
- •Зертханалық жұмыс №3-4
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №5-6
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №7-8
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №9-11
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №12-15
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-18
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-21
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №24-26
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №27-28
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №29-30
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Ішкі программа не үшін қолданылады?
Паскальда ішкі программаның қандай түрлері бар?
Процедураның жалпы түрі қалай жазылады?
Функцияның жалпы түрі қалай жазылады?
Негізгі программада процедура мен функцияны шақыру операторлары қалай жазылады?
Зертханалық жұмыс №27-28
Тақырыбы: Сыртқы тасымалдаушыларды орналасқан мәліметтер құрлымы есебін программалау Файлдар.
Мақсаты: Күрделі мәліметті есептерді файлды қолданып программалай білуге үйрету.
Жаттығулар:
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
f1 мәтіндік файлы орыс алфавитінің кіші әріптерімен жазылған сөздерден тұрады. Әрбір сөздің бірінші әрпін бас әріпке түрлендіріп, нәтижені f2 файлына шығарыңдар.
f файлында квадрат матрица берілген. Матрицаның жұп элементтерінің орнына 0, тақ элементтерінің орнына 1 санын қойып, пайда болған матрицаны g файлына шығар.
Барлық элементі 0-ге тең А(5,5) матрицасы файлда берілген. Кездейсоқ тәсілмен одан әртүрлі 7 элементті таңдап, таңдалған элементтің орнына 3 санын қойып, шыққан матрицаны басқа файлда көрсетіңдер.
f1 файлында сөздер массиві берілген. Ең ұзын сөзді f2 файлына жазыңдар.
Файлдағы сөздерді алфавит бойынша реттеп, нәтижені басқа файлға жазыңдар.
Орысша сөздерден тұратын файл берілген. Бірдей әріптен басталатын және аяқталатын сөздерді басқа файлға шығарыңдар.
Оқушы аты және жасынан тұратын файл берілген. Оқушы жасын өсуі бойынша реттеп, оларды атымен қоса екінші файлға шығарыңдар.
Файлды кездейсоқ сандармен толтырып, ондағы тақ сандардың квадраттарының қосындысын табыңдар.
f файлын кездейсоқ бүтін сандармен толтырып, оның жұп элементтерін g файлына жазыңдар.
Кітап авторы, аты, шыққан жылы мәліметтерінен тұратын Bibl1 файлы берілген. Берілген жылдан кейін шыққан кітап авторы мен аттарын Bibl2 файлына жазыңдар.
Орыс және ағылшын сөздерінен тұратын мәтіндік файл берілген. Орысша және ағылшынша сөздердің қайсысы көп?
f файлында сөздер массиві берілген. Берілген әріптен басталатын сөздерді g файлында көрсетіңдер.
f файлында квадрат матрица берілген. Оның жетекші диагоналының ең үлкенін тауып, нәтижені g файлында көрсетіңдер.
f1 және f2 файлдары сөздер массивінен тұрады. Екі файлға ортақ сөздерді f3 файлына жазыңдар.
Шифрланған орысша әріптен тұратын мәтін f1 файлында берілген. Әрбір әріп одан кейінгі әріппен ауыстырылады. (я-а-ға ауысады). Жаңа файлда шифры шешілген мәтінді шығарыңдар.
Бақылау сұрақтары:
Файл деген не?
Файлдық айнымалы мен дискілік файл аты арасында байланыс қалай орнатылады?
Файлды ашу процедурасы қандай?
Файлға жазу процедурасы қандай?
Файлдан мәліметтерді оқу үшін READ процедурасы қалай жазылады?
Файлға мәліметтерді жазу үшін WRITE шығару процедурасы қалай жазылады?
EOF функциясының мәні, қызметі қандай?
Көрсеткіштің файл соңына жеткенге дейін орындау циклі қалай жазылады?