
- •Зертханалық жұмыс №3-4
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №5-6
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №7-8
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №9-11
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №12-15
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-18
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-21
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №24-26
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №27-28
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №29-30
- •Жаттығулар:
- •Бақылау сұрақтары:
10. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Зертханалық жұмыс №1-2
Тақырыбы: Паскаль тілінде өрнекті жазу, меншіктеу операторлары, Паскаль тілінде алгоритмдердің сызықты құрылымының программаларын жазу
Мақсаты: Әр түрлі математикалық функциялардың Паскаль тіліндегі стандарт жазылуын білуге үйрету және арифметикалық өрнектерді Паскаль программалау тілінде жазу дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығулар:
Төменде берілген математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар.
Бақылау сұрақтары:
Стандарт функциялар деген не?
Паскаль тілінде қандай стандарт функциялар бар?
Паскаль тілінде стандарт функциялар қандай модульде жинақталған?
Арифметикалық өрнек деген не?
Паскаль тілінде арифметикалық өрнек қалай жазылады?
Өрнектегі операциялар қандай ретпен орындалады?
Операциялардың орындалу ретін қалай өзгертуге болады?
Төмендегі өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
a) lgex+2
b) 2п*ctg45
c) 3,14*arcsinx
d) tg2x2+ecosx
Паскаль тілінде жазылған өрнектерге сәйкес арифметикалық өрнектерді жазыңдар:
sqr(3)+63/(sin(30*pi/180)+sqrt(6.5));
abs(sin(12*pi/180))/exp(1/3*ln(x));
ln(3)/ln(x)+exp(5*ln(x))/(sqrt(a*b)+3*a)
sqr(x+ln(2))+abs(sin(x*pi/180)-sqrt(exp(5*ln(x)))
Зертханалық жұмыс №3-4
Тақырыбы: Алгоритмдердің тармақталған құрылымдарын программалау
Мақсаты: Паскаль тіліндегі кез-келген программаның құрылымын білу дағдысын қалыптастыру. Меншіктеу, деректерді енгізу мен шығару операторларының құрылымын білуге және алгоритмдердің тармақталған құрылымдарын программалау сызықтық программа құра білуге үйрету.
Жаттығулар:
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Қараша айында дүкенде А млн теңгеге тауар сатылды, бұл қазан айындағыға қарағанда 15 % артық. Қазан айында қанша ақшаға тауар сатылды?
Төбелері берілген үшбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар.
Табандары және биіктігі берілген трапеция ауданын табыңдар.
Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың биіктіктерін табыңдар.
Екі сан берілген. Бұл сандардың кубтарының арифметикалық орташасын және модульдерінің геометриялық орташасын табыңдар.
Ұзындығы 56 м дәліз еденін сырлау керек. Дәліздің 22 м бөлігін сырлау үшін берілген А кг бояу жұмсалды. Дәлізді сырлап бітіру үшін тағы қанша бояу қажет?
Қызметкердің жалақы мөлшері берілген. Жалақыдан зейнетақы қорына кететін (10%) және кіріс (5%) салықтарының мөлшерін анықтаңдар.
Берілген төрт таңбалы санның цифрларының қосындысын табыңдар.
Кез-келген символ енгізіп, оның реттік нөмірін және оның алдындағы және одан кейінгі символдарды табыңдар.
Бұрыш өлшемі радианмен берілген. Оны градусқа, минутқа және секундқа айналдырыңдар.
Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.
Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А-ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірліктеріне айналдырыңдар.
Шеңбер ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелек ауданын табыңдар.
Сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2 сақинаның ауданын табыңдар.
Алғашқы мүшесі, айырымы, n мүше саны берілген арифметикалық прогрессияның n мүшелерінің қосындысын табыңдар.
Бақылау сұрақтары:
Паскаль тілінде программа құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?
Программа тақырыбы үшін қандай ережелер орындалады?
Программаның операторлық бөлімінде қандай қызметші сөздер қолданылады және ол бөлім қандай қызмет атқарады?
Программаның сипаттау бөлімі қандай бөлімдерден тұрады?
read, readln, write,writeln процедураларының айырмашылығы неде?
Форматтап шығару оперторының жалпы түрде жазылуы қандай?
Сызықтық программа деген не?
Зертханалық жұмыс №5-6
Тақырыбы: Паскаль тіліндегі шартты оператор. Шартты программа.
Мақсаты: Паскаль тіліндегі шартты оператордың қысқаша және толық түрлерінің жазылуын білу және оларды шартты программалар құруда қолдана алу білімі мен икемділігіне үйрету. Құрама шарт және құрама операторлардың жазылуын білу.
Жаттығулар:
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
N натурал саны берілген. Егер ол сан тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767- ден кем болса, онда ол санды 2- ге көбейтіңдер. Керісінше жағдайда берілген санды 5- ке бөліңдер.
Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысын тауып, оның жұп не тақтығын анықтаңдар.
Екі сан берілген. Егер бірінші сан екіншісінен артық болса , онда ол екі санды квадратта, егер біріншісі екінші саннан кіші болса, онда оларды кубта, сандар тең болған жағдайда олардың квадрат түбірін табыңдар.
Берілген нүкте центрі (1,1) нүктесіндегі, радиусы R шеңберге тиісті бола ма?
Берілген нүкте сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2, центрі координаталар басындағы сақинаға тиісті бола ма?
Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген . Берілген үшбұрыш
а) тең бүйірлі
б) тең қабырғалы бола ма?
а, в,с, d сандар тізбегі берілген.Егер тізбек кемімелі болса, онда әр санды 2 еселе, егер тізбек өспелі болса, онда барлық сандарды квадратымен алмастыр, әйтпесе сандарды өзгерізсіз қалдыр.
Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 5-ке бөліне ме?
Бір-біріне тең емес x,y нақты сандар берілген. Олардың кішісін берілген сандардың жарты қосындысымен, ал үлкенін ол сандардың екі еселенген көбейтіндімен алмастыр.
Берілген а, в, с сандарының
а) нешеуі теріс
б) нешеуі бүтін?
К саны а, в, с сандарының қайсысының бөлгіші болады?
Кездейсоқ берілген 3 санның неше әрекеттен кейін «бақытты жетілік» құрайтынын анықтаңдар.
Үш таңбалы санның төңкермелі ме екендігін анықтаңдар.
Берілген күн датасы мен ай нөмірі бойынша сол күннің жылдың басынан санағандағы реттік нөмірін анықтаңдар. ( Мысалы 25 февраль – 56-шы күн)
Берілген күннің реттік нөмірі бойынша сол күннің датасы мен ай атын шығаратын программа құрыңдар.( Мысалы 33-күн – 2 -ақпан)