Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 зертханалык алг и прг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.4 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  • Жазба деген не?

  • Жазба өрістері деген не?

  • Жазба программада қалай сипатталады?

  • Жазбаның кез- келген элементі қалай көрсетіледі?

  • With операторы не үшін қолданылады? Оның жалпы жазылуы қандай?

  • Жазба элементтері Паскальда компьютерге қалай енгізіледі?

Зертханалық жұмыс №24-26

Тақырыбы: Процедура мен фукнцияны қолданып программа құру

Мақсаты: Паскаль тіліндегі ішкі программа – функция мен процедураны қолданып, программа құра білуге үйрету. Функция мен процедураның айырмашылығын білу және оларды есеп шығарғанда қажетінше қолдана білуге үйрену.

Жаттығулар:

  • Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. Үшбұрыш ауданын табуға арналған Герон процедурасын қолданып, берілген фигураның ауданын табыңдар.

  1. n нүктенің жазықтықта координатасы берілген. Екі нүктенің ара қашықтығын табу функциясын қолданып, берілген нүктелерден координаталар басына дейінгі қашықтықтарды табыңдар.

  2. Берілген сөзді кері жазатын процедураны қолданып, n сөзден тұратын сөздер массивіндегі сөздерді және оған кері сөздерді екі баған түрінде шығарыңдар.

  3. Берілген натурал санның жәй сан екенін анықтау процедурасын қолданып, N-нен кіші барлық жәй сандарды табыңдар.

  4. Кез-келген санның цифрларының қосындысын табу функциясын қолданып, цифрларының қосындысы m-ге тең (m<27) барлық 3 таңбалы натурал сандарды табыңдар.

  5. Екі нүктенің ара қашықтығын табу процедурасын қолданып, төбелері берілген үшбұрыштың периметрін табыңдар.

  6. Нүктеден шеңбер центріне дейінгі қашықтықты табу функциясын қолданып, 8 элементтен тұратын нүктелер массивінің центрі (1,1), радиусы R шеңберге тиісті нүктелерінің санын табыңдар.

  7. n! –ды табу функциясын қолданып, алғашқы 10 жұп натурал сандардың факториалдарын табыңдар.

  8. 2 санның ең үлкенін табу функциясын қолданып есептеңдер.

s=(max(x,y)+max(x+y,x*z))/ max(5,x+z); х,у,z – берілген сандар.

  1. n!-ды табу процедурасын қолданып берілген m,k натурал сандар үшін

мәнін есептеңдер.

  1. “Бақытты” санды анықтау ішкі программасын қолданып, бүтін оң сандар массивіндегі “бақытты” сандарды анықтаңдар. (натурал сан “бақытты” сан деп аталады, егер санның сол жақ жарты цифрларының қосындысы оң жақ жарты символдарының қосындысына тең болса. Мысалы 2433-“бақытты” сан, 2+4=6, 3+3=6)

  2. Табаны а-ға тең, биіктігі 2-ден 6-ға дейін 0,5 қадаммен өзгеретін үшбұрыштардың орташа ауданын, үшбұрыш ауданын табу ішкі программасын қолданып есептеңдер.

  3. Пифагор сандарын табу ішкі программасын қолданып, берілген n-нен кіші барлық Пифагор сандарын табыңдар (а,в,с натурал сандар Пифагор сандары деп аталады, егер а2+b2=c2 шарты орындалса).

  4. Функция және процедураны қолданып, келесі есептерді шешіңдер:

    1. Cnm=n!/m!(n-m)!

    2. F=1! +2!+ 3!+ …+k!.

n, m, k мәндері берілген.

15. N- нен артық емес және өзінің цифрларының әрқайсысына бөлінетін

барлық натурал сандарды табыңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]