Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогтың кәсіби картасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.09 Mб
Скачать

Ойын іс- әрекетінің тәлім- тәрбиесі

Тәуелсіздігіміздің бейбіт жолымен желбіреп тұрған туын болашаққа желкілдететін де, әнін әлемге әуелететін де бүгіегі ұрпақ. Ендеше жас ұрпақты ертеңгі күні егеменді еліміздің берік тұтқасы болатындай етіп тәрбиелеуіміз қажет. Жас ұрпақ- біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатын ы сіз бен біздің қолымызда.

Бүгінгі мақсатымыз - әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениетінің негіздерән беру және олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыз тәрбиесіне аса мән беруіміз керек. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымвз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық эконсмика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш- білім нәрі.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, шаған адамдар іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым – қатынастары мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне днген сыйластық, қажеттіліктермен санасуы әр оқушының жеке әрекетін туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.

Бала тәрбиесіндегі ойынның басты рөлі.

Ойынның бала өміріндегі алатын орны бөлек. Бала кішкентай кезінен – ақ, ойынға құмар болып, соның жетегінде өседі. Ойын баланың ақыл – ойының дамуына жол ашатын алғашқы құрал. Соған сай ата – ана да баланың қандай жерде кіммен ойнауына басты мән беруі міндет.

Жалпы білімнің негізі бастауыш сыныпта қалыптасады. Бүгінгі талапқа сай, баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын оқулықтарымен жаңаша жұмыс істеуде әр мұғалімнен шығармашылық ізденісті талап ету орынды әрі заңды.

Елбасының «Халықтың әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында да білім саласы өзекті талқыланған. Және ертеңге сенімді білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаңа қоғамдағы жаңаша үрдістерге аса назар аударғанымыз жөн болар. Соған сай, сапалы білім алудағы басты міндеттер мен мақсаттар ортаға салынып, атап көрсетілген. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Осы орайда әрбір оқушының білімге деген құштарлықтарын арттырудың негізгі қағидаттарын сабақта ескерген жөн.

Бастауыш сыныптар үшін бұл тәсілдің орны тіпті бөлек. Жас жеткіншек алғаш білім алуға келген сәтінен бастап күнделікті білім алу процесі оған қызықты болса, оның болашақта үлкен нәтижелерге қол жеткізері анық.

Бұл тәсілдің басы көзі, яғни тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастыру мен тілін дамыту ойыннан басталады. Осы орайда, күнделікті сабақ барысында ойын тәсілдерін қолдана отырып, мән бергеніміз абзал. Тәрбиеленушінің құрбы – құрдастарымен әртүролі ойындар ойнауының өзі тілінің, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы М.Жұмабаев баланың ойыны туралы: «Баланың қиялы, әсіресеі ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгі бір жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерімен пайдаланады. Айналасында тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Ысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп – тізіп көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды», - деп ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға дидактикалық ойындарды оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып тәрбиеленушілердің тілін дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол тәрбиеленушілердің білімге деген ынта – ықыласын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.

Әрбір сабақ барысында дидактикалық ойындарды пайдалана отырып, сабақты қызықты етіп жүргізу оқушының да белсенділігін арттыра түсетіні сөзсіз. Міне, осындай тәсілдерді әсіресе, жас мұғалімдер өз сабағында кең пайдалана түссе Елбасының Жолдауында айтылған білімге қатысты мәселелер де өз шешімін біртіндеп таба түсер еді.