
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Жалпы ережелер
- •Қызмет көрсетулер алынған мәмілелер
- •Опционды қайталап алуға құқықтарды есепке алу
- •Егер үлестік құралдардың әділ құны сенімді бағаланбаса
- •Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау
- •Акциялар
- •Акцияларға опциондар
- •Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат
- •Күтілетін мерзімінен бұрын орындау
- •Күтілетін өзгергіштік
- •Листингті алғаш алған ұйымдар
- •Күтілетін дивидендтер
- •Тәуекелсіз пайыздық ставка
- •Капиталдың құрылымына ықпал ету
- •Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер туралы келісімдерді өзгерту
Листингті алғаш алған ұйымдар
В26 В25-параграфта айтылғандай, кәсіпорын акция бағасының тарихи өзгергіштігін негізінен опционның күтілетін мерзімімен өлшемдес ең соңғы кезең ішінде қарауы тиіс. Егер листингтен жақында өткен кәсіпорынның тарихи өзгергіштік туралы жеткілікті ақпараты болмаса, онда ол кем дегенде оның акцияларымен сауда-саттық өткен ең ұзақ кезеңнің тарихи өзгергіштігін есептеуі тиіс. Кәсіпорын сондай-ақ осындай кәсіпорындардың тарихи өзгергіштігін олардың қолдану мерзімінің салыстырмалы кезеңін пайдалана отырып қарайды. Мысалы, тек бір жыл бұрын ғана листингтен өткен және 5 жыл орташа күтілетін қолдану мерзімі бар опциондарды ұсынатын кәсіпорын сол сала кәсіпорындарының осы кәсіпорындардың акциялары ашық нарықта айналған алғашқы алты жылдағы схемасын және тарихи өзгергіштік деңгейін қарайды.
Листингтен өтпеген кәсіпорындар
В27 Листингтен өтпеген кәсіпорында күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау үшін қажетті тарихи ақпарат жоқ. Оның орнына қарау үшін қажетті кейбір факторлар төменде берілген.
В28 Кейбір жағдайларда листингтен өтпеген, қызметкерлер (немесе басқа тараптар) үшін жүйелі түрде опциондар немесе акциялар шығаратын кәсіпорын өз акциялары үшін ішкі нарықты белгілей алады. Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде акциялардың осы бағаларының өзгергіштігі назарға алынады.
В29 Балама ретінде кәсіпорын листингтен өткен, олар бойынша акциялардың бағасы немесе күтілетін өзгергіштік бағалау кезінде пайдалануға болатын опцион бағасы туралы ақпарат бар осындай кәсіпорындардың тарихи немесе болжанған өзгергіштігін қарайды. Бұл қадам, егер кәсіпорын өз акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай кәсіпорындар акцияларының бағысына негіздесе, дұрыс болады.
В30 Егер кәсіпорын өзінің акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай кәсіпорындар акцияларының бағаларына негіздемесе, ал оның орнына өз акцияларын бағалаудың басқа әдісін пайдаланса, онда ол күтілетін өзгергіштіктің осы бағалау әдісіне сәйкес келетін бағалауды алады. Мысалы, кәсіпорын өз акцияларын таза активтердің немесе пайданың мәндері негізінде бағалай алады. Ол таза активтердің немесе пайданың осы мәндерінің күтілетін өзгергіштігін назарға алады.
Күтілетін дивидендтер
В31 Күтілетін дивидендтерді ұсынылған акциялардың немесе опциондардың әділ құнын өлшеу кезінде назарға алуға болатыны не болмайтыны туралы мәселе қарсы тараптың дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына құқығы бар не жоқ екендігіне қатысты болады.
В32 Мысалы, егер қызметкерлерге опциондар ұсынылса және олардың негізінде жатқан акциялар бойынша дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына ұсыну күні және орындау күні арасындағы кезең ішінде олардың құқығы бар болса, онда ұсынылған опциондар олардың негізінде жатқан дивидендтер төленбегендей бағалануы тиіс, яғни күтілетін дивидендтер жөніндегі бастапқы ақпарат нөлге тең болады.
В33 Тиісінше ұсыну күні қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны есептелсе, онда, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде төленетін дивидендтерді алуға құқығы болса, күтілетін дивидендтерге ешқандай түзету талап етілмейді.
В34 Және керісінше, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде (немесе опциондар жағдайында орындау күніне дейін) дивидендтерге немесе дивидендтер баламасына құқықтары жоқ болса, онда акцияларды немесе опциондарды ұсыну күнгі бағалауда күтілетін дивидендтер ескерілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ұсынылған опциондардың әділ құны бағаланған кезде, күтілетін дивидендтер опционның бағасын айқындау үлгісін қолдану кезінде ескерілуі тиіс. Ұсынылған акциялардың әділ құны бағаланған кезде, осы бағалау өту кезеңі ішінде төленуі күтілетін дивидендтердің келтірілген құнына азайтылуы тиіс.
В35 Опциондардың бағаларын айқындау үлгілері үшін әдетте дивидендтер бойынша күтілетін кірістілік туралы ақпарат талап етіледі. Дегенмен үлгілер кірістілікті емес, дивидендтердің күтілетін сомасын пайдаланатындай өзгеруі мүмкін. Кәсіпорын не күтілетін кірістілікті, не күтілетін төлемдерді пайдаланады. Егер кәсіпорын кірістілікті пайдаланса, онда ол өзінің дивидендтердің тарихи қалыптасқан өсу схемасын ескеруі тиіс. Мысалы, егер дивидендтердің шамамен жылына 3 пайыз ұлғаюы әдетте кәсіпорынның саясаты болып табылса, онда опционның күтілетін құнында осы жорамалды қолдайтын куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, опционның қолдану мерзімі ішінде дивидендтің белгіленген сомасын көздемеуі тиіс.
В36 Әдетте күтілетін дивидендтер туралы жорамал жалпы рұқсат етілген ақпаратқа негізделуі тиіс. Дивидендтер төлемеген және оларды төлеуді жоспарламаған кәсіпорын дивидендтер бойынша нөлге тең кірістілікті қабылдауы тиіс. Дегенмен, дивидендтерді төлеу тарихы жоқ жаңа кәсіпорын қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың күтілетін қолдану мерзімі ішінде дивидендтер төлеуді бастауды жоспарлай алады. Осы кәсіпорындар олардың дивидендтер бойынша өткен кірістілігінің (нөл) және олармен салыстырылатын кәсіпорындардың дивидендтері бойынша кірістіліктің орташа мәні арасындағы орташа мәнді пайдалана алады.