Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Биз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:

(a) сатып алынатын кәсіпорынға бақылауға айырбастау үшін айырбастау күнгі берілген активтердің, туындаған немесе қабылдаған міндеттемелердің және сатып алушы шығарған үлестік құралдарының әділ құнының; плюс

(b) осы бизнесті біріктіруге тікелей қатысты кез келген шығындардың жиынтығы ретінде өлшегені жөн.

25 Сатып алу күні болып сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылауды нақты алатын күн саналады. Егер бұған жалғыз айырбастау операциясының нәтижесінде қол жеткізілсе, онда айырбастау күні сатып алу күніне сәйкес келеді. Алайда бизнесті біріктіруге жалғыз айырбастау операциясынан артық қамтылуы мүмкін, мысалы, акцияларды кезең-кезеңмен кезектілікпен сатып алу жүргізіледі. Мұндай болған кезде:

(a) бизнесті біріктіруге арналған шығындар жекелеген операциялар шығындарының жиынтығын құрайды; және

(b) айырбастау күні әрбір айырбастау операциясының күні болып табылады (яғни әрбір жеке инвестицияны сатып алушының қаржылық есептілігінде тану күні), мұндайда сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылауды алған күн сатып алу күні болып табылады.

26 Берілген активтер және туындаған немесе 24-параграфқа сәйкес сатып алынатын кәсіпорынға бақылау жасауға айырбас ретінде сатып алушы қабылдаған міндеттеме олардың айырбастау күнгі әділ құны бойынша өлшенуге тиіс. Сондықтан бизнесті біріктіруге арналған барлық шығындар немесе оның қандай да болмасын бір бөлігі бойынша есеп айырысуға мұрсат берілген кезде осы кейінге қалдырылған құрамның әділ құны міндеттемені реттеу кезінде орын алуы ықтимал сыйлықақылар мен жеңілдіктерді есепке ала отырып олдардың айырбастау күнгі құнына дейінгі төленуге тиісті соманы дисконттеу әдісімен айқындалуға тиіс.

27 Айырбастау күні жарияланған, үлестік құралға белгіленген баға құралдың әділ құнының ең жақсы негіздемесі болып табылады және өте сирек жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуға тиіс. Басқа куәліктер мен бағалау тәсілдері сатып алушы айырбастау күнгі жарияланған баға әділ құнның сенімсіз көрсеткіші болып табылатынын және басқа да куәліктер мен бағалау әдістері үлестік құралдың әділ құнын неғұрлым сенімді өлшеуді қамтамасыз ететінін көрсете алған сирек жағдайларда ғана есепке алынуға тиіс. Айырбастау күні жарияланған баға нарықтың тарылу әсерінде болғанда ғана сенімсіз көрсеткіш болып табылады. Егер айырбастау күні жарияланған баға сенімсіз көрсеткіш болып табылса немесе егер сатып алушы шығарған үлестік құралдар үшін жарияланған баға болмаса, онда осы құралдардың әділ құны, мысалы, сатып алушының әділ құнындағы олардың теңбе-тең үлесіне қатысты немесе сатып алынатын кәсіпорынның әділ құнындағы алынған теңбе-тең үлеске қатысты олардың қайсысы неғұрлым дәлелді болуына байланысты бағалануы мүмкін. Сатып алынатын кәсіпорынның меншікті капиталын иеленушілерге үлестік құралдарға балама ретінде берілетін монетарлық активтердің айырбастау күнгі әділ құны сатып алушыға сатып алынатын кәсіпорынға бақылауға айырбас ретінде берілетін жиынтық әділ құнының айғағы бола алады. Қалай болғанда да келіссөздерге әсер ететін маңызды факторларды қоса алғанда, бірлестіктің барлық аспектілерін ескеру қажет. Үлестік құралдардың әділ құнын айқындау бойынша бұдан әрі басшылық 39-«Қаржы құралдары - тану және өлшеу» IАS жазылған.

28 Бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарға туындаған немесе сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылау жасауға айырбас ретінде қабылдаған міндеттемелерді қамтиды. Болашақ залалдар немесе біріктіру нәтижесінде келтіріледі деп күтілетін басқа да шығындар туындаған немесе сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылау жасауға айырбас ретінде қабылдаған міндеттемелер болып табылмайды және тиісінше бірлестікке арналған шығындарға кіргізілмейді.

29 Бизнесті біріктіру құны мамандарға: бухгалтерлерге, заңгерлерге, бағалаушыларға және біріктіруді жүзеге асыруға көмектесетін басқа да консультанттарға төлемдер ретінде біріктіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындарды қамтиды. Сатып алумен айналысатын бөлімшені ұстауға арналған шығындарды қоса алғанда, жалпы әкімшілік шығындар және есепке алуда көрсетілген тікелей нақты біріктіруге жатқызылуы мүмкін емес басқа да шығындар бірлестікке арналған нақты шығындарға кіргізілмейді: олар туындау сәтіндегі шығыстар ретінде танылады.

