
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
Кері сатып алулар
В1 21-параграфта белгіленгеніндей, әдетте кері сатып алулар деп аталатын бизнесті біріктірудің кейбір жағдайларында меншікті капиталға қатысу үлесі сатып алынған, ал оларды шығаратын кәсіпорын сатып алынатын болып табылатын кәсіпорын сатып алушы болып табылады. Бұл, мысалы, жеке кәсіпорын бағалы қағаздарды қор биржасына жіберуді алу үшін қаражат ретінде өзінің «сатып алуын» неғұрлым ұсақ мемлекеттік кәсіпорынмен өзі ұйымдастыратын жеке кәсіпорын. Заң жүзінде бағалы қағаздарды шығаратын мемлекеттік кәсіпорын негізгі кәсіпорын ретінде, ал жеке кәсіпорын еншілес ретінде қарала тұрса да, оның қызметінен пайда алу үшін заңдық тұрғыдан қарағанда еншілес кәсіпорын, егер ол негізгі кәсіпорынның қаржылық және операциялық саясатын басқару мүмкіндігін алса, сатып алушы болып табылады.
В2 Кәсіпорын В3-В15-параграфтардағы нұсқауларды кері сатып алуды есепке алу кезінде пайдаланғаны жөн.
В3 Кері сатып алуды есепке алу сатып алу күнгі бизнесті біріктіруге арналған шығынды бөлуді белгілейді және бизнесті біріктіргеннен кейінгі операцияларға қолданылмайды.
Бизнесті біріктірудің құны
В4 Егер үлестік құралдарды шығару бизнесті біріктіру құнының бір бөлігі болып табылса, онда 24-параграфтың талаптарына сәйкес бизнесті біріктіру құны осы үлестік құралдардың айырбастау күнгі әділ құнын қамтуға тиіс. 27-параграф, сенімді жария етілген баға болмаған жағдайда, үлестік құралдардың әділ құны қайсысының неғұрлым дәлелді екендігіне байланысты сатып алушы кәсіпорынның әділ құнының немесе сатып алынатын кәсіпорынның әділ құнының негізінде есептелуі мүмкін болатынын көрсетеді.
В5 Кері сатып алу кезінде бизнесті біріктіру құны, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынға (яғни, есепке алу мақсатында сатып алушыға) келтірілген, заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның (яғни, есепке алу мақсатында сатып алынатын кәсіпорынның) меншік иелері үшін шығарылған үлестік құралдары түрінде деп саналады. Егер бизнесті біріктіру құнын айқындау үшін, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның үлестік құралдарының жария етілген бағасы пайдаланылса, заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның меншік иелері үшін бірлескен кәсіпорындағы кері сатып алу нәтижесінде бірлескен кәсіпорындағы бар меншік үлесінің пайызы бойынша қамтамасыз ету үшін еншілес кәсіпорын шығаруға тиісті болған үлестік құралдардың мұндай санын есептеген жөн. Үлестік құралдар санының осылайша есептелген әділ құнын бизнесті біріктіру құны ретінде қабылдаған жөн.
В6 Егер заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның үлестік құралдарының әділ құны анық көрнекі болмаса, онда бизнесті біріктіргенге дейінгі шығарылған заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның барлық үлестік құралдарының жалпы әділ құны біріктіру құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланылуға тиіс.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну
В7 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есептілік заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның атынан шығарылуға, бірақ ескертулерде заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның (яғни есепке алу мақсатында сатып алушының) қаржылық есебінің жалғасы ретінде сипатталуға тиіс. Мұндай шоғырландырылған қаржылық есептілік заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның қаржылық есебінің жалғасын білдіретіндіктен:
(а) заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері танылуға және біріктіргенге дейінгі олардың баланстық құны бойынша осындай шоғырландырылған қаржылық есепте өлшенуге тиіс;
(b) бөлінбеген пайда сальдосы және осындай шоғырландырылған қаржылық есепте танылған меншікті капиталдың басқа да компоненттері бөлінбеген пайда сальдосына және бизнесті біріктіру алдындағы тікелей заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншікті капиталының басқа да компоненттеріне тең болуға тиіс;
(c) осындай шоғырландырылған қаржылық есептегі шығарылған үлестік құралдар ретінде танылған сома В4-В6-параграфтарына сәйкес заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның шығарылған капиталына, біріктіруді жүзеге асыру үшін олар шығарған үлестік құралдарды қоса алғанда, айқындалған біріктіруге шығынды қосу арқылы айқындалуға тиіс;
(d) осындай шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұсынылған салыстырмалы ақпарат заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның салыстырмалы ақпараты болуға тиіс.
