- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
Есепке алу әдісі
14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
15 Сатып алу әдісі бизнесті біріктіруді сатып алушы ретінде айқындалатын біріктірілетін кәсіпорын тұрғысынан қарайды. Сатып алушы таза активтерді сатып алады және сатып алынған активтерді және қабылданған міндеттемелерді және қоса алғанда сатып алынатын кәсіпорын бұрын танымаған шартты міндеттемелерді таниды. Осы операция сатып алушының активтері мен міндеттемелерін өлшеуге ықпал етпейді, сондай-ақ сатып алушының қосымша активтері немесе міндеттемелері осы операцияның нәтижесінде танылмайды, сондықтан олар оның мәні болып табылмайды.
Сатып алу әдісін қолдану
16. Сатып алу әдісін қолдану мынадай кезеңдерді қамтиды:
(а) сатып алушыны айқындау;
(b) бизнес бірлестігінің құнын өлшеу; және
(с) бизнесті біріктіруге арналған шығынды сатып алған күні сатып алынған активтер және қабылданған міндеттемелер және шартты міндеттемелер арасында бөлу.
Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
18 Сатып алу әдісі сатып алушының көзқарасы тұрғысынан бизнесті біріктіруді қарастыратындықтан, осы операцияның тараптарының біреуі сатып алушы ретінде танылуы мүмкін деп болжанады.
19 Бақылау - олардың қызметінен пайда алу үшін кәсіпорынның немесе коммерциялық қызметтің қаржылық немесе операциялық саясатын басқару құқығы. Бірлесетін кәсіпорын, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін көрсету мүмкін емес болған жағдайда ғана осы кәсіпорынның дауыс беру құқығының жартысынан астамын сатып алған жағдайда басқа бірлесетін кәсіпорынға бақылау жасауды алады деп есептеледі. Бірлесетін кәсіпорындардың біреуі басқа бірлесетін кәсіпорынның дауыс беру құқығының жартысынан астамын сатып алмағанның өзінде, егер бірлесу нәтижесінде ол:
(а) басқа инвесторлармен келісімнің негізінде басқа кәсіпорынның дауыс беру құқығының жартысынан астамын басқару құқығын; немесе
(b) жарғыға немесе келісімге сәйкес кәсіпорынның қаржылық немесе операциялық саясатын басқару құқығын; немесе
(с) директорлар кеңесінің немесе басқа кәсіпорынның осындай басқару органының мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе орнын ауыстыру құқығын; немесе
(d) директорлар кеңесінің немесе басқа кәсіпорынның осындай басқару органының жиналыстарында көпшілік дауыс беру құқығын алатын болса, оларға бақылау жасауға қол жеткізе алады.
20 Кейбір кезде сатып алушы, қиын болуына қарамастан, әдетте оның бар екендігінің белгілері болады. Мысалы:
(а) егер бірлесетін кәсіпорындардың біреуінің әділ құны басқа бірлесетін кәсіпорынның әділ құнынан айтарлықтай жоғары болса, онда әділ құны үлкен кәсіпорын сатып алушы болып табылатыны ықтимал;
(b) егер бизнесті біріктіру әдеттегі, дауыс беру құқығы бар үлестік құралдарды ақша қаражатына немесе басқа активтерге ауыстыру арқылы жүзеге асырылса, онда ақша қаражатын немесе басқа активтерді беретін кәсіпорын сатып алушы болуы ықтимал; және
(с) егер бизнесті біріктіру, біріктіру нәтижесінде туындаған кәсіпорынның басшы кадрларын іріктеу кезінде біріктірілетін кәсіпорындардың біреуінің басшылығы басым болу мүмкіндігін алуға әкеліп соқтырса, онда сатып алушы болып басшылық ету осындай түрде басым болуы ықтимал кәсіпорын саналады.
21 Егер бизнесті біріктіру меншікті капиталға қатысу үлесін айырбастау арқылы жүзеге асырылса, онда әдетте меншікті капиталға қатысу үлесін шығаратын кәсіпорын сатып алушы болып табылады. Алайда, оның (немесе олардың) қызметінен пайда алу үшін бірлесетін кәсіпорындардың қайсысының басқа кәсіпорынның (немесе кәсіпорындардың) қаржылық және операциялық саясатын басқару құқығы бар екенін айқындаған кезде барлық орынды фактілер мен жағдайлар назарға алынуға тиіс. Кейбір жағдайларда, әдетте, кері сатып алу болып аталатын бизнес бірлестіктері меншікті капиталға қатысу үлесі сатып алынған кәсіпорын сатып алушы болып табылады, ал осы меншікті капиталға қатысу үлесін шығарушы кәсіпорын сатып алынған болып табылады. Мұндай жағдай, мысалы, жеке кәсіпорын өзінің «сатып алғанын» өзі неғұрлым ұсақ мемлекеттік кәсіпорын арқылы қор биржасына бағалы қағазға рұқсатты алу үшін қаражат ретінде орналастырады. Алайда, заң жүзінде бағалы қағаздарды шығаратын мемлекеттік кәсіпорын негізгі кәсіпорын ретінде қаралатын, ал жеке кәсіпорын еншілес ретінде қаралатын болса да, егер оның қызметінен пайда алу үшін заңды тұрғыдағы негізгінің қаржылық және операциялық саясатын басқару мүмкіндігін алса, заңды тұрғыда еншілес кәсіпорын сатып алушы болып табылады. Әдетте үлкен кәсіпорын сатып алушы болып табылады, алайда фактілер мен бірлестікке ілеспе жағдайлар кейде кіші кәсіпорынның үлкенін сатып алатынын көрсетеді. Кері сатып алулардың есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық В қосымшасының В1-В15-параграфтарында келтірілген.
22 Жаңа кәсіпорын құрылған кезде бизнесті үлестік құралдарды шығару жолымен біріктіруді жүзеге асыру үшін осы бірігуге дейін жұмыс істеген бірігуші кәсіпорындардың біреуі бар белгілерінің жиынтығы бойынша сатып алушы ретінде бірегейлендірілуі тиіс.
23 Осылайша, екіден астам бірігуші кәсіпорындарды қамтитын бизнесті біріктірген кезде осы бірігуге дейін жұмыс істеген бірігуші кәсіпорындардың біреуі бар белгілерінің жиынтығы бойынша сатып алушы ретінде бірегейлендірілуі тиіс. Мұндай жағдайларда сатып алушыны айқындаған кезде басқалардың арасында бірігуші кәсіпорындардың қайсысы осы бірігуге бастамашы болғанын және олардың біреуінің басқа бірігуші кәсіпорындардың көрсеткіштерінен активтерінің құны немесе түсімдерінің айтарлықтай артық екенін қараған жөн.
Бизнесті біріктіру құны
