
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Жалпы ережелер
- •Қызмет көрсетулер алынған мәмілелер
- •Опционды қайталап алуға құқықтарды есепке алу
- •Егер үлестік құралдардың әділ құны сенімді бағаланбаса
- •Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау
- •Акциялар
- •Акцияларға опциондар
- •Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат
- •Күтілетін мерзімінен бұрын орындау
- •Күтілетін өзгергіштік
- •Листингті алғаш алған ұйымдар
- •Күтілетін дивидендтер
- •Тәуекелсіз пайыздық ставка
- •Капиталдың құрылымына ықпал ету
- •Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер туралы келісімдерді өзгерту
Күтілетін өзгергіштік
В22 Күтілетін өзгергіштік күтіліп отырғандай кезең ішінде баға өзгеретін соманың көрсеткіші болып табылады. Опционның бағасын айқындау үлгісінде пайдаланылатын өзгергіштік көрсеткіштері уақыт кезеңі ішінде пайызды үздіксіз қосу формуласы бойынша есептелген акциялардың пайдалылық нормаларының жылдық мәнге келтірілген стандарттық ауытқуы болып табылады. Өзгергіштік әдетте жылдыққа келтірілген, уақыт кезеңіне қарамастан салыстыруға болатын, есептеу кезінде пайдаланылған мәндермен көрсетіледі, мысалы, бағаны күн сайын, апта сайын немесе ай сайын бақылау.
В23 Акция бойынша кезең ішіндегі пайдалылық нормасы (оң немесе теріс болуы мүмкін) акционердің дивидендтен немесе акция бағасының өсуінен (немесе азаюынан) қандай пайда алғанын өлшейді.
В24 Акцияның жылдық мәнімен көрсетілген күтілетін өзгергіштігі жобамен үштен екі жағдайда үздіксіз есептелген пайдалылық нормасының түсуі күтілетін диапазон болып табылады. Мысалы, егер үздіксіз қосылған пайыз формуласы бойынша есептелген, 12% күтілетін пайдалылық нормасы бар акцияның 30% өзгергіштігі бар екені айтылады, бұл акцияның пайдалылық нормасы бір жыл ішінде -18% (12% - 30%) және 42% (12% + 30%) арасында, жобамен үштен екіге тең болу ықтималдылығын білдіреді. Егер акцияның бағасы жыл басында 100 а.б. құраса және дивидендтер төленбесе, онда жылдың соңында акцияның бағасы 83,53 а.б. (100 а.б. х е-0,18) және 152,20 а.б. (100 а.б. х е0,42) арасында жобамен үштен екі ықтималдылықпен болады деп күтуге болады.
В25 Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:
(а) нарықтағы айналыстағы кәсіпорынның акцияларға опциондардың немесе кәсіпорынның, егер бар болса, опциондардың сипаты (айырбасталатын берешек сияқты) кіретін басқа үлестік құралдарының жобаланған өзгергіштігі;
(b) негізінен опционның күтілетін мерзімімен (опционның шартта көзделген қалған мерзімін және күтілетін мерзімнен бұрын орындаудың ықпалын ескере отырып) салыстырылатын соңғы кезең ішіндегі акциялар бағасының тарихи өзгергіштігі;
(с) кәсіпорынның акциялары нарықта еркін айналатын уақыт ұзақтығы. Жақында листингтен өткен кәсіпорынның листингтен бұрын өткен осындай кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары тарихи өзгергіштігі бар болуы мүмкін. Жақында листингтен өткен кәсіпорындар бойынша бұдан кейінгі нұсқау төменде берілген;
өзінің орташа мәніне, яғни ұзақ мерзімді орташа деңгейге қайтып келу өзгергіштігінің үрдісі және күтілетін болашақ өзгергіштіктің өткен өзгергіштіктен айырмашылығы болатынын көрсететін басқа факторлар. Мысалы, егер кәсіпорын акциясының бағасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болмай қалған жойылудан немесе біршама қайта құрудан өте өзгергіш болса, онда осы кезең тарихи орташа жылдық өзгергіштікті есептеу кезінде назарға алынбайды;
бағаларды бақылауға арналған тиісті және жүйелі аралықтар. Бағаны бақылау кезеңнен кезеңге дейін келісілуі тиіс. Мысалы, кәсіпорын әрбір аптаның жабу бағасын немесе аптаның ең жоғары бағасын пайдаланады, бірақ бір аптаның жабу бағасын және басқа аптаның ең жоғары бағасын пайдаланбауы тиіс. Сонымен қатар бағаны бақылау нәтижелері орындау бағасының валютасымен көрсетілуі тиіс.