
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері
- •Қолданылу саласы
- •Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру
- •Есепке алу әдісі
- •14 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады.
- •Сатып алу әдісін қолдану
- •Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру
- •17 Сатып алушы барлық бизнес бірлестіктері үшін айқындалуы тиіс. Сатып алушы - бірлескен кәсіпорын, ол басқа бірлескен кәсіпорындарға немесе қызмет түрлеріне бақылау жасауды алады.
- •24 Сатып алушы бизнесті біріктіру құнын:
- •37 Сатып алушы сатып алу күнгі бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алуға арналған кәсіпорынның шартты міндеттемелерін, егер олар осы күні мынадай өлшемдерге жауап беретін:
- •48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:
- •51 Сатып алушы сатып алу күні:
- •54 Сатып алушы бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.
- •Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру
- •Шартты түрде айқындалған бастапқы есепке алу
- •66 Сатып алушы пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:
- •74 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның қаржылық есептілігін кезең ішінде іскерлік беделдің баланстық құнындағы өзгерістерді бағалау үшін мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
- •Бұрын танылған іскерлік бедел
- •Бұрын танылған теріс іскерлік бедел
- •Бұрын танылған материалдық емес активтер
- •Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын инвестициялар
- •Шектелген ретроспективті қолдану
- •А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
- •В қосымшасы: Қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
- •Кері сатып алулар
- •Бизнесті біріктіру құнын бөлу
А қосымшасы: Терминдер анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
ықтимал |
Мүмкін емеске қарағанда, сірә мүмкін. |
өзара кәсіпорын |
Инвестордың меншігіндегі кәсіпорыннан айырмасы бар кәсіпорын, мысалы, өзара сақтандыру компаниясы немесе сақтандыру полисін ұстаушыға немесе қатысушыларға тікелей және теңбе-тең неғұрлым аз шығынды немесе басқа да экономикалық пайданы қамтамасыз ететін өзара ынтымақтастық кәсіпорны. |
іскерлік бедел |
Жеке бірегейлендіруге және бөлек тануға жатпайтын активтерден болашақ экономикалық пайда. |
айырбастау күні |
Егер бизнесті біріктіруге жалғыз айырбастау операциясы негізінде қол жеткізілсе, онда сатып алу күні айырбастау жүргізілген күн болып табылады. Бизнесті біріктіруге бір айырбастау операциясынан артық қамтылса, мысалы, ол кезектілікпен акциялар сатып алу арқылы кезең-кезеңмен жүзеге асырылса, айырбастау күні болып сатып алушының қаржылық есебіндегі әрбір жеке инвестициялар танылады. |
сатып алу күні |
Сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылауды алған күн. |
келісім жасалған күн |
Бірігуші тараптар арасындағы барлық маңызды мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілген күн және кәсіпорынның жағдайында акциялар ашық нарықта айналыста болады және бұл туралы көпшілікке хабарланған. Бірігуші тараптар арасындағы барлық маңызды мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілген бірінші күннің өзі қасақана жойған жағдайда сатып алынатын кәсіпорынның жеткілікті сандағы меншік иелері сатып алынатын кәсіпорынға соңғысының бақылау алуы үшін сатып алушының ұсынысын қабылдаған күн болып табылады. |
азшылық үлесі |
Еншілес кәсіпорын арқылы негізгі кәсіпорын тікелей немесе жанама иелік етпейтін меншікті капиталдағы қатысу үлесіне сәйкес келетін еншілес кәсіпорынның пайдасы немесе залалының және таза активтерінің бөлігі. |
еншілес кәсіпорын |
Негізгі кәсіпорын ретінде белгілі басқа кәсіпорын бақылайтын кәсіпорын (корпорация болып табылмайтын кәсіпорынды қоса алғанда, мысалы, серіктестік) |
кәсіпорын |
Қызметтер мен активтердің мыналарды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын және басқарылатын бірыңғай жиынтығы: |
|
(а) инвесторларға кіріс; немесе |
|
(b) сақтандыру полисін ұстаушыларға немесе қатысушыларға шығынды азайту немесе тікелей және теңбе-тең басқа да экономикалық пайда алу үшін. |
|
Кәсіпорын дұрысында ресурстарға қолданылатын және пайдаланылатын немесе болашақта түсім алу үшін алдағы уақытта пайдалануға арналған ақырғы өнім нәтижесінде алынатын процестерден тұрады. Егер берілетін қызмет және активтер жиынтығында іскерлік бедел болса, онда мұндай кешенді коммерциялық қызмет деп санауға болады. |
бақылау |
Кәсіпорынның немесе коммерциялық қызметтің қаржылық және операциялық саясатына олардың қызметінен пайда алу үшін басқару құқығы. |
негізгі кәсіпорын |
Бір немесе бірнеше еншілес кәсіпорындары бар кәсіпорын. |
материалдық емес актив |
«Материалдық емес актив» термині оған 38-«Материалдық емес активтер» IAS берілген мәні бар термин, яғни нақты мәні жоқ бірегейлендірілетін монетарлық емес актив. |
бизнесті біріктіру |
Жекелеген кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлерін бір есеп беретін кәсіпорынға біріктіру. |
жалпы бақылауда тұрған ұйымдарды немесе кәсіпорындарды қамтитын бизнес бірлестіктері |
Барлық біріктірілетін кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлері ақырғы есепте біріктіруге дейінгі сол сияқты біріктіруден кейінгі сол тараптың өзі бақылайтын бизнес бірлестігі және бұл бақылау уақытша болып табылмайды. |
есеп беретін кәсіпорын |
Ресурстарды бөлу бойынша шешімдер қабылдау кезінде оларға пайдалы ақпаратты алу үшін оның жалпы пайдалануға тағайындалған қаржылық есептілігін негізге алатын пайдаланушылары бар кәсіпорын. Бас және оның барлық еншілес кәсіпорындарынан тұратын жеке кәсіпорын немесе топ есеп беретін кәсіпорын бола алады. |
бірлескен қызмет |
«Бірлескен қызмет» термині оған 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IАS берген мәні бар, яғни бірлескен бақылауға жататын экономикалық қызметті екі немесе бірнеше тарап жүзеге асыратын шарттық келісім. |
әділ құны |
Актив айырбасталуы немесе жақсы хабардар, осындай операцияны жасағысы келетін тәуелсіз тараптар арасында міндеттемелер орындалуы мүмкін сома. |
шартты міндеттеме |
«Шартты міндеттеме» термині оған 37-«Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS берген мәні бар: |
|
(а) өткен оқиғалардан туындайтын және оның болуы кәсіпорынның бақылауына толықтай кіргізілмеген бір немесе бірнеше айқын емес болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе |
|
(b) бар міндеттеме, өткен оқиғалардан туындаған мыналардың себебінен танылмайтын: |
|
(і) ықтималдық жоқ, міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдаға негізделген ресурстардың шығуын талап етеді; немесе |
|
(іі) міндеттемелердің шамасы жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен өлшенуі мүмкін емес. |