
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
Бизнесті біріктіру құнын бөлу
В16 Осы ХҚЕС-нда (IFRS) сатып алушының сатып алынатын кәсіпорынның тиісті тану өлшемдеріне жауап беретін активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша тануын талап етеді. Құнды бизнесті біріктіруге бөлу мақсатында сатып алушы мынадай көрсеткіштерді әділ құн ретінде есепке алуға тиіс:
(а) актив нарығында сатылатын қаржы құралдары үшін сатып алушы нарықтық құнның ағымдағы мәнін пайдалануға тиіс;
(b) актив нарығында сатылмайтын қаржы құралдары үшін сатып алушы пайда мен бағаның арақатынасы, дивидендтер бойынша кірістілік және кәсіпорынның осындай сипаттағы салыстырмалы құралдарының күтілетін өсу қарқыны сияқты сипаттамаларын есепке алады;
(c) сатып алушы дебиторлық берешек, бенефициар келісім-шарттары және басқа да бірегейлендірілетін активтер үшін, егер бұл қажет болса, үмітсіз борыштарды және өндіріп алуға арналған шығынды жабуға арналған бағалау резервтерін шегеріп тастағанда тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша айқындалатын алуға жататын келтірілген соманың құнын пайдалануға тиіс. Алайда номиналды және дисконтталған шамалары арасындағы айырма елеусіз болса, қысқа мерзімді дебиторлық берешек, бенефициар келісім-шарттары мен өзге бірегейлендірілетін активтер үшін дисконттау талап етілмейді;
(d) қорлар үшін:
(і) сатып алушы дайын өнімді және тауарларды (1) шығаруға арналған шығын және (2) осындай дайын өнім және тауарлардан пайдаға негізделген сату бойынша сатып алушының күшіне пайданың негізделген норма сомасын шегеріп тастағанда сату бағасын пайдаланғаны жөн;
(іі) сатып алушы аяқталмаған өндірісті (1) аяқтауға арналған шығын, (2) шығаруға арналған шығын және (3) осындай дайын өнімнен пайдаға негізделген аяқтау және сату бойынша күш жұмсауға негізделген пайда нормасы сомасын шегеріп тастағанда дайын өнімнің сату бағасын пайдаланғаны жөн;
(ііі) шикізатты сатып алушы ағымдағы орын ауыстыру құнын пайдалануы тиіс;
(е) жер және үй-жай үшін сатып алушы нарықтық құнды пайдалануға тиіс;
(f) машиналар және жабдықтар үшін сатып алушыға әдетте экспорттық бағалау көмегімен айқындалатын нарықтық құнды пайдаланғаны жөн. Егер машина және жабдықтар объектісінің арнайы сипаттағы себептерінен, сондай-ақ бұл объект сирек сатылатындықтан, жұмыс істеп тұрған бизнестің бөлігі ретінде сатуды қоспағанда, әділ құн туралы нарықтық ақпарат болмаса онда сатушы кіріс негізіндегі әдісті немесе орнына амортизацияланған құн негізінде әдісті пайдалана отырып, әділ құнды есептеу қажет етіледі;
(g) материалдық емес активтер үшін сатып алушы әділ құнды айқындауы тиіс:
(і) 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартында белгіленгеніндей актив нарығы деректері негізінде; немесе
(іі) актив нарығы болмағанда, тәуелсіз, жақсы хабардар және ең жақсы қолда бар ақпарат негізінде (бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активтердің әділ құнын айқындау бойынша қосымша нұсқаулар берілген 38 IAS қараңыз) осындай операцияны жасағысы келетін тараптар арасында операциялар кезінде мұндай активтер үшін сатып алушыға ақы төлеуге тура келетін соманы көрсететін негізде;
(h) сатып алушы қызметкерлерге сыйақы немесе белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспарлары міндеттемелері бойынша таза активтер үшін жоспардың активтерінің әділ құнын шегеріп тастағанда белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің келтірілген құнын пайдаланғаны жөн. Алайда актив ықтимал сомада ғана танылады, ол сатып алушыға зейнетақы жоспарынан қаражатты қайтару немесе болашақ жарналарды қысқарту нысанында қол жетерлік болады;
(і) салық активтері және міндеттемелер үшін сатып алушы салық шығындарынан немесе салық пайдаларын 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес біріктірілетін кәсіпорын тұрғысынан бағаланатын пайдаға немесе залалға қатысты төленуге жататын салықтардан туындайтын салық пайдасы сомасын пайдаланғаны жөн. Салық активтері немесе міндеттеме бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және шартты міндеттемелерді олардың әділ құнына дейін қайта есептеудің салықтық әсерін танығаннан кейін анықталады және дисконтталмайды;
(j) Төлеуге арналған шоттар мен вексельдер, ұзақ мерзімді берешектер, есептеулер мен төлеуге арналған өзге талаптар үшін сатып алушы тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша айқындалған міндеттемелерді реттеу кезінде төлеуге жататын сомалардың келтірілген құндарын пайдаланғаны жөн. Алайда олардың номиналдық және дисконтталған шамалары арасындағы айырма елеусіз болғанда, қысқа мерзімді міндеттемелер үшін дисконттау талап етілмейді;
(k) ауыртпалықты шарттар және басқа да сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін міндеттемелері үшін сатып алушы тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша айқындалған міндеттемелерді реттеу кезінде төлеуге жататын соманың келтірілген құнын пайдаланғаны жөн;
(l) сатып алынатын кәсіпорынның шартты мідеттемелері үшін сатып алушының осы шартты міндеттемелерді өзіне қабылдау үшін үшінші тарап төлеуді талап ететін соманы пайдаланғаны жөн. Мұндай сома неғұрлым ықтимал немесе күтілетін ықтимал ең жоғары немесе ең төменгі ақша қаражаты ағынын ғана емес, ақша қаражаты ағыны туралы күтулердің бүкіл ауқымын көрсетуге тиіс.
B17 Жоғарыда келтірілген нұсқаулықтың кейбір тармақтарында әділ құн келтірілген құн әдісін пайдалана отырып бағалануы талап етіледі. Егер нұсқауларда нақты баптар үшін келтірілген құн әдістерін пайдалануға сілтеме жасалмаса, онда бұл әдістер баптың әділ құнын бағалау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.