Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Биз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:

(а) кезең ішінде;

(b) есепті күннен кейін, бірақ қаржылық есепті шығаруға бекіткенге дейін жүзеге асырылған бизнесті біріктірудің сипатын және қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.

67 Сатып алушы 66(а)-параграфта келтірілген принципті жүзеге асыру үшін кезең ішінде жүргізілген әрбір бизнесті біріктіру үшін мынадай ақпаратты ашуға тиіс:

(а) біріктірілетін кәсіпорындардың немесе коммерциялық қызмет түрлерінің атауы және сипаттамасы;

(b) сатып алу күні;

(c) сатып алынған дауыс беретін үлестік құралдар пайызы;

(d) біріктіруге арналған шығындар, біріктіруге тікелей қатысты кез келген шығынды қоса алғанда, осы шығындардың құрамының сипаттамалары. Үлестік құралдар шығарылған кезде немесе олар шығынның бір бөлігі ретінде шығарылуға жататын болса, онда сонымен қатар мынадай ақпараттар ашылуға тиіс:

(і) шығарылған немесе шығарылатын үлестік құралдардың саны; және

(іі) осы құралдардың әділ құны және оны айқындау базасы. Егер айырбастау күніне құралдар үшін жарияланған баға болмаса, онда әділ құнды айқындау үшін пайдаланылған елеулі жіберілген қателер туралы ақпарат ашылуға тиіс. Егер айырбастау күні жарияланған баға болса, бірақ бірлестіктің құнын айқындау үшін негіздеме ретінде пайдаланылмаса, онда бұл факт ашылуға тиіс, сондай-ақ: үлестік құралдарға құн белгілеу үшін пайдаланылған әдісті және елеулі жіберілген қателер; үлестік үшін белгіленген құн мен үлестік құралдардың жария етілген бағасы арасындағы айырманың жиынтық шамасы;

(е) кәсіпорынның шешімі бойынша біріктіру нәтижесінде шығуға тиісті кез келген операциялардың мән-жайлары;

(f) сатып алынатын кәсіпорынның активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің әр класы үшін сатып алу күні танылған сома және, егер ашуды іс жүзінде іске асыру мүмкін болса, онда ХҚЕС-на сәйкес тікелей біріктіру алдында осы кластардың әрқайсысының баланстық құны. Егер мұндай ашуды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда осы фактіні себептерін түсіндірумен бірге ашуға тиіс;

(g) 56-параграфқа сәйкес пайдада немесе залалда танылған кез келген асып кету сомасын және осы асып кету танылған пайда және залалдар туралы есептің бабы;

(h) іскерлік беделді тануға әкеліп соқтыратын шығынның туындауына себепші болған факторларды сипаттау - іскерлік беделден бөлек танылмаған әрбір материалдық емес активтің сипаттамасы және материалдық емес активтің әділ құны не себепті сенімді өлшене алмайтынын түсіндіру - немесе 56-параграфқа сәйкес пайдада немесе залалда танылған асып кетудің табиғатын сипаттау;

(i) егер іс жүзінде ашуды жүзеге асыру мүмкін болған жағдайда, сатып алушының кезең ішіндегі пайдасына немесе залалына енгізілген сатып алу күнінен бастап сатып алынатын кәсіпорынның пайдасының немесе залалының сомасы. Егер мұндай ашып көрсетуді жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда бұл факті себептерін түсіндірумен бірге ашылуға тиіс.

68 67-параграфқа сәйкес ашу талап етілетін ақпаратты есепті кезең ішінде жүзеге асырылған жеке-жеке алғанда айтарлықтай емес бизнес бірлестіктері үшін жиынтық түрінде ашқан дұрыс.

69 Егер кезең ішінде жүзеге асырылған бизнесті біріктіруді бастапқы есепке алу 62-параграфта белгіленгеніндей шартты түрде ғана айқындалса, онда бұл факт сол сияқты себепті түсіндірумен бірге ашылуға тиіс.

70 66(а)-параграфта келтірілген қағидатты жүзеге асыру үшін мұндай ашуды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болмаса, сатып алушы мынадай ақпаратты ашқаны жөн:

(а) бірлескен кәсіпорынның кезең ішіндегі түсімі, кезең ішінде жүзеге асырылған барлық бизнесті біріктірулер үшін сатып алу күні осы кезеңнің басталған күні болса;

(b) бірлескен кәсіпорынның кезең ішіндегі пайдасы немесе залалы, кезең ішінде жүзеге асырылған барлық бизнесті біріктірулер үшін сатып алу күні осы кезеңнің басталған күні болса.

Егер ақпаратты мұндай ашуды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болмаса, онда бұл факт себебін түсіндірумен бірге ашылуға тиіс.

71 66(b)-параграфта келтірілген қағидатты жүзеге асыру үшін есепті күннен кейін, бірақ егер мұндай ашуды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болса, қаржылық есепті шығаруға бекіткенге дейін жүзеге асырылған әрбір бизнесті біріктіру үшін сатып алушы 67-параграфта талап етілетін ақпаратты ашқаны жөн. Егер атап айтылған қандай да болмасын ақпаратты ашуды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін болмағанда, онда бұл факт себептерін түсіндірумен бірге ашылуға тиіс.

72 Сатып алушы қаржылық есептілікті пайдаланушыларға басқа да кірістерді, залалдарды, қателерді түзеу және ағымдағы кезеңде бизнесті біріктіруге қатысты танылған, ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде жүзеге асырылған басқа да түзетулердің қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашқаны жөн.

73 72-параграфта келтірілген қағидатты жүзеге асыру үшін сатып алушы мынадай ақпараттарды ашуға тиіс:

(а) ағымдағы кезеңде танылған басқа да кірістер немесе залал сомасы және түсіндірулер, олар:

(і) сатып алынған бірегейлендірілген активтерге не міндеттемелерге немесе ағымдағы немесе өткен кезеңде жүзеге асырылған бизнесті біріктіру кезінде қабылданған шартты міндеттемелерге жатқызылады; және

(іі) бірлескен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін мұндай ашу орынды болатын осындай мөлшерді, сипатты немесе әсер етуді;

(b) егер тікелей алдыңғы кезеңде жүзеге асырылған бизнесті біріктіруді бастапқы есепке алу осы кезеңнің аяғында шартты түрде ғана айқындалған болса, шартты мәндерді түзету сомасы және түсіндіру;

(c) ашылуы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтері, міндеттемелері және шартты міндеттемелері үшін 8 IAS Халықаралық стандартында талап етілетін қателерді түзеу жөніндегі немесе сатып алушы 63 және 64-параграфтарға сәйкес ағымдағы кезең ішінде танитын осы баптарға жатқызылған мәндердің өзгеруі туралы ақпарат.