Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Биз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

3 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері

МАҚСАТЫ

1 Осы Стандарттың мақсаты бизнесті біріктіруді жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржылық есептіліктің сипаттамасы болып табылады. Ол, атап айтқанда, бизнесті біріктірудің барлығы сатып алу әдісін қолдана отырып ескерілуге тиіс екендігін белгілейді. Осылайша, сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша таниды, сондай-ақ кейіннен құнсыздануға тексерілетін, бірақ амортизацияланбайтын іскерлік беделді де таниды.

Қолданылу саласы

2 Кәсіпорын, 3-параграфта келтірілген жағдайларды қоспағанда, бизнесті біріктіруді есепке алу кезінде осы Стандартты қолдануға тиіс.

3 Осы Стандарт мыналарға қолданылмайды:

(а) жекелеген кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлері бірлескен қызметті ұйымдастыру үшін бірігетін бизнес бірлестіктеріне;

(b) жалпы бақылауда тұрған кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлерін қамтитын бизнес бірлестіктеріне;

(c) екі немесе одан көп өзара қарым-қатынастағы кәсіпорындарды қамтитын бизнес бірлестіктеріне;

(d) меншік үлесін алмай, есеп беретін кәсіпорындар ұйымдастыру үшін дербес шарт бойынша жекелеген кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлері біріккен бизнес бірлестіктеріне (мысалы, жекелеген кәсіпорындар қосарлы листингі бар корпорациялар қалыптастыру үшін дербес шарт бойынша бірлескен бірлестіктер).

Бизнесті біріктіруді бірегейлендіру

4 Бизнес бірлестіктері - бұл жекелеген кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлерінің бір есеп беретін кәсіпорындар бірігуі. Түгелдей дерлік бизнес бірлестіктерінің нәтижелері бір кәсіпорын (сатып алушы) коммерциялық қызмет болып табылмайтын бір немесе бірнеше басқа кәсіпорындарға бақылау жасауды қолына алса, онда мұндай кәсіпорындардың бірлестігі бизнес бірлестігі болып табылмайды. Коммерциялық қызметті құрамайтын кәсіпорын активтер тобын немесе таза активтерді сатып алса, онда ол осы топтың құнын жекелеген бірегейлендірілген активтер және осы топтың міндеттемелері арасында, сатып алу күнгі салыстырмалы түрдегі әділ құнын негізге ала отырып бөлуге тиіс.

5 Бизнесті біріктіру құрылым бойынша заңдық, салықтық және басқа себептермен барынша түрліше тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл - кәсіпорынның, бірлесіп коммерциялық қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін құрайтын басқа кәсіпорынның меншікті капиталын сатып алуы, басқа кәсіпорынның барлық таза активтерін сатып алуы, басқа кәсіпорынның міндеттемелерін өзіне қабылдауы немесе басқа кәсіпорынның таза активтерінің бір бөлігін сатып алуы болуы мүмкін. Бизнесті біріктіру үлестік құралдарды шығару, ақша қаражатын, ақша қаражаты баламасын аудару немесе басқа активтерді немесе олардың құрамдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Операция бірлесетін кәсіпорындардың акционерлері арасында немесе бір кәсіпорын және басқа кәсіпорынның акционерлері арасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл бірлесетін кәсіпорындарға немесе таза берілген активтерге бақылау жасау үшін жаңа кәсіпорын құру немесе бір немесе бірнеше бірлесуші кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру болуы мүмкін.

6 Бизнесті біріктіру «негізгі кәсіпорын - еншілес кәсіпорын» байланысының туындауына алып келуі мүмкін, бұл ретте сатып алушы - негізгі кәсіпорын, ал сатып алынатыны - сатып алушының еншілес кәсіпорны болып табылады. Мұндай жағдайда сатып алушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есебінде осы Cтандартты қолданады. Ол өзінің сатып алынатын кәсіпорындағы қатысу үлесін шығарылатын жеке қаржылық есептілікке еншілес кәсіпорынға инвестиция ретінде енгізеді (қараңыз 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі» IAS).

