
- •Аналитикалық химияға кіріспе
- •Сапалық химиялық талдау Сапалық талдау әдістерінің жіктелінуі
- •Аналитикалық реакциялар мен реагенттер
- •Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері
- •Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
- •Аниондардың аналитикалық топтары
- •І аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары
- •Ерітінділердегі химиялық реакцияларға жалпы сипаттама
- •Идеалды және реалды жүйелер
- •Материалдық балланс және электронейтралдық принципы
- •Талдаудағы протолиттік реакциялар. Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы
- •Күшті және әлсіз протолитер
- •Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН-ын есептеу. Буферлі жүйелер
- •Буферлі жүйелердің рН-ын есептеу
- •Сандық талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Титрметриялық талдаудың негіздері
- •Титриметриялық анализ әдістерінің классификациясы (жіктелуі)
- •Титриметрлік талдау
- •Титрметрлік талдаудағы протолиттік реакциялар
- •Көппротонды қышқылдар мен негіздерді және олардың тұздарын титрлеу.
- •Титрлеуге қажетті индикаторды таңдау
- •Индикаторлық қателіктер
- •Комплекс түзу тепе-теңдіктері
- •Комплексті иондарды түзу жэне ыдырату процестеріне түрлі жағдайлардың әсері
- •Комплексометриялық титрлеу әдісі.
- •Комплексонометрлік титрлеу қисықтары
- •Металохромды индикаторлар
- •Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтау
- •Тотығу-тотықсыздану потенциалға әртүрлі жағдайлардың әсері
- •Тотығу-тотықсыздану титрлеуі әдістері.
- •Тотығу-тотықсыздану әдісіндегі титрлеу қисықтары.
- •Жиі қолданылатын тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері.
- •Кейбір жиі пайдаланылатын тотығу-тотықсыздану индикаторлары
- •Гетерогенді тепе-теңдік.
- •Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі
- •Тұнба түзілу процесіне әсер ететін жағдайлар
- •Тұнбаларды еріту шарттары
- •Комплекстүзу және тотығу-тотықсыздану реакциялардың
- •Титрметрлік талдауда тұнба түзу реакциялардың қолдануы
- •Эквивалентті нүктені анықтау жолдары
- •Сандық анализ. Гравиметрлік әдіс
- •Тұнбаның ластануы.
- •Тұндыру және тұндырылған түрге қойылатын талаптар.
- •Химиялық талдаудың метрологиялық негіздері Аналитикалық сигнал, оны өлшеу
- •Химиялық анализдің қателері. Қателер классификациясы
- •Жүйелі қателер
- •Кездейсоқ қателер
- •Анализ нәтижелерінің дұрыстығы, жинақтылығы, қайталанымдылығы, дәлдігі, орта мән және стандартты ауытқу
- •Стьюдент коэффициенттері (t p, f)
- •Оптикалық талдау әдістері
- •Электромагниттік толқын табиғаты
- •Электромагниттік сәулеленудің корпускулалық қасиеті
- •Молекулярлы адсорбциялық спектроскопия
- •Жарық жұтудың негізгі заңы
- •Жарық жұту заңынан ауытқылар себептері
- •Аддитивтілік заңы
- •Анализдің практикада қолданылуы
- •23 Дәріс Потенциометрия және потенциометрлік титрлеу әдісі
- •Потенциометрияда қолданылатын электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Шыны электроды
- •Сұйық мембраналы электродтар
- •Қатты мембраналы электродтар
- •Индикаторлық электродтардың негізгі сипаттамалары
- •Потенциометрлік титрлеу әдісі
- •Вольтамперометрлік әдістер.Полярография
- •Полярографиялық әдісті талдауда қолдану
- •Инверсионды вольтамперометрия
- •Бөлу және концентрлеу әдістері
- •Экстракция
- •Хроматографиялық талдау әдістері
Көппротонды қышқылдар мен негіздерді және олардың тұздарын титрлеу.
Көппротонды қышқылдарды күшті негізбен титрлегенде титрлеудің бірнеше сатысын алуға болады. Титрлеу жолы қышқылдың протон санына және әр сатыға сәйкес қышқылдық константалар мәніне байланысты.
Эквивалентті бөлігі жақсы көрінетін қисық алу үшін:
КА(1) және КА(2) мәндері КА·СНА ≥ 1·10-8 шартқа сәйкес болуы керек.
шартқа сәйкес болуы керек.
Қорытынды:
фосфор қышқылы екі сатыда титрленеді
1-ші сатысында H3PO4 + OH- → H2PO4- + H2O, индикатор ретінде метилоранж қолдануға болады.
