
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
75 74-параграфта келтірілген қағидаттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорын мыналарды жеке-жеке көрсете отырып, кезеңнің басындағы және аяғындағы іскерлік беделдің баланстық құнының салыстырып тексеруін ашуға тиіс:
(а) жалпы соманы және кезең басындағы құнсызданудан болған жинақталған залалды;
(b) сатып алу кезінде 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеуге арналған өлшемдерге жауап беретін, шығаруға арналған топқа кіргізілген іскерлік беделді қоспағанда, кезең ішінде танылған қосымша іскерлік бедел;
(c) 65-параграфқа сәйкес кезең ішінде кейінге қалдырылған салық активтерін кейіннен тану нәтижесінде пайда болған түзетулер;
(d) 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген, шығаруға арналған топқа кіргізілген іскерлік бедел және кезең ішінде тану тоқтатылған, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген, шығаруға арналған топқа кіргізілмеген іскерлік бедел;
(е) кезең ішінде 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылған, құнсызданудан болған залалдар;
(f) 21-«Валюталардың айырбас бағамдары өзгеруінің әсері» IAS Халықаралық стандартына сәйкес кезең ішінде пайда болған бағамдық айырмалар;
(g) кезең ішінде баланстық құндағы басқа да өзгерістер; және
(h) кезең аяғында құнсызданудан болған жалпы сома және жинақталған залалдар.
76 Кәсіпорын 36 IAS сәйкес ашылуы 75(е)-параграфта талап етілетін ақпаратқа қосымша ретінде қайтарылатын сома және іскерлік беделдің құнсыздануы туралы ақпаратты ашады.
77 Егер қандай да болмасын жағдайда осы Стандартқа сәйкес ашу талап етілетін ақпарат 66, 72 және 74-параграфтарында келтірілген мақсаттарға жауап бермесе, онда кәсіпорын осы мақсаттарға сәйкес келтіру үшін қажетті осындай қосымша ақпаратты ашқаны жөн.
ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ
78 85-параграфта келтірілген жағдайдан басқа осы Стандартта келісілген күні 2004 ж. 31 наурыз немесе одан кейін болатын бизнесті біріктіруді есепке алу үшін қолданған жөн. Осы Стандартта сондай-ақ мыналарды есепке алу үшін де қолданған жөн:
(а) келісілген күні 2004 ж. 31 наурыз немесе одан кеш болатын бизнесті біріктіру нәтижесінде туындаған іскерлік беделді; немесе
(b) сатып алушының сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінің келісілген күні 2004 ж. 31 наурыз немесе одан кейін болатын бизнесті біріктіруге арналған шығындардан кез келген асып кетуі.
Бұрын танылған іскерлік бедел
79 Кәсіпорын осы Стандарт 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезеңнің басынан бастап болашақ үшін келісілген күні 2004 ж. 31 наурыз немесе одан кеш болатын бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделге, және бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға қатысу үлесінен туындаған және 2004 жылғы 31 наурызға дейін алынған, теңбе-тең шоғырландыруды қолданған кезде ескерілген іскерлік беделге қолданғаны жөн. Осы себепті кәсіпорын:
(а) 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезеңнің басынан бастап осындай іскерлік бедел амортизациясын тоқтатуға;
(b) 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезеңнің басында іскерлік беделді тиісінше азайта отырып, жинақталған амортизация іскерлік беделіне жатқызылған баланстық құнды алып тастауға;
(c) 2004 ж. 31 наурыздан немесе бұл күннен соң басталатын бірінші жылдық кезең басталған сәттен бастап іскерлік беделді 36 IAS (2004 ж. редакциядағы) сәйкес құнсыздануға сынақты жүргізуі жөн.
80 Егер кәсіпорын іскерлік беделді меншікті капиталын азайту ретінде бұрын таныса, онда ол осындай іскерлік беделді іскерлік бедел жатқызылатын коммерциялық қызмет толықтай немесе ішінара шығарылғанда немесе іскерлік бедел жатқызылған ақша қаражатын басқаратын бірлік құнсызданған кезде пайда немесе залал құрамында тануға тиісті емес.