
Педагогтың кәсіби картасы
Педагогикалық тұжырымдама
Өткізген ашық сабақтар
Оқушылардың жетістіктері
Сабақ жоспарлары
Баяндамалар
Тәрбие жұмысы
Бейнелеу өнері мен еңбекке баулу сабақтарында жасаған жұмыстарынан ұйымдастырылған көрме
Фотокөрме
Сейсенбаева
Динара Бахытовна
Бастауыш
сынып мұғалімі
Білімі:
жоғары
Санаты:
базалық
Педагогтың кәсіби картасы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы
(облыс, аудан)
Сейсенбаева Динара Бахытовна
( тегі, аты, әкесінің аты толық)
Кішкенекөл № 1 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі 2009 жыл
( осы кездегі жұмыс орны, лауазымы, қай жылдан бері)
Туған күні мен жылы: 11 наурыз 1989 ж.
Туған жері: Көкшетау облысы; Қызылту ауданы, Ақтүйесай
Базалық білімі: Жоғары. Көкше Академиясы 2012 ж;
М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі 2008ж. Бастауыш сынып мұғалімі.
(қай оқу орнын бітірді, қашан, мамандығы мен біліктілігі)
Жұмыс орнының тізімі: 2009 жыл – Кішкенекөл № 1 орта мектебі;
Педагогикалық стажы және квалификациялық санаты: 5 жыл. базалық
Ғылыми педагогикалық конференцияларға, сайыстарға қатысуы:
Мектепішілік « Жыл мұғалімі» сайысына қатыстым, мектепішілік , аудандық іс – шараларға қатыстым.
Инновациялық тақырыбы: « Оқушының танымдық қызығуын ойын арқылы дамыту жолдары»
«Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы бойынша жұмыс жасаудамын.
Мектеп мәселесі: Педагогикалық іс - әрекеттің тиімділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру.
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: Әр оқушының даралық қабілетін анықтау және дамыту.
Қосымша мәліметтер:
Мекен – жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 97 үй.
Жұмыс орны телефоны: 8-71542-22655
Үй телефоны: 8-71542-22042
МО Мектеп директоры: М.Ж. Балтабаев
Мерзімі |
Ашық сабақтың тақырыбы |
Сынып |
Деңгей |
Баға |
2010 |
Зат есімнің септелуі |
3 «А» сынып |
Мектепішілік |
|
2012 |
Сауат ашу Ә дыбысы мен әрпі |
МАД тобы |
Мектепішілік |
|
|
|
|
|
|
Дидактикалық ойындар баланың интелектісін дамыту құралы
ретінде.
Қазіргі кезде бастауыш сыныпта оқыту мазмұны жаңартылып, оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Бастауыш сынып мұғалімі бұрынғыдай бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын дамытуда ойынның алатын рөлі ерекше.
Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының басты белгі,бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік- жігері бүршік атып білінеді. Бұл сана-сезім ойлау процесімен де тығыз байланыста болады. А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,– десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз –ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,-дейді. Шынында да, бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі, -деген ортақ тұжырым жасады. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала ойынан белгілі»,- дейді.
Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар ойын оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсер етеді, әрі ақыл-ой дамуына ықпал етеді. Бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарының шарты болып табылады. Балалар ойнап жүріп бір-бірімен ынтымақтасады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негізі қаланады.
Н.К.Крупская бала жас болғандықтан ғана ойнамайтынын, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілетінін айтқан болатын. Сабақты ойын түрінде жүргізу шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны танымдық, білімдік, тәрбиелікт жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.
Ойын технологиясы жөнінде Б.П.Никитин, З.Фрейд, К.Гросс, Л.С.Рубинштейн т.б. ғалымдардың ой-пікірлері бір идеяға, оның пайдалылығы мен тиімділігіне тоғысады. Американдық философ Герберт Спенсер ойын ірекеті баланың бойында жинақталған қуатты сыртқа шығару тәсілі деп есептесе, австрия психологы З.Фрейд балалардың ойынын «өмірге бейімделушілік» деп анықтайды. Ал белгілі педагог А.С.Макаренко:«Балалар ойында қандай болса,өскенде де сондай болады»,-дейді.
Жоғарыда айтылғанның бәрі оқыту процесінде ойын түрлерін қолдану қажеттігін көрсетеді. өйткені ойын, ең алдымен, оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлеу машықтарын қалыптастырады. Оқытуда қолданатын ойын әдістері- ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдіс. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып, қызықтыру мақсатында қолданылады. Ойынның танымдық смпаты жөнінде А.М.Горький:«Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса соның бәрімен де ойнайды. Ол өзінің айналасындағы дүниені ойын үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік әсерлерін үйренеді»,- деген болатын. Сонымен балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мына кесте арқылы көруге болады:
Іс - әрекет
«Ойын » ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
ойын – сауық;
коммуникативтік немесе қарым – қатынастық;
диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);
коррекциялық ( өзін – өзі түзету );
әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерәнен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл – ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойынның түрлері көп. Соның ішінде ойын- сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. мұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі – дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта – ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне
жету;
в) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік,
дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, оларды елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе білу оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылардың сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын үш түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы іс - әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін мына сұрақтарға жауап іздедім: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек ? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану керек ? Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында әртүрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедім.
Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс - әрнкеттің алғашқы түрі заттық іс - әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс - әрекеттен бірте – бірте ойын іс - әрекетіне ауысады. Барлық адамдар өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс - әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны,өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап – сезу, байқап – тану арқылы емес, тікелей араласып, іс - әрекетке көшуін нақты қарым – қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным – түсінігі, іс - әрекеті ойыннан басталып, оның негізгі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс - әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде – ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтер, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.
Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтері Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж.Руссо, дж. Локк, И.Песталоцци, т.б. ойын арқылы балалардың болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н.Құлжанованың айтуынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. [11]
Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс - әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді. «Бала неғұрлым көп ірекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет ».
Я.Коменский «Ұлы дидактика » еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек, ал білім олардың есінде жақсы сақталатынындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жетілдірудің бірден – бір құралы ретінде «ойынды» атауға болады.
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған Дж. Локк та, ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асыруын қойған Ж. Руссо.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл – қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой - өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К. Ушннский мен П.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. Сухомлинский, С.Шацкий және Н.Крупская өз пікірлерін білдірген.
К.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдететінін атап көрсетсе, Н.Крупская «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген » деген пікір айтады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.
«Ой – ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты әдісі ойын болуы керек.
Н.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болса, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулиды.
Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын далаларға оөірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
В. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты » деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
А.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға біржақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған.
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтер Л.Занков, Л.Выготский, Д.Узнадзе, С.Рубинштейн, А.Леонтьев, Д.Эльконин, А.Люблинская, В.Мухиналар айналысты.
Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады.
Ұлы педагог Сухомлинский «ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды » деп санайды.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір – біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.