
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
(а) егер актив материалдық емес актив болып табылмаған жағдайда, оларға байланысты болашақ экономикалық пайда сатушыға түседі және оның әділ құны әділ өлшенуі мүмкін;
(b) егер міндеттеме шартты міндеттеме болып табылмаса, міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайдаға негізделген ресурстарды табу талап етілетіні және оның әділ құны сенімді өлшенген болуы мүмкін деген ықтималдық;
(с) материалдық емес актив немесе шартты міндеттеме үшін - олардың әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін болса ғана жеке тануға тиіс.
38 Сатып алушының сатып алу күнінен кейінгі пайдасы және залалдары туралы есепте сатып алушы үшін бизнесті біріктіруге арналған шығындарға негізделген сатып алынатын кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын қоса алғанда сатып алынатын кәсіпорынның кірістері мен шығыстары болуға тиіс. Мысалы, сатып алынатын кәсіпорынның амортизацияланатын активтеріне жатқызылатын сатып алушының кірістері мен залалдары туралы есепке сатып алу күнінен кейін енгізілген амортизацияланған шығыстар осындай амортизацияланатын активтердің сатып алу күнгі әділ құнына, яғни олардың сатып алушыға арналған құнына негізделеді.
39 Сатып алу әдісін қолдану сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылауды нақты алатын күн болып табылатын сатып алу күнінен бастайды. Сатып алушы бақылау жасауды алғанға дейін заңға сәйкес операцияларды жабуға немесе аяқтауға қажеттілік жоқ, өйткені бақылау дегеніміз оның қызметінен пайда алу үшін кәсіпорынның немесе коммерциялық қызметтің қаржылық және операциялық саясатын басқару құқығы. Бизнесті біріктірумен қоса жүретін барлық орынды фактілер мен жағдайлар сатып алуды бақылаушы алғанда бағалаған кезде назарға алынуға тиіс.
40 Сатып алушы бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алынатын кәсіпорынның олардың сатып алу күнгі әділ құны бойынша 37-параграфтағы тану өлшемдеріне жауап беретін шартты міндеттемелерін танитындықтан, сатып алынатын кәсіпорындағы азшылық үлесі осы активтердің таза әділ құнындағы азшылық үлесіне теңбе-бең белгіленеді. В қосымшасының В16 және В17-параграфтарында бизнесті біріктіруге арналған шығынды бөлу мақсатында сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің әділ құнын айқындау жөніндегі нұсқау беріледі.
Сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтері және міндеттемелері
41 Сатып алушы 36-параграфқа сәйкес біріктіруге арналған шығындарды бөлу кезінде сатып алу күнгі бар және 37-параграфтағы тану өлшемдеріне жауап беретін бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелерін ғана бөлек таниды. Демек:
(а) сатып алушы біріктіруге арналған шығынды бөлу кезінде сатып алынатын кәсіпорынның қызметін тоқтату немесе қысқарту жөніндегі міндеттемелерді кәсіпорынның сатып алу күнгі қайта құрылымдау жөніндегі 37-«Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS сәйкес танылған міндеттемелері болған кезде ғана тануға тиіс; және
(b) сатып алушы бизнесті біріктіру құнын бөлу кезінде болашақ залалдар немесе осы бірлесу нәтижесінде келтіріледі деп күтілетін басқа да шығыстар бойынша міндеттемелерді танымауға тиіс.
42 Егер кәсіпорын бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған жағдайда, кәсіпорын шарт бойынша, мысалы, өзінің қызметкерлеріне немесе жеткізушілеріне төлеу талап етілетін төлем, кәсіпорынның бар міндеттемесі болып табылады, ол бизнестің біріктірілетіні сенімді болғанға дейін шартты міндеттеме ретінде қаралады. Шартты міндеттеме 37 IAS сәйкес, егер бизнестің біріктірілетіні сенімді болғанда және осы міндеттеме сенімді өлшенуі мүмкін болғанда, осы кәсіпорынның міндеттемесі ретінде танылады. Осыдан келіп: бизнесті біріктіру жүзеге асырылған кезде сатып алынатын кәсіпорынның осындай міндеттемесін біріктіруге арналған шығынды бөлу кезінде сатып алушы таниды.