2-ші сатысында H3PO4 + 2OH- → HPO42- + H2O, индикатор ретінде фенолфталеин қолданылады. Фенолфталеин индикаторы қатысында бірінші эквивалентті нүктені көре алмаймыз, бірден 2 моль натрий гидолксиді әрекеттескенше титрленеді.
Көпнегізді әлсіз қышқылдар мен сілтілік металдардың тұздары әлсіз негіздік қасиет көрсетеді, оларды екі индикатор пайдаланып қышқылдармен титрлеуге болады.
Екі индикатор қолданып натрий гидроксиді мен натрий гидрокарбонаты немесе натрий гидрокарбонаты мен натрий гтдрокарбонаты қоспаларын титрлеуге мүмкіншілік береді.
фенолфталеин мен метилқызыл қатысында жұмсалған қышқылдың көлемдері бірдей болса Vф (HCl) = VM(HCl). Бұл жағдайда ерітіндіде тек натрий карбонаты болғаны, яғни фенолфталеин қатысында ½ натрий карбонаты титрленеді, ал қалған ½ натрий карбонаты метилқызғылт қатысында титрленеді.
Vф (HCl) › VM(HCl), бұл жағдайда ерітіндіде натрий гидроксиді мен натрий карбонаты қоспасы болғаны.
VM (HCl) › Vф (HCl) немесе Vф (HCl) ‹ VM(HCl). Бұл жағдайда ерітіндіде натрий карбонаты мен натрий гидрокарбонаты қоспасы болғаны.
Vф (HCl) › 0, VM(HCl) = 0. Бұл жағдайда тек натрий гидроксиді (калий гидроксиді) болы мүмкін.
Vф (HCl) = 0, VM(HCl) › 0. Бұл жағдайда ерітіндіде тек натрий гидрокарбонаты болуы мүмкін.
Титрлеуге қажетті индикаторды таңдау
Бейтараптану реакциялары жүрген кезде сырттан көрінетін өзгерістер байқалмайды. Сондықтан эквиваленттік нүктені анықтау үшін тиісті индикаторлар қолданады (рН индикаторлар). Индикаторлар негізгі реакция бітісімен жүйе түсін өзгертеді немесе өзге түрде хабар сездіреді (мысалы : тұнба түзіледі). Индикатордың диссоциациялануын сипаттайтын константа КInd және индикатор көрсеткіші pKInd өз ара байланыста болады. Индикаторлар қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплекс түзу, адсорбциялық және арнаулы (спецификалық) болып бөлінеді.
Қышқылды-негіздік индикаторлар суда әлсіз протолиттік қасиет көрсететін органикалық қышқылдар мен негіздер. Әрекеттесуші заттарға қарағанда бұл индикаторлар өте әлсіз қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсететіндіктен, олардың түсінің өзгеруі белгілі бір рН мәнінде ғана орын алады.
Индикатордың
ионизацияланбаған түрінің түсі мен ион
түріндегі бөлшектерінің түсінің арасында
айырмашылық болады. Егер
қатынасы бірге тең болса рКА
= рН + lg1 = pH = pT титрлеу көрсеткіші деп
аталады. Яғни, титрлеу көрсеткіші
индикатордың екі түрі бір-біріне тең
жағдайда сәйкес рН-пен анықталады.
Индикатор өзінің түсін рН = pKJnd ± 1 аралығында өзгертеді. Егер, жүйенің сутектік көрсеткіші рН ˂ рКInd – 1 болса, онда ерітіндінің түсі индикатордың қышқылдық түрімен анықталады. рН ˂ рКInd + 1 . Бұл рН аралығын индикатордың түсін ауыстыру аралығы деп атайды.
Көп қолданыс табатын қышқылды-негіздік индикаторларға келесі индикаторлар жатады: метил қызылы, метил қызғылт-сарысы, лакмус, фенолфтфлеин, фенол қызылы, тимолфталеин.
Органикалық заттардың түстері олардың құрамындағы ерекше атомдар топтары «хромофорлар» (түс көрсеткіш зат) болуынан байқалады.түстердің интенсивтілігін ауксохромдартоптары әсер етеді (күшейтеді).
Ионды – хромофорлы теория қағидалары бойынша ерітінділердің рН-мәнінің өзгеруіне байланысты, молекула ішінде атомдардың қайта топтануы жүреді. Бұл атомдардың қайта топтануы қайтымды процесс және таутомерлік изомерия деп аталады.
Қышқылды-негіздік индикаторлар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
өте сезімтал
түсі анық және қанық болуы шарт
ерітінді түсін өзгертетін рН мәнінін аралығы жақын
Егер титрлеуде индикатор дұрыс таңдалмаса титрлеудің индикаторлы қателігі өте жоғары болуы мүмкін.