
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
ӘЛ-ФАРАБИ атындагы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тэуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқытылатын пэндер мен оларды оқытудың эдіс-тэсілдерін мемлекетіміздің алдына қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бүл Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық пәніне тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы болашақ еліміздің XXIғасыр заңгерлерін дайындауда жэне олардың бойында отанға деген сүрііспеншілік орнықтырушы басты пәндердің қатарынажатады.
Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихы-на арналған оқулықтардың алғашқылары кеңес заманында өмірге келген болатын. Сондықтан да бұл оқулықтарда кеңестік қүқықтану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдердің үстемдік қүрып, оны кеңестік жүйеде қалыптасқан идеология аясында қарастырудың басымдық танытуы зандылық еді.
Ал еліміз тэуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің стра-тегиялық даму бағытына сәйкес келетін бүл бағыттағы окулық-тың қажеттілігі туды. Әрине, еліміз тэуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының эр түрлі мәселелерін тілге тиек еткен еңбектер де, оқулықтар да жарияланып жатты. Өздеріңізге ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихы пэніне арналған дәрістер курсы осы бағыттағы қадамдардың заңды жалғасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихы пәні бойынша оқулықтар жазу ісіне еліміздің көптеген ғалым заңгерлері атсалысқан болатын. Солардың ішІнде академиктер С.З.Зимановты, С.С.Сартаевты, Ғ.С.Сапарғалиевті, з.ғ.к. А.Н.Таукеловті, т.ғ.к. Ғ.Маймақовты, ф.ғ.к. Е.М.Абайдильди-новті т.б. ерекше атап өтуге болады.
Ұсынылып отырган Қазақстан Республикасының мемлекет ж;эне қүқық тарихы пэні бойынша дэрістер курсы Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты мемлекеттік қүрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-қүқықтық
3
құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы жэне Тэуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы негізгі мэліметтерден хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқытудың негізгі мақсаты шәкірттерді еліміздің өткен тари-хындағы мемлекеттік-құқықтық ерекше оқиғалар жэне щбы~ лыстар желісімен таныстыру және олардың бойында отан-сұйгіштікке негізделген таным жүйесін орнықтыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін ұсынылып отырған дәрістер курсында мынадай міндеттер қойылған:
- шэкірттерді Қазақстан аумағында қалыптасқан ірі-ірі мемлекеттер мен олардың құқықтық құрылымдарымен таныстыру;
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік-құқықтық құры-лымдардың дамуының ішкі заңдылықтарын ашуға баулу;
Қазақстанның өткен тарихындағы отарлық, тотали-тарлық жүйелердің тигізген кереғарлық әсерлерін таныту;
тэуелсіз еліміздің болашақтағы мемлекеттік-құқықтық дамуының бағыттарын айқындауға машықтандыру.
Әрине бұл міндеттерді шешу бір оқу құралының аясында мүмкін еместігін түсінеміз, сонда да болса шэкірттердің бойын-да Қазақстанның өткен жолындағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға деген қызығушылықты тудырады деп ойлаймыз.
Біз бұл оқу құралында Қазақстан Республикасының мемле-кет және құқық тарихының негізгі мәселелерін ғана қамти алдық, былайша айтқанда үлкен тоңның бетін сылуға ғана ұмтылдық. Қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған мемлекеттік тілдегі бір ғана еңбектің барлығын ескерсек, біздің оқу құралымызда болашақ шэкірт тэрбиелеу ісінде өзіндік орнын алады деп сенеміз.
Автордан
І-бөлім.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ
ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ПӘНІ,
ӘДІСТЕРІЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІКЕЗЕНДЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы құқықтық пэндер жүйесінде ерекше орны бар, еліміздің өткен күндеріндегі мемлекеттік-құқықтық дамуын жэне оның қалыптасуының ортақ заңдылықтарын ашып беруге қабілетті ғылым бағыты болып табылады. Қазакстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихының алдына қойған мақсаттарына сәйкес өзіндік таным жүйесі бар. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекеттер мен құқықтық жүйелерді ерекше кезендерге бөліп, топтастыра қарастырады.