
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Жалпы ережелер
- •Қызмет көрсетулер алынған мәмілелер
- •Опционды қайталап алуға құқықтарды есепке алу
- •Егер үлестік құралдардың әділ құны сенімді бағаланбаса
- •Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау
- •Акциялар
- •Акцияларға опциондар
- •Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат
- •Күтілетін мерзімінен бұрын орындау
- •Күтілетін өзгергіштік
- •Листингті алғаш алған ұйымдар
- •Күтілетін дивидендтер
- •Тәуекелсіз пайыздық ставка
- •Капиталдың құрылымына ықпал ету
- •Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер туралы келісімдерді өзгерту
Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау
В1 Осы қосымшаның В2-В41-параграфтарында ұсынылған акциялардың және акцияларға опциондардың әділ құнын өлшеу қарастырылады. Қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипатты болып табылатын белгілі бір талаптарға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ол жан-жақты болып табылмайды. Сонымен қатар бұдан әрі қарастырылатын бағалау мәселелері негізінен қызметкерлерге ұсынылған акцияларға және акцияларға опциондарға жатады, акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құны ұсыну күні өлшенетіні туралы жорамал қабылданады. Дегенмен бұдан әрі қарастырылатын көптеген бағалау мәселелері (мысалы, күтілетін өзгергіштікті айқындау) кәсіпорын тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсетін күні қызметкерлер болып табылмайтын тараптарға ұсынылған акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құнының есеп айырысу бағасы контексте қолданылады.
Акциялар
В2 Қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны кәсіпорын акцияларының акциялар ұсынылған талаптарды (19-21-параграфтарға сәйкес әділ құнды өлшеуден алынып тасталатын өту талаптарын қоспағанда) ескерілетіндей етіп түзетілген нарықтық бағасы бойынша (немесе, егер кәсіпорынның акциялары нарықта еркін айналмаса, есептелген нарықтық бағасы бойынша) өлшенуі тиіс.
В3 Мысалы, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде дивидендтер алуға құқығы болмаса, осы фактор ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Сол секілді, егер өту күнінен кейін акцияларды өткізуге шектеу болса, осы факт назарға алынуы тиіс, бірақ осы шектеулер осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға әсер ететін дәрежеде ғана. Мысалы, егер акциялар толық және өтімді нарықта белсенді айналса, өту күнінен кейін өтуге шектеулердің осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға шамалы әсер етуі немесе ешқандай әсері болмауы мүмкін. Өту кезеңі ішіндегі өтуге шектеулер немесе басқа шектеулер акциялардың ұсыну күнгі әділ құны бағалау кезінде назарға алынуы тиіс, себебі осы шектеулер 19-21-параграфтарға сәйкес ескерілетін өту талаптарының болуынан туындайды.
Акцияларға опциондар
В4 Қызметкерлерге ұсынылған акциялар опциондар үшін көптеген жағдайларда нарықтық бағаларға қолы жетпейді, себебі ұсынылған опциондар бойынша нарықта айналыстағы опциондарға қолданылмайтын талаптар белгіленген. Егер нарықта осындай талаптармен айналыстағы опциондар болмаса, онда ұсынылған опциондардың әділ құны опциондардың бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы бағалануы тиіс.
В5 Кәсіпорын нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушыларының опционның бағасын айқындау үлгісін таңдау кезінде қарауы тиіс факторларды ескеруі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған көптеген опциондардың ұзақ мерзімі бар; әдетте олар опционның өту күні және мерзімінің аяқталуы арасындағы кезең ішінде орындалуы мүмкін және мерзімінен бұрын жиі орындалады. Осы факторларды опциондардың ұсыну күнгі әділ құнын бағалау кезінде ескерген жөн. Көптеген кәсіпорындар үшін осы факторлар опциондардың мерзімінен бұрын орындалу үшін мүмкіндігі көзделмейтін және күтілетін мерзімінен бұрын орындалуға дұрыс әсер етпейтін Блэк-Шоулс-Мертон формуласын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы үлгіде сондай-ақ күтілетін өзгергіштік және үлгіге арналған басқа бастапқы ақпарат опцион мерзімі ішінде өзгеруі мүмкін екені ескерілмейді. Дегенмен біршама қысқа мерзімі бар, шартта көзделген немесе өту күнінен кейін қысқа уақыт мерзімі ішінде орындалуы мүмкін үлестік құралдарға опциондарға аталған факторлар қолданылмауы мүмкін. Осы жағдайларда Блэк-Шоулс-Мертон формуласы опционның бағасын белгілеудің неғұрлым икемді үлгісін қолдану нәтижесінде алынатын құнға нақты сәйкес келетін құнға әкеп соғады.
В6 Баға белгілеудің барлық үлгісі кем дегенде мынадай факторларды:
(а) опционды орындау бағасын;
(b) опционның мерзімі;
(с) акциялар негізін құрайтын ағымдағы бағасы;
(d) акциялар бағасының күтілетін өзгергіштігін;
(е) акциялар бойынша күтілетін дивидендтерді (егер қолданылса); және
(f) опционның мерзіміне тәуекелсіз пайыздық ставканы назарға алады.
В7 Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушылары баға белгілеу кезінде қарауы тиіс басқа факторлар да назарға алынуы тиіс (19-22-параграфтарға сәйкес әділ құнның өзгеруіне алынып тасталатын өту талаптарын және қалпына келтіру сипаттарын қоспағанда).
В8 Мысалы, қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион әдетте белгілі бір кезеңдер ішінде орындалуы мүмкін (мысалы, өту кезеңі немесе бағалы қағаздарды реттейтін органдары белгілеген кезеңдер ішінде). Егер опционның бағасын белгілеудің қолданылған үлгісі опционның оның мерзімі ішіндегі кез келген уақытта орындалуы мүмкін екені туралы жорамалды өзгеше көздесе, осы фактор назарға алыну тиіс. Дегенмен, егер кәсіпорын опционның бағасын белгілеудің опциондардың бағалауға арналған, опцион мерзімінің соңында ғана орындалуы мүмкін үлгісін қолданса, онда оларды өту кезеңі (немесе опцион мерзімі ішіндегі басқа кезеңдер) ішінде орындау мүмкіндігі жоқ екенін есепке алу үшін ешқандай түзету талап етілмейді, себебі үлгіде опциондардың осы кезеңдер ішінде орындалмауы мүмкін екені көзделеді.
В9 Қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарға тән тағы бір фактор опционды мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі болып табылады, мысалы, өйткені опцион еркін жылжи алмайды немесе қызметкер оған өткен барлық опциондарды жұмыстан шығу кезінде орындауы тиіс болады. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау В16-В21-параграфтарда көрсетілгендей назарға алынуы тиіс.
В10 Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы акцияларға опционның (немесе басқа үлестік құралдың) бағасын белгілеу кезінде қарауы тиіс факторлар ұсынылған акцияларға опционның (немесе басқа үлестік құралдың) әділ құнын бағалау кезінде ескермеуі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар үшін опционның құнына тек жекелеген қызметкердің көзқарасы бойынша ғана әсер ететін факторлар нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы белгілеуі мүмкін бағаны бағалау үшін маңызды емес.