Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат

В11 Акциялар мен дивидендтер негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде олар бойынша мақсат опцион үшін ағымдағы нарықтық немесе шарттық айырбастау бағасында көрсетілуі мүмкін күтілетін жақындаған баға болып табылады. Тиісінше, қызметкерлерге ұсынылған үлестік құралдарға опциондарды мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын бағалау кезіндегі мақсат қызметкерлердің опциондарды орындау ерекшеліктері туралы нақты ақпаратқа рұқсаты бар сыртқы тараптың ұсыну күнінен қол жеткізілген ақпаратқа негіздей отырып әзірлеуі тиіс күтулердің жақындаған бағалаудан тұрады.

В12 Болашақ өзгергіштіктің, дивидендтердің және орындау ерекшеліктерінің негізделген күтулері жиі болуы мүмкін. Осы жағдайда күтілетін құнды олардың туындау ықтималдылығын ескере отырып диапазон ішіндегі әрбір соманы өлшеу арқылы есептеген жөн.

В13 Болашақ туралы күтулер әдетте тәжірибеге негізделеді, бірақ егер болашақ күтулердің өткен уақытта бақыланған талаптардан өзгешелігі болады деп негізді түрде жорамалдауға болса, өзгереді. Кейбір жағдайларда бірегейлендірілген факторлар түзетілмеген тарихи тәжірибенің болашақ тәжірибенің біршама нашар болжау құралы болып табылатынын көрсетуі мүмкін. Мысалы, егер айырмашылығы үлкен екі қызмет түрі бар кәсіпорын басқасына қарағанда біршама дәрежеде тәуекелділігі төмен болған біріншісін сатса, онда тарихи өзгергіштік болашақ өзгергіштік туралы тиімді күтулерге негіздеген дұрыс болатын ең жақсы ақпарат бола алмайды.

В14 Белгілі бір жағдайларда тарихи ақпаратқа рұқсат берілмеуі мүмкін. Мысалы, листингтен жақында өткен кәсіпорында оның акциялары бағасының өзгергіштігі туралы шамалы тарихи ақпарат болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін. Листингтен өтпеген немесе листингтен жақында өткен кәсіпорын бұдан әрі қарастырылады.

В15 Тұтастай алғанда кәсіпорын өзгергіштікті бағалауды, опциондарды орындау ерекшеліктерін және дивидендтерді бағалауды өткен тәжірибе қалай болғанын, болашақ тәжірибе негізделген түрде болжанатыны қалай күтілетініне қарамастан, тек тарихи ақпаратқа негіздемеуі тиіс.

Күтілетін мерзімінен бұрын орындау

В16 Қызметкерлер акцияларға опциондарды әр түрлі себептермен мерзімінен бұрын жиі орындайды. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар әдетте өткізуге жатпайды. Бұл қызметкерлердің өздерінің акцияларға опциондарын мерзімінен бұрын орындауына әкеп соғады, себебі бұл қызметкер үшін өзінің опциондарын жүзеге асырудың жалғыз тәсілі. Сонымен қатар жұмыстан шыққан қызметкерлер әдетте қысқа мерзім ішінде оған өткен барлық опциондардың орындалуын талап етеді, керісінше жағдайда акцияларға опциондар алынады. Осы фактор сондай-ақ қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың мерзімінен бұрын орындауын туындатады. Мерзімінен бұрын орындаудың басқа факторларына тәуекелдің және мүлікті диверсификациялау кемшіліктерінің алдын алу кіреді.

В17 Күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпал етуі ескерілетін тәсіл опцион бағасын белгілеудің қолданылатын үлгісінің түріне қатысты болады. Мысалы, күтілетін мерзімінен бұрын орындау опцион бағасын белгілеудің үлгісі үшін бастапқы ақпарат (мысалы, Блэк-Шоулс-Мертон формуласы) ретінде опционның күтілетін қолдану мерзімін (қызметкерге ұсынылған үлестік құралдарға опцион үшін ұсыну күнінен опционның орындалуы күтілетін күнге дейінгі кезең болып табылады) бағалауды пайдалану арқылы назарға алынуы мүмкін. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау балама ретінде шартта көзделген қолдану мерзімін бастапқы ақпарат ретінде пайдаланатын опционның бағасын белгілеудің екі мүшелі немесе ұқсас үлгісіне моделденуі мүмкін.

