
- •Зертханалық жұмыс №3-4
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №5-6
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №7-8
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №9-11
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №12-15
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-18
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-21
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №24-26
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №27-28
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №29-30
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
Зертханалық жұмыс №9-11
Тақырыбы: Қайталану операторы (цикл)
Мақсаты: Паскаль тіліндегі қайталану операторының 3 түрін: параметрлі цикл, әзір және дейін циклдерін қолданып, программаның қайталанатын бөлігін ұйымдастыру. Циклдің үш түрінің ерекшеліктерін түсіне білу және оларды қажетінше қолдана алу білімі мен икемділігіне үйрету.
Жаттығулар:
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Бұрышты -3600 –тан 3600-қа дейін 300 қадаммен градустан радианға айналдырыңдар.
x=1,2,…20 болғанда у- тің мәндерін басып шығару керек. у=60/(х2-25)
Егер өсімдіктің өсу биіктігі өткен күнге қарағанда 5% артық болса, 6 айдан кейінгі биіктігі қандай болады? Биіктіктің бастапқы мәні 50 см.
Банктік өсімі үш проценттік салымға S теңге салынды. N жылдан кейін салынған ақша неше теңгеге жетеді?
1000-нан 10000-ға дейін 1000 қадаммен өзгерген теңге мәндерін курсқа байланысты рубль, доллар, евро ақша бірліктерімен өрнектеңдер.
Берілген санның барлық бөлгіштерін табыңдар .
Берілген сан «кемел сан» деп аталады, егер ол өзінен басқа барлық бөлгіштерінің қосындысына тең болса. Берілген сан «кемел» сан бола ма?
Ақпарат өлшемі 100 байттан 200 байтқа дейін 10 қадаммен өзгерген мәндерін кбайт, мбайтпен өрнектеңдер.
2/3+2/6+2/9+...+2/99 қосындысын есептеу программасын құрыңдар.
Пернетақтадан сандар енгізіліп, олар тізбектей қосылады. Қосынды 100- ден асқанда қанша сан енгізілгенін табыңдар.
Баланың бойы жылдың басында 120 см болды. Бір айда ол 2%- ке өседі. Неше айдан кейін баланың бойы 150 см-ден асады?
Цифрларының квадраттарының қосындысы 13- ке бөлінетін барлық екіорынды сандарды табыңдар.
Экранға 1223334444... символдар тізбегін шығару керек.
Сыныптағы n оқушының бойлары туралы мәлімет енгізілген. Сыныптағы оқушылардың орташа бойын анықтаңдар.
1000, 999, 998... тізбегін шексіз экранға шығаратын программа құрыңдар.
Бақылау сұрақтары:
Цикл операторы қандай жағдайда қолданылады?
Паскаль тілінде циклді ұйымдастырудың қандай тәсілдері бар?
Параметрлі циклдің құрылымы, ерекшелігі қандай?
Әзір циклінің құрылымы қандай?
Дейін циклінің құрылымы қандай?
Әзір және Дейін циклдерінің айырмашылығы неде?
Параметрлі циклді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?
Brear, Continue операторлары қандай қызмет атқарады? Мысал келтір.
Қадамы -1 –ге тең кері цикл қалай ұйымдастырылады?
Бір-біріне кірістірілген цикл деген не? Мысал келтір.
Зертханалық жұмыс №12-15
Тақырыбы: Бірөлшемді массивтер және екі өлшемді массивтерді қолданып программа құру
Мақсаты: Бір және екі өлшемді жиымдардыі қолданып, құрылымдық типтерді программалай білуге үйрету. Жиым элементтерінің ең үлкенін (ең кішісін) табу, реттеу т.б. түрлендіру жасауды программалай білу дағдысын қалыптастыру.
Жаттығулар:
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Бір өлшемді жиым.
Кез-келген бірөлшемді А(10) жиымының оң элементтерін екі есе кемітіңдер, ал теріс элементтері болса, онда оларды индекстерінің мәнімен ауыстырыңдар.