43 Алайда бизнесті біріктіру кезінде орындалуы осы сатып алуға байланысты болатын сатып алынатын кәсіпорынды қайта құрылымдау жоспары сатып алынатын кәсіпорынның бизнес бірлестігі алдындағы тікелей бар міндеттемесі болып табылмайды. Ол сондай-ақ сатып алынатын кәсіпорынның тікелей бірлестік алдындағы шартты міндеттемесі болып табылмайды, өйткені сатып алынатын кәсіпорынның бақылауында толығымен болмайтын, бар екені бір немесе бірнеше белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен ғана расталатын өткен оқиғалардан туындайтын ықтимал міндеттемелер болып табылмайды. Демек, сатып алушы осындай қайта құрылымдау жоспары бойынша міндеттемені бірлестікке арналған шығынды бөлудің бір бөлігі ретінде тануға тиісті емес.
44 Бірегейлендірілетін активтерге және 36-параграфқа сәйкес танылатын міндеттемелерге сатып алушы сатып алған барлық активтер мен сатып алынатын кәсіпорынның, оның барлық қаржылық активтері мен қаржылық міндеттемелерін қоса алғанда, олар қабылдаған міндеттемелері кіргізіледі. Олар сондай-ақ олар сатып алынғанға дейін тануға арналған талаптарға жауап бермегендіктен, сатып алынатын кәсіпорынның қаржылық есебінде бұрын танылмаған активтер мен міндеттемелерді қамтуы да мүмкін. Мысалы, сатып алынатын кәсіпорын бизнесті біріктіргенге дейін танымаған сатып алынатын кәсіпорынның салықтық залалынан туындаған салық жеңілдігі, егер сатып алушы оған қатысты танылмаған салық жеңілдігі қабылдануы мүмкін болашақ салық салынатын пайдаға ие болу ықтималдығы болса, 36-параграфқа сәйкес бірегейлендірілетін актив ретінде тану үшін талаптарға жауап береді.
Сатып алынатын кәсіпорынның материалдық емес активтері
45 37-параграфқа сәйкес сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның сатып алу күнгі материалдық емес активтерін, егер ол 38-«Материалдық емес активтер» IAS материалдық активті айқындауға жауап берсе ғана және оның әділ құны сенімді өлшенген болса ғана жеке таниды. Бұл - егер осы жоба материалдық емес активтің айқындамасына жауап берсе және оның әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін болса, сатып алушының актив ретінде іскерлік беделден бөлек аяқталмаған зерттеу жобасын және сатып алынатын кәсіпорынның әзірлемесін танитынын білдіреді. 38 IAS бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активтердің әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін болатынын айқындау жөніндегі нұсқау бар.
46 Физикалық нысаны жоқ монетарлық емес актив материалдық емес активтің айқындамасына жауап беру үшін бірегейлендірілген болуға тиіс. 38 IAS сәйкес актив, егер ол:
(а) бөлінетін болып табылса, бөлек немесе тиісті шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге, яғни оны кәсіпорыннан бөлектеуге немесе бөліп шығаруға және сатуға, беруге, лицензиялауға, жалға тапсыруға немесе айырбастауға болса; немесе
(b) осы құқықтарды беруге немесе кәсіпорыннан немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден бөлуге болатын-болмайтынына қарамастан, шарттық немесе басқа заңдық құқықтардың нәтижесі болып табылса, материалдық емес активті айқындаған кезде бірегейлендірілу өлшеміне жауап береді.
Сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелері
47 37-параграф, егер оның әділ құны сенімді өлшенген болса ғана, бизнесті біріктіруге арналған шығынды бөлген кезде сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемесін жеке танитынын белгілейді. Егер оның әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін болмаса:
(а) оның бар екені танылған іскерлік бедел сомасында немесе 56-параграфқа сәйкес есепке алынған айырмада көрсетіледі; және
(b) сатып алушы осы шартты міндеттеме жөнінде ақпаратты 37 IAS сәйкес ашуға тиіс.
В қосымшасының В16 (І)-параграфында шартты міндеттеменің әділ құнын айқындау жөніндегі нұсқама беріледі.