
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
(а) 37 IAS сәйкес танылатын сома; және
(b) 18-«Түсім» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылған, бастапқыда шегеріммен танылған жинақталған амортизация сомасы, орынды болған жағдайда.
49 48-параграфтың талаптары 39-«Қаржы құралдары - тану және өлшеу» IAS Халықаралық стандартына сәйкес есепке алынған шарттарға қолданылмайды. Алайда, нарықтықтан төмен пайыздық ставкамен заемдар беру бойынша міндеттемелер болып табылмайтын 39 IAS қолданылу аясынан шығарылған заем бойынша міндеттемелер сатып алынатын кәсіпорынның, егер сатып алу күні экономикалық пайдаға негізделген ресурстар шығаруды талап ететін міндеттемені реттеу үшін ықтимал болып табылмайтын болса, немесе егер осы міндеттеменің сомасы жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен өлшенуі мүмкін болмаса, сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелері ретінде есепке алынады. Заем бойынша мұндай міндеттеме 37-параграфқа сәйкес бірлестікке шығындарды бөлген кезде, егер оның әділ құны сенімді өлшенген болса ғана, бөлек танылады.
50 Бизнес бірлестіктеріне арналған шығынды бөлу кезінде жеке танылған шартты міндеттемелер 37 IAS Халықаралық стандартын қолданылу аясынан шығарылады. Алайда, сатып алушы осы шартты міндеттемелер жөнінде ақпаратты 37 IAS Халықаралық стандартына сәйкес бағалау резервтерінің әр класы бойынша ашуға тиіс.
Іскерлік бедел
51 Сатып алушы сатып алу күні:
(а) бизнесті біріктіру кезінде актив ретінде сатып алынған іскерлік беделді тануға; және
(b) бизнесті біріктіруге арналған шығынның бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің және 36-параграфқа сәйкес танылған шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінен асып кетуі болып табылатын оның өзіндік құны бойынша осы іскерлік беделді бастапқыда өлшеу.
52 Бизнесті біріктіру бойынша сатып алынған іскерлік бедел жеке бірегейлендіруге және бөлек тануға берілмейтін активтерден болашақ экономикалық пайда күтуде сатып алушы жасаған төлемді білдіреді.
53 Нәтижесінде іскерлік бедел ретінде танылған сомаға (немесе 56-параграфқа сәйкес есепке алынған) бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің немесе сатып алу күні 37-параграфты бөлек тану өлшемдеріне жауап бермейтін сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелері дәрежесінде ықпал ету пайда болады. Бұл іскерлік беделдің бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелерін танығаннан кейін бизнесті біріктірудің қалдық құны ретінде өлшенуімен байланысты.
54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
55 Бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік бедел амортизациялануға тиісті емес. Сатып алушы, егер оқиға немесе жағдайдың өзгеруі 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес оның құнсыздануы мүмкін екенін көрсететін болса, мұның орнына жыл сайын немесе жиі-жиі іскерлік беделді құнсыздандыруға тест жүргізуге тиіс.
Сатып алушының сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінің сатып алу құнынан асып кетуі
56 36-параграфқа сәйкес танылған, егер сатып алушының бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесі бизнесті біріктіруге арналған шығыннан асып кетсе, сатып алушы:
(а) бірегейлендіруге қайта бағалау жасауы және сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін өлшеуі және осы біріктіру құнын өлшеуі қажет; және
(b) пайдадағы немесе залалдағы осы қайта бағалаудан кейінгі қалған асып кетуді тез арада танығаны жөн.
57 56-параграфқа сәйкес танылған кіріске мынадай бір немесе бірнеше құрамдар кіруі мүмкін:
(а) бизнесті біріктіруге арналған шығынның әділ құнын немесе сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің немесе шартты міндеттемелерінің әділ құнын өлшеу кезіндегі қателер. Сатып алынатын кәсіпорынға қатысты сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің немесе шартты міндеттемелерінің әділ құнында дұрыс көрсетілмеген болашақтағы ықтимал шығындар осындай қателер үшін ықтимал қате болып табылады;
(b) әділ құннан айырмасы бар, бірақ бизнесті біріктіруге арналған шығындарды бөлу мақсаты үшін әділ құн болып табылады деп есепке алынған сома бойынша сатып алынған бірегейлендірілетін таза активтерді өлшеудің қаржылық есептілік стандартының талабы. Мысалы, В қосымшасындағы нұсқауларда сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің және міндеттемелерінің әділ құндарын айқындау бойынша салық активтеріне және міндеттемелерге жатқызылған соманың дисконтталмаған болуы талап етіледі;
(с) пайдалы сатып алу.