В18 Мерзімінен бұрын орындауды бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:

(а) акцияларға опцион әдетте өту кезеңінің соңына дейін орындалуы мүмкін өту кезеңінің ұзақтығы. Тиісінше, күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың салдарын айқындау опциондарға құқықтардың өтетіндігі туралы жорамалға негізделеді. Өту талаптарының салдары 19-21-параграфтарда қаралады;

(b) ұқсас опциондар өткен уақытта орындалмай қалған уақыттың орташа ұзақтығы;

(с) акциялар негізінде жатқан бағаны. Тәжірибе қызметкерлердің акциялар бағасының орындау бағасынан белгілі бір деңгейде асып түсуге жеткен кезде опциондарды орындауға ұмтылатынын көрсетеді;

(d) қызметкердің ұйымдағы жағдайы. Мысалы, тәжірибе неғұрлым жоғары жағдайдағы қызметкерлердің әдетте неғұрлым төмен лауазымдағы қызметкерлерге қарағанда опциондарды кешірек орындайтынын көрсетеді (осы мәселе В21-параграфта барынша толық талқыланады);

(е) акциялар негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті. Орташа алғанда қызметкерлер жоғары дәрежедегі өзгергіштігі бар үлестік құралдарға опциондарды неғұрлым төмен өзгергіштігі бар үлестік құралдарға қарағанда орындауға ұмтылады.

В19 В17-параграфта көрсетілгендей, ерте орындалудың ықпалы опционды қолданудың күтілетін мерзімін опционның бағасын белгілеу үлгісін бағалауды пайдалану арқылы ескерілуі мүмкін. Қызметкерлердің тобына ұсынылған акцияларға опциондарды қолданудың күтілетін мерзімін бағалау кезінде кәсіпорын қызметкерлердің опциондарды орындаудың ерекшелігі туралы неғұрлым нақты ақпаратқа (төменде қарастырылады) негіздей отырып, осы бағалауды қызметкерлердің барлық тобы үшін немесе топқа кіретін қызметкерлердің әрбір шағын тобы үшін тиісті түрде есептелген қолданудың орташа алынған күтілетін мерзіміне негіздейді.

В20 Опциондарды ұсыну туралы келісімді салыстырмалы түрде бірдей орындау ерекшеліктері бар қызметкерлер топтарына бөлу маңызды фактор болуы мүмкін. Опционның құны опционды қолдану мерзімінің желілік функциясы болып табылмайды; құн мерзімнің ұлғаюына қарай қарқынның төмендеуімен көтеріледі. Мысалы, басқа да тең жорамалдар кезінде екі жылдық опцион бір жылдық опционға қарағанда көп тұрса, бірақ екі есе емес. Бұл опционның болжанған құнын қатты айырмашылығы бар жекелеген қолдану мерзімі кіретін орташа алынған қолдану мерзімі негізінде ғана есептеу ұсынылған акцияларға опциондардың жалпы әділ құнын көтеретінін білдіреді. Ұсынылған опциондарды әрқайсының қолдану мерзімінің біршама қысқа диапазоны бар, орташа алынған қолдану мерзімінің есебіне кіргізілген бірнеше топқа бөлу осы көтерілуді төмендетеді.

В21 Осындай талқылау екі мүшелі немесе ұқсас үлгіні пайдалану кезінде қолданылады. Мысалы, барлық деңгейдегі қызметкерлерге опциондар ұсынатын кәсіпорынның тәжірибесі жоғары буынның басшылары өздерінің опциондарын орта буын басшыларына қарағанда көбірек ұстайтынын, ал төменгі буынның қызметкерлері өздерінің опциондарын кез келген басқа топқа қарағанда ерте орындайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерінің опциондарын қоса алғанда, үлестік құралдарының ең төменгі санын ұстап тұру талап етілетін немесе қолдауға болатын қызметкерлер орташа алғанда опциондарды осы талап қолданылмайтын қызметкерлерге қарағанда кейінірек орындайды. Осы жағдайларда опциондарды орындау ерекшеліктері біршама бірдей алушылардың тобына бөлу ұсынылған үлестік құралдарға опциондардың жалпы әділ құнын неғұрлым нақты бағалауға әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]