Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ргр 1 ст.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы

 

Электр станциялары және қосалқы станциялар

№ 1 Есептеу – сызбалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар  (5В071800 – Электр энергетикасы және 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығы бойынша студенттеріне арналған)

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Хожин Г.Х, Кузембаева Р.М., Соколов С.Е №1 ЕСЖ-ға арналған әдістемелік нұсқаулар Алматы. – АЭжБУ, 2013 – 19 бет.

 

 

Бұл жұмыста күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) түрі, саны және қуаты анықталынады және олардағы энергияның жылдық шығыны есептелінеді. Нәтижесінде электр станцияның құрылымдық сұлбасы таңдалынады.

№1 ЕСЖ-қа арналған әдістемелік нұсқаулар 5В071800 электр энергетикасы және 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамассыз ету мамандығы бойынша («Электр станциялары және қосалқы станциялар» пәні) оқитын студентерге арналған.

Без. 2, кесте 8, әдебиет көрсеткіші 11 атау.

 

 

Пікір беруші: техн.ғыл.канд., доцент Башкиров М.В

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің», коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. жиынтық баспа жоспары бойынша басылады. 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті», КЕАҚ 2013 ж.

 

          «Электр станциялары және қосалқы станциялары» пәні бойынша студент №1 ЕСЖ орындаған кезде теориялық білімдерін пайдалана отырып техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, электр станцияларды және қосалқы станцияларды жобалауда студент ЭЕМ (ЭВМ) – ды қолданып жобалау тәсілдерін және әдістемеліктерін үйренеді.

Бұл есептеу сызбалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау студент өзі арнайы пәндердің жұмыстарын немесе дипломдық жобаларды орындағанда қажет. Күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды), құрылымдық сұлбаларды таңдағанда және техника-экономикалық есептерді орындағанда осы әдістемеліктегі нұсқауларға ерекше көңіл бөлінуі керек.

 

1    №1 ЕСЖ-тың мақсаты және есептері

 

№1 ЕСЖ-тың мақсаты студенттердің теориялық білімдерін нығайту және нақты есептерді өз бетімен шығаруды дамыту, сонымен қатар техникалық әдебиеттерді, нормативтік және техникалық шарттарды, және ЭЕМ (ЭВМ) құралдарын дұрыс пайдалануы бойынша тәжірбие алуы болып табылады.

 

№1 ЕСЖ-тың есебі:

1)   Күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) түрін, санын және қуатын таңдау

2)   Трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) электр энергияның жылдық шығынын есептеу

3)   Электр станцияның тиімді құрылымдық сұлбасын техника-экономикалық салыстыру арқылы таңдау

4)   Таңдалынып алынған құрылымдық сұлбаны сызу.

 

2    №1 ЕГЖ-ның мазмұны және көлемі

 

№1 ЕГЖ есептеу-түсініктеме хатынан және электр станцияның сұлбасының электрлік жалғануынан тұрады.

 

2.1 Берілген мәндері

 

№1 ЕГЖ-ты орындауға керекті мәндерді А1 – кестесінен аламыз.

 

Есептеме-түсініктеме хаты

 

Есептеме-түсініктеме хаты нақты 25-30 бет көлемінде және АУЭС стандартына сай (210 х 297) А4 форматы стандартты бетіне жинақты түрде жазылуы керек. Хатта барлық есептеу жұмысы толығымен болуы керек және барысында алынған негізгі параметрлер, сипаттамалар қысқаша көрсетіледі.

 

Есептеу - түсініктеме хатының мазмұны

 

1) Тарату құрылғыларын байланыстыратын күштік трансформаторлардың (автотр-дың) түрін, санын және қуатын таңдау.

2) Таңдап алынған трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) электр энергияның жылдық шығынын есептеу.

3) Электр станцияның тиімді құрылымдық сұлбасын технико-экономикалық салыстыру арқылы таңдау.

4) Таңдап алынған құрылымдық сұлбаны АУЭС стандарты бойынша А4 форматты бетте сызу.