30 Қаржылық міндеттемелерді орналастыруға және шығаруға арналған шығындар, міндеттеме осы біріктіруді жүзеге асыру үшін шығарылғанның өзінде де, бизнесті біріктіруге тікелей жатқызылған шығынды емес, міндеттемелерді шығару жөніндегі операциялардың ажырамайтын бөлігін құрайды. Демек кәсіпорын мұндай шығындарды бизнес бірлестігінің құнына енгізуге тиісті емес. 39 IАS сәйкес мұндай шығындар міндеттемені бастапқы өлшеу кезінде ескерілуге тиіс.

31 Осылайша алғанда үлестік құралдарды шығаруға арналған шығындар үлестік құралдар бизнесті біріктіруді жүзеге асыру үшін шығарылғанның өзінде де бизнесті біріктіруге тікелей жатқызылған шығынды емес, меншікті капиталды шығару бойынша операциялардың ажырамайтын бөлігін құрайды. Демек кәсіпорын мұндай шығындарды бизнес бірлестігінің құнына енгізуге тиісті емес. 32-«Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру» IАS сәйкес мұндай шығындар капиталды шығарудан түсімді азайтады.

Болашақ оқиғаларға негізделген бизнесті біріктіруге арналған шығындарды түзету

32 Бизнесті біріктіру жөніндегі шарт болашақ оқиғаларға негізделген біріктіруге арналған шығында түзетуді көздейтін болса, онда сатып алушы түзету сомасын осы бірлестікке жұмсалған сатып алу күнгі нақты шығындарға қосуға тиіс, егер түзету ықтималдығы болса, оның шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.

33 Бизнесті біріктіру жөніндегі шарт бір немесе бірнеше болашақ оқиғаларға негізделген біріктіруге арналған шығынды түзетуді көздеуі мүмкін. Түзетулер, мысалы, сақталып отырған немесе болашақ кезеңдерде қол жеткізілетін пайданың белгіленген деңгейіне немесе шығарылған құралдардың нарықтық құнының сақталып отырған деңгейіне негізделуі мүмкін. Кейбір айқын еместіктердің болуына қарамастан, бірлестікті бастапқы есепке алу күнгі мұндай түзетудің шамасын ақпараттың сенімділігін төмендетпей бағалау, әдетте, ықтимал нәрсе. Егер болашақ оқиға болмағанда немесе есеп айырысу бағалауы қайта қарауды керек етсе, онда бизнесті біріктіруге жұмсалған нақты шығындар тиісінше түзетілуі керек.

34 Алайда бизнесті біріктіру жөніндегі шарт осындай түзетуді көздейтін болса, оның сомасына, егер түзету ықтимал ұсынылмаса немесе сенімді өлшеу мүмкін болмаса, бірлестікті бастапқы есепке алу күнгі осы біріктіруге жұмсалған шығын кіргізілмейді. Егер мұндай түзету кейін ықтимал болса және сенімді өлшеу мүмкін болса, онда қосымша өтеу осы бірлестікке арналған шығынға түзету ретінде қаралады.

35 Кейбір жағдайларда сатып алушыға берілген активтердің, шығарылған үлестік құралдардың немесе туындаған немесе сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылау жасауға айырбас ретінде қабылдаған міндеттемелердің құнын төмендету үшін өтемақы ретінде қосымша төлем жасауға тура келеді. Бұл, мысалы, сатып алушы бизнесті біріктіруге арналған шығынның бір бөлігі ретінде шығарылған үлестік немесе борыштық құралдардың нарықтық бағасына кепілдік бергенде және бастапқы айқындалған құнды қалпына келтіру үшін одан қосымша үлестік немесе борыштық құралдарды шығару талап етілген кезде болады. Мұндай жағдайларда бизнесті біріктіруге арналған шығынның құнын ұлғайту танылмайды. Үлестік құралдар жағдайында қосымша төлемнің әділ құнына бастапқы шығарылған құралдарға жатқызылған құнды тиісті азайту есебінен өтем жасалады. Борыштық құралдар жағдайында қосымша төлем сыйлықақыны қысқарту немесе бастапқы эмиссия кезінде дисконтты ұлғайту ретінде қаралады.

Бизнесті біріктірудің құнын сатып алынған активтерге және қабылданған міндеттемелерге және шартты міндеттемелерге бөлу

36 Сатып алушы бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS сәйкес сату үшін арналғандар ретінде жіктелетін және сатуға арналған шығынды шегеріп тастағандағы әділ құны бойынша танылуға тиіс ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтар) қоспағанда, олардың осы күнгі әділ құны бойынша 37-параграфтағы тану өлшемдерін қанағаттандыратын сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелерін тану арқылы бизнесті біріктіруге арналған шығындарды бөлгені жөн. Бизнесті біріктіруге арналған шығындар мен осылайша танылған бірегейлендірілетін активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесі арасындағы айырма 51-57-параграфтарға сәйкес есепке алынуға тиіс.