Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 зертханалык алг и прг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.4 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №19-21

Тақырыбы: Қатарларды өңдеу есебін программалау. Жазбалар типін қолданып программалар құру

Мақсаты: Символдық айнымалыларды түрлендірудің функциялары мен процедураларын қолданып, мәтіндерді түрлендіру программасын құра білу дағдысын қалыптастыру. Символдардың ASCII кодын және керісінше кодқа сәйкес символ табудың стандарт функцияларын қолдана білуге үйрету.

Жаттығулар:

  • Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. Сөздегі i- әріпті жоятын программа жазыңдар.

  2. Берілген сөзде бірінші және соңғы әріптердің қайсысы көп кездесетінін анықтайтын программа құрыңдар.

  3. Берілген мәтіндегі “а” әрпін “о” әрпімен алмастырыңдар.

  4. Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.

  5. Сөйлемдегі сөздерден жиым құраңдар.

  6. Берілген әріп дауысты ма екенін анықтаңдар.

  7. Сөздегі дауысты дыбыстар нешеу, және ол сөздегі барлық әріптің неше процентін құрайды?

  8. 1 ашылған және 1 жабылған жақшасы бар мәтін берілген. Жақша ішіндегі барлық символдарды шығарыңдар.

  9. Жолдағы ашылған және жабылған жақшалар саны тең бе?

  10. Сөйлемдегі неше сөз берілген әріптен басталады?

  11. Сөздер жиымы берілген. Сөздерді алфавит бойынша реттеңдер.

  12. Сөйлемдегі бірінші және соңғы сөздердің орнын ауыстырыңдар.

  13. Латын әрпімен жазылған сөздегі барлық кіші әріптерді бас әріппен алмастырыңдар.

  14. Сөздегі орыс алфавитінің бас әріптерін экранға шығарыңдар.

  15. Сөздер жиымындағы ең ұзын сөзді табыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  • Символдық айнымалы деген не?

  • Символдық айнымалының ұзындығы деген не?

  • Паскальда символдық айнымалының максимал ұзындығы неге тең?

  • Символдық айнымалыларға қандай стандарт функциялар қолданылады?

  • Символдық айнымалыларға қандай стандарт процедуралар қолданылады?

  • Символдық айнымалылар қалай сипатталады?

Зертханалық жұмыс №22-23

Тақырыбы: Жазбалар. With операторы

Мақсаты: Жазба құрылымдық типін Паскаль тілінде программалай білуге үйрету. With операторын қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Жаттығулар:

  • Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. Ойыншықтар туралы: ойыншықтар аттары, бағалары және олар арналған балалардың жас шамалары туралы деректер берілген. Бағасы 200 теңгеден аспайтын ойыншықтар атын және 5 жасқа дейінгі балаларға жарамды ойыншықтар атын шығарыңдар.

  2. Оқушы фамилиясы, жасы өрістерінен тұратын жазбаның

а) “Жасы” өрісін кемуі бойынша реттеңдер

б) фамилиясы берілген әріптен басталатын оқушылар тізімін шығарыңдар.

  1. Кондитерлік фабрика шығаратын конфет аттары, бағасы өрістерінен тұратын жазбаның

а) бағасы ең арзан 3 конфет атын

б) конфет бағасының жартысын табыңдар.

  1. Студент фамилиясы, және 3 пәннен емтихан бағасы берілген.

а) топтың орташа бағасын

б) орташа бағасы ең жоғары 3 студенттің фамилиясын анықтаңдар.

  1. Спортшы фамилиясы және оның 3 төреші бағалаған нәтиже көрсеткішінен тұратын жазба берілген.

а) бастапқы 3 жүлделі орынды алған спортшы фамилиясы мен көрсеткішін

б) нәтиже көрсеткіші барлық спортшылардың орташа көрсеткішінен төмен спортшылар фамилиясы мен санын табыңдар.

  1. Оқушы фамилиясы, бойы, 3 сабақтан алған бағасы берілген.

а) жалпы кластың әр пәннен орташа бағасын

б) бойы ең ұзын және ең қысқа оқушы фамилиясын анықтаңдар.

  1. Тауар қоймасындағы телевизор маркаларының аттары, бағалары өрістерінен тұратын жазба берілген.

а) бағасы ең қымбат телевизор маркасын

б) телевизордың бұрынғы бағасы мен 5%-ке қымбаттағаннан кейінгі жаңа бағасын шығарыңдар.

  1. Студент аты және 3 пәннен емтихан бағасы берілген. “2” және “3” бағасы жоқ студенттер атын алфавит бойынша реттеңдер.

  2. Фамилиясы, аты өрістерінен тұратын жазбаның фамилиясы дауысты дыбыстан басталатын оқушылар тізімін алфавит бойынша реттеңдер.

  3. Студент фамилиясы, телефоны өрістерінен тұратын жазбаның телефоны берілген цифрдан басталатын тізімін табыңдар.

  4. Автомобиль маркасы, бағасы өрістерінен тұратын жазбаның

а) маркасын алфавит бойынша реттеңдер

б) бағасы белгілі бір аралықтағы автомобиль маркасын анықтаңдар.

  1. Кітап авторының фамилиясы, кітап аты, тиражы өрістерінен тұратын Кітапхана жазбасы берілген.

а) автор өрісін алфавит бойынша

б) тираж өрісін кемуі бойынша сорттаңдар

  1. Кітап аты, шыққан жылы, бағасы өрістерінен тұратын кітапхана жазбасынан

а) берілген жыл аралығындағы кітап аттарын

б) кітап бағасының 10%-ін табыңдар.

  1. Абонент фамилиясы, телефон нөмірі өрістерінен тұратын АТС жазбасы берілген. Одан берілген фамилия бойынша абоненттің телефон нөмірін шығарыңдар

  2. Оқушы фамилиясы және оқитын класы өрістерінен тұратын жазбадан фамилиясы берілген әріптен басталатын және берілген класта оқитын оқушы фамилиясын анықтаңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]