғыз", "үш қарлүқ" атымен белгілі. Бул бірлестік VIIIғасырдың басында екі түрік қағанатында қалыптасқан. Бірлестікті алғашқы кезде ашин үйінің ханшалары басқарды. Оларды қарлүқтар "жабгу" (ябгу) немесе "елтебер" деп атайтын. Соған қарамай бірлестіктегі билік рулық бектерге тиесілі еді. Олар ашиндардың арасындағы үш оғыздардың билігі кімде болуы керектігін шешетін. Бектердің қысымымен қарлұқтар шығыс түрік еліне немесе сонда көтерілістер жасауга қатынасатын.
744 жылы Ішкі Азияда Ұйғыр мемлекеті құрылып, қарлүқтар Алтайдан Шығыс Түркістан территориясына ығыстырылды. Кейін VIIIғасырдың аяғында олар үйғырлар қысымына түсіп Жетісуға қарай шегінді. Сонымен бірге қарлүқтар қытайлармен күресіп, Батыс өлкеде арабтармен, түргештермен қақтығыста болды (Шығыс Түркістанда).
756 жылы түргештердің күйреуіне көзі жеткеннен кейін қарлүқтар Жетісуды түпкілікті мекендеді. Міне, сол жылдан бастап, оларда мемлекеттік билік институттары қалыптаса бастады. 766 жылы қарлүқтар Тараз қаласын бақылайтын дәрежеге жетіп, сол жылы қытайлардан Суяб қаласын жеңіп алды.Бірақ Қарлүқтар Шығыс Түркістанда үйғырлардан жеңіл-геннен кейін, өз биліктерін үстап түра алмағандықтан, сойтіп Тэрім (Тарим) өзенінің бойындағы бай оазиске билік жүргізуден бас тартты. 840 жылы карлұқтар Енисей қырғыздарымен одақтасып Ұйғыр қағанатына шабуыл жасады. Ұйғырмемлекеті Алтайда өмір сүруден қалды. Қарлүқтар Өтекен (Отюкенскую землю) жерін жаулап алып, қарлүқтардың басшысы Білге Күл Қадыр хан өзін 840 жылы қаған етіп жариялады. Өзінің даму кезеңінің шарықтау шегіне жеткен шағында қарлүқтар Жетісу, Ферғана, Тохаристан территориясының едэуір жерлерін қадаға-лауға алды. Соған қарамай қарлүқтар қатаң тэртіпке
44
ніріктірілген бір орталыққа багынған билік пен бір орталықтағы
і>асқару аппаратына қол жеткізе алмады. Бүкіл мемлекет өзінің
даму кезеңінде ірі бес удельге бөлінді. Оның бас қаласы жэне
округі Испиджаб болды. Білге Күл Қадыр хан Тохаристанда да
оилік жүргізді. Кейін арабтар жаулап алған Баласағүн мен
Iаразда қағанның Базыр Арслан хан және Оғүлшак Қадыр хан
деген балалары билік жүргізді. IXғасырдың ортасында үйғыр
қағанаты күйрегеннен кейін қарлүқтар Қашқар округін алып,
оііда көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ірі яғма
рулық бірлестігіне бірігіп қарлүқтардың мемлекетін қүрады.
Қашқарда кағанның немересі Сатүк Богра-хан 940 жылы билік
жүргізді. Ол 960 жылы Исламды мемлекеттік дін деп жариялап,
жаңа мемлекеттік-қүқықтық жүйе қалыптастырды. Әрбір
билеушіде озінің автономиялық фискальдік билік жүйесі болып,
олар салықтарды өз иеліктеріндегі жүртшылықтан жинап,
оздерінің басқару аппараты мен жеке әскерлеріне берді.
Испиджабтағы орталық билікте айтарлықтай бедел болмады.
Кошпелі қарлүқтар өз қаруларының күштерімен соғдылар,
каңлылар, үйсіндер бірлестіктеріне билік жүргізіп отырды.
Мүндай бірлестіктерде сепаратистік бағыт-бағдар өте қатты
дамыған болатын. 840 жылы Саманид мемлекеті исламның кең
етек жайып, оның барынша тарауымен мүсылмандық туы
астында бірігіп, қарлүқтардың бас қаласы Испиджабты (Сайрам)
жаулап алды, ал 893 жылы Тараз қаласын иеленді. Xғасырдың
басында Қарлүқтар бірлестігінде бытыраңқылық күшейді. Мүны
Қашқардың түрік билеушілері тиімді пайдаланды. 940 жылы
Қарлұқ мемлекеті қулады, Қараханидтер Баласағүн қаласы мен
ІІІу аймағын өздеріне бағындырып алды.