В8 Кері сатып алуды есепке алу тек қана шоғырландырылған қаржылық есепте қолданылады. Сондықтан заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның жеке қаржылық есептілігінде мұндай болған кезде заңды еншілес кәсіпорынға инвестиция инвестордың жеке қаржылық есептілігіндегі инвестицияларды есепке алу бойынша 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» IAS Халықаралық стандарты талаптарына сәйкес есепке алынады.
В9 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есептілік заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның (яғни есепке алу мақсатында сатып алушының) активтерінің, міндеттемелерінің, шартты міндеттемелерінің әділ құнын көрсетуге тиіс. Сондықтан бизнесті біріктіруге арналған шығындар сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша өлшенген 37-параграфта танылған өлшемдерге жауап беретін заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтеріне, міндеттемелеріне, шартты міндеттемелеріне жатқызылуға тиісті. Бизнесті біріктіруге арналған шығындардың осындай баптардың таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінен асып кетуі 51-55-параграфтарға сәйкес есепке алынуға тиіс. Баптардың таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінің біріктіруге арналған шығындардан асып кетуі 56-параграфқа сәйкес ескеріліге тиіс.
Азшылық үлесі
В10 Кейде кері сатып алу жағдайларында заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның кейбір меншік иелері ондағы үлестік құралдарды заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның үлестік құралдарына айырбастамайды. Үлестік құралдары осындай меншік иелеріне тиесілі емес кәсіпорын (заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорын) басқа кәсіпорын бола тұрса да (заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорын), мұндай меншік иелерінің үлестері кері сатып алудан кейін дайындалған шоғырландырылған қаржылық есепте азшылық үлес ретінде есепке алынуға тиіс. Мұның өзі мұндай үлестік құралдарды заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның үлестік құралдарына айырбастауға қатыспайтын заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншік иелері бірлескен кәсіпорынның нәтижелерінде және таза активтерінде емес, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның нәтижелерінде және таза активтерінде ғана үлесі болатынымен байланысты. Және, керісінше, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның барлық меншік иелері, сатып алушы ретінде қаралатынына қарамастан, бірлескен кәсіпорынның нәтижелерінде және таза активтерінде үлесі болады.
В11 Заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері бірлескенге дейінгі олардың баланстық құны бойынша шоғырландырылған қаржылық есепте танылатын және өлшенетін болғандықтан, азшылық үлесі бірлескенге дейін заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның таза активтерінің баланстық құнында акционерлердің азшылық үлесін теңбе-тең көрсетуге тиіс.
Акцияға пайда
В12 В7(с)-параграфта көрсетілгеніндей, шоғырландырылған қаржылық есепте ұсынылған, кері сатып алудан кейін дайындалған капиталдың құрылымы, бизнесті біріктіруді жүзеге асыру үшін ол шығарған үлестік құралдарды қоса алғанда, заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның капиталының құрылымын көрсетеді.
В13 Кері сатып алу жүргізілген кезеңнің ішінде айналыста тұрған (бөлімі) әдеттегі акциялардың орташа алынған санын есептеу мақсатында:
(а) осы кезеңнің басынан бастап сатып алу күніне дейін айналыста тұрған әдеттегі акциялардың санын заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншік иелері үшін заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорын шығарған әдеттегі акциялар санына тең деп санау керек;
(b) сатып алу күнінен бастап осы кезеңнің аяғына дейін айналыста тұрған әдеттегі акциялардың саны заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның осы кезең ішінде айналыста тұрған әдеттегі акцияларының нақты санына сәйкес келуге тиіс.
В14 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есепте ұсынылған, сатып алу күніне дейінгі әрбір салыстырмалы кезең үшін ашылатын акцияға негізгі пайда кері сатып алу кезінде осы кезеңдердің әрқайсысында жай акцияларды иеленушілерге сай келетін заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның пайдасын немесе залалын заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорын заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншік иелері үшін шығарған жай акциялар санына бөлумен есептелуге тиіс.
В15 В13 және В14-параграфтарында келтірілген есептеулерде салыстырмалы кезең ішінде және кері сатып алу жүргізілген кезеңнің басынан бастап сатып алу күніне дейінгі уақыт ішінде заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорын шығарған жай акциялардың санына ешқандай өзгеріс болған жоқ деп болжанады. Акцияларға пайданың есебі осы кезеңнің ішінде заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорын шығарған жай акциялар санының өзгеруіне ықпал есебінде қабылдау үшін тиісті түрде түзетілген болуға тиіс.