Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогтың кәсіби картасы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.09 Mб
Скачать

Ойын элементтерін пайдалану тиімдігі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі івке асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл – жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет – ақ. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейде көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.

Ойын сабағы

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім.

Сабақтың мақсаттары:

а)Білімділік: Қазақтың халық ойындарын ойнату арқылы ақыл – ойдың дамуына әсер етіп,алған білімдерін ортаға салу, еске түсіру.

ә) Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту. Шығармашылық, ізденушілік, танымдық қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс,ұлттық ойын сабағы.

Сабақтың әдісі:

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз сөз таптарын, оның ішінде зат есіммен таныстық, алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше – ұлттық ойын сабағын бастаймыз. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

- Қазақтың ұлттыұ ойындары: алтыбақан, хан талапай, қыз қуу, аударыспақ т.б.

- Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне жүректері жарыла қуанған халық. Сол қуаныштары дүйім жұртшылық алдында шашу шашып, ақтарылған ақ тілегін көрсетіп отырған. Шашу – тілек – береке, бірлік. Бүгін өткелі тұрған сабағымыз да үлкен мереке. Сондықтан сол мерекеге орай сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш, сәттілік тілеп, шашу шашайық.

- балалар кәмпиттерде сұрақтар жазылған. Ол сөз таптары, зат есімге байланысты. Соған жылдамырық жауап берейік.

1. Сөз таптары деген не?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Адамдарға және жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

4. Зат есімнің неше түрі бар?

5. Жекеше түрі дегеніміз не?

6. Көпше түрі дегеніміз не?

7. Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.

8. Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.

«Орамал тастамақ» ойыны.

Мына орамалды кез келген оқушының алдына тастаймын. Әрине, тапсырмасы бар.

130 бет, 396 – жаттығуды орындау керек.

Өлеңнен жалқы есімдерді табу.

Ақсу, Көксу, Сарысу,

Бұл – сумен түстеп танысу.

Ырғыз, Торғай, Аягөз,

Сай – саланың бәрі су.

Есіліп Есіл ағады,

Жайылып Жайық барады.

Сылаң қақса Сыр сұлу,

Шу шулап атой салады.

Ақсу, Көксу, Сарысу, Ырғыз, Торғай, Аягөз,Есіл, Жайық, Сыр,Шу – жалқы есімдер.

«Қыз қуу» ойыны. Бір қыз, бір ұл ортаға шығады.

Мәтінді бір би болған.

Төле ақылды, әділ би болған. Ол қазақ батырларының басын біріктірді. Елді татулыққа шақырды. Төле бидің дана ойы мен сөзі береке, бірліктің көзі болды.

1-сұрақ (қызға). Бас әріппен жазылған сөзді тап.

2-сұрақ (ұлға). Бас әріппен жазылу себебін түсіндір.

3- сұрақ (қызға). Тағы қандай билерді білесің?

4-сұрақ (ұлға). Қазақтын қандай батырларын білесің?

«Хан талапай» ойыны. Ойын үшін он асық таңдап алынады, он біріншісі өзге асықтардан ерекше қызыл түске бояялған, хан болып белгіленеді. Егер алшы түссе, мына тапсырманы жаппай сынып болып орындамаймыз.

Мақалды оқып, мағынасын түсіндіру. Мақалды жатқа жазып, зат есімдердің астын сызамыз.

Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

  1. Жаңа сабақты қорыту.

  2. Үйге тапсырма. Оқулықтың 135 бетіндегі 409 – жаттығу.

  3. Бағалау.

Туған өлке

С. Торайғыров « Арыстан мен тышқан»

Л. Толстой « Акула»

С умоншақтан жасалған « Елік » Сумоншақтан жасалған « Азиада барсы Ирби »