Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогтың кәсіби картасы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.09 Mб
Скачать

Ойын түрлері және оның ерекшеліктері.

Ойын балалардың негізгі іс- әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамның рахат жіне қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекет. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалардың ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшнліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл- қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшкліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсам, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандац болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». Мысалы:сюжеттік- рөлді ойындар.

Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын іс- әрекетінің тағы бір ерекшелігі- оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойын жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын бейнелейді.

Балалар ойынының ерекшелігі сондай- ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс- әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететін соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанда жауап та қатпайды.

Балалар үн- түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтарымен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен анасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын десек, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу – таным әрекетін орындауға бейімделуі керек.

Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасында ғы қарым – қатынасты білу мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Бастауыш сынып мұғалімі қойылатын төменгі әдістемелік талаптарды біліп орындап отыруы тиіс:

  1. Ойын мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілген жөн.

  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

  4. Ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдарды сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Мен солардың ішінен, ең алдымен, сабақ процесінде жиі пайдаланылатын дидактикалық ойындарға тоқталмақпын.

Дидиктикалық ойын- оқушының ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынандай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:

  • сол ойынның оқушыға беретін білімдік және тірбиелік мәні болуы;

  • баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі;

  • өтіліп отырған материалға қызығушылығын туғызуы;

  • ойын сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;

  • өтілген тілдік материалды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі.

Дидактикалық ойындардың балалардың қоршаған ортамен таныстыруға рөлі де ерекше. Ойын үстінде оқушы өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс- әрекетінде жүзеге асыруға тырысады.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелер бар.(Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К:Жикалина, т.б.)

Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев); дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне ( А.К.Айтпаева) сәйкес жасалады.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  1. Ойын – саяхаттар.

  2. Ойын – тапсырмалар.

  3. Ойын – болжамдар.

  4. Ойын – жұмбақтар.

  5. Ойын - әңгімелер.

Танымдық іс - әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

  1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

  2. Қайта жаңғырту іс - әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

  3. Қайта жасау іс - әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

  4. Оқушылардың іс - әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

  5. Ізденіс іс - әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:

  1. Сюжеттік – рөлдік ойындар.

  2. Жаттығу ойындар.

  3. Драмалық ойындар.

  4. Шығармашылық ойындар.

  5. Әдеби – музыкалық ойындар.