7 Бизнесті біріктіру, басқа кәсіпорынның меншікті капиталын сатып алғанша алдымен басқа кәсіпорынның таза активтерін, оның ішінде іскерлік бедел, сатып алуды қамтуы мүмкін. Бизнесті мұндай ұйымдастыру «негізгі кәсіпорын - еншілес кәсіпорын» қатынасының туындауына әкеліп соқтырмайды.

8 Бизнес бірлестіктерінің айқындамасына сәйкес келеді, демек осы Стандартты бизнес бірлестігіне қолдану аясына кіреді, онда бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға бақылау жасауды алады, бірақ олар үшін бақылауды алу күні (яғни сатып алу күні) меншік үлесін сатып алу күнімен немесе күндерімен (яғни айырбастау күнімен немесе күндерімен) сәйкес келмейді. Мұндай жағдай, мысалы, инвестиция объектісі өздерінің кейбір инвесторларымен акцияларды кері сатып алу жөнінде келісім жасаған кезде туындауы ықтимал және нәтижесінде инвестициялар объектісіне бақылау нәтижесінде ауысады.

9 Осы Стандарт бірлескен қызметке қатысушылар үшін бірлескен қызметке қатысу үлесін есепке алу тәртібін белгілемейді (осы 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IАS).

Жалпы бақылауда тұрған кәсіпорындарды қамтитын бизнес бірлестіктері

10 Жалпы бақылауда тұрған кәсіпорындарды немесе коммерциялық қызмет түрлерін қамтитын бизнес бірлестіктері - барлық біріктірілетін кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлері түпкі нәтижесінде бизнесті біріктіргенге дейін және сол сияқты біріктіргеннен кейін де нақ сол тарап немесе тараптар бақылайтын бизнес бірлестігі, және бұл бақылау уақытша болып есептелмейді.

11 Жеке тұлғалардың, егер шарттық келісімдер нәтижесінде соның қаржылық және операциялық саясатын кәсіпорын қызметінен пайда алатындай түрде басқару құқығын ұжымдасқан түрде алатын болса, басқарушы кәсіпорын ретінде қарастырған жөн. Демек, бизнес бірлестігі, егер осы жеке тұлғалардың нақ сол тобының бірлесуші кәсіпорындардың әрқайсысының, олардың қызметінен қаржылық және операциялық саясатын пайда алатындай түрде негізгі ұжымдық басқару құқығы болса, және осы құқық уақытша болып табылмаса, осы Стандарт қолданылу аясына кірмейді.

12 Кәсіпорынға осы шарттық келісімге сәйкес іс-әрекет ететін жеке тұлға немесе жеке тұлғалар тобы бақылау жасай алады, және осы жеке тұлға немесе жеке тұлғалар тобы ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілік ұсыну жөніндегі талаптардың субъектісі болып табылмауы мүмкін. Осылайша, бірлесуші кәсіпорындар үшін жалпы басқаруда тұрған кәсіпорындарды қамтитын бизнес бірлестіктері ретінде қарастыру үшін бизнесті біріктіру жөніндегі сол бір шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілу қажеттілігі жоқ.

13 Бизнесті біріктіргенге дейін немесе кейін бірлесуші кәсіпорындардың әрқайсысындағы азшылық үлес шамасы жалпы бақылауда тұрған кәсіпорын бизнес бірлестігіне кіретін-кірмейтінін айқындаған кезде маңызды болып саналмайды. Осылайша, 27 IAS сәйкес бірлесетін кәсіпорындардың біреуі топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігінен шығарылған еншілес кәсіпорын болып табылу фактісі жалпы бақылауда тұрған кәсіпорын бизнес бірлестігіне кіретін-кірмейтінін айқындаған кезде маңызды болып саналмайды.