N кәсіпорынның бір жылғы электр энергиясын тұтынуы туралы дерек бар. Осы бойынша энергия тұтынудың арифметикалық ортасын және энергияны ең көп үнемдеген кәсіпорынды анықтаңдар.
А, В жиымдары берілген. Алдын-ала А жиымын өсуі, В жиымын кемуі бойынша реттеп алып, 2 жиымның қосындысын табыңдар.
10 түрлі бұйымның әрқайсысының бағасы берілген. Бағасы барлық бұйым түрлерінің орташа бағасынан аз болатын бұйым түрлерінің нөмірлерін басып шығару керек.
Жиымның берілген К санына еселік болатын элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.
7 сағ- тан 12 сағ-қа дейінгі уақыт аралығында ауа температурасы сағат сайын өлшенді. Осы аралықта температураның төмендегені мәлім. Температураның алғашқы теріс мәні қай сағатта болғанын анықтаңдар.
Жиымның көршілес жұп және тақ нөмірлі элементтерінің орнын алмастырыңдар.
Бірөлшемді кездейсоқ сандар жиымының жұп және тақ элементтерінің қосындысын табыңдар.
10 күннің температурасы берілген. Орташа температураны, ең жоғарғы және ең төменгі температураны анықтаңдар.
Жиымның тақ элементтері барлық элементтердің неше процентін құрайды.
Бүтін сандар жиымының 5- ке бөлінетін элементтерінің санын табыңдар.
Бірөлшемді кездейсоқ сандар жиымының элементтерін кемуі бойынша реттеңдер.
Бірөлшемді кездейсоқ сандар жиымында 5-ке бөлінетін , бірақ 3- ке бөлінбейтін элементтерді табыңдар.
Бірөлшемді кездейсоқ сандар жиымының ең үлкен 3 элементін табыңдар.
Бірөлшемді А(8) жиымының 1- және соңғы, 2- және 7 т.б. элементтерінің орнын алмастырыңдар.
Екі өлшемді жиым.
Сынып журналынан неғұрлым көп “5” бағасы бар оқушы нөмірін табыңдар.
Квадрат матрицаны 0 және 1 сандарымен шахматтық ретпен толтырыңдар.
А[5х5] матрицаны 1-ден 25-ке дейінгі сандармен өсу ретімен толтырыңдар.
Квадрат матрицаның негізгі диагоналының ең үлкен, қосалқы диагоналының ең кіші элементтерін тауып, олардың орнын алмастырыңдар.
Квадрат матрицаның негізгі диагоналындағы ең үлкен элемент орналасқан жолды берілген жолмен алмастырыңдар.
Екіөлшемді А(4,4) жиымында 3- және 1-жолдардың орындарын алмастырыңдар.
Матрицаның қосалқы диагоналының үстіндегі ең үлкен элементті табыңдар.
Матрицаның негізгі диагоналының үстінде орналасқан жұп элементтерді санаңдар.
А[n ,n] матрицасында 1-ші және соңғы , 2-ші және (n-1)-ші т.с.с жолдардың орнын ортаңғы жолға дейін алмастырыңдар. n –нің тақ , жұп болатын жағдайларын қарастырыңдар .
Берілген матрицаны транспонирлеңдер.
Спортттың мұзда мәнерлеп сырғанау түрінен 5 спортшының 3 төреші бағалаған нәтиже көрсеткіші берілген .(ұпай саны 0-ден 6-ға дейін ) . Бастапқы 3 жүлделі орынды алған спортшылар көрсеткішін табыңдар .
Квадрат матрицаның элементтері бір өлшемді массивте берілген . Оларды матрица түрінде шығарыңдар .
А (n х m) матрицаның әр жұп жолындағы ең үлкен элементті табыңдар.
Компьютер экранында
1 0 0 0 0
1 1 0 0 0
1 1 1 0 0
1 1 1 1 0
1 1 1 1 1 квадрат матрицаны алу керек.
Компьютер экранында
1 1 1 1
2 2 2 2
3 3 3 3
4 4 4 4 квадрат матрицаны алу керек.