Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

Опционды қайталап алуға құқықтарды есепке алу

22 Қайталап алу құқығы бар опциондар үшін, осы сипат өлшеу күні ұсынылған опциондардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Мұның орнына қалпына келтіру опционы, егер қайталап алу опционы кешірек және ол ұсынылған кезде берілсе, опционды жаңадан беру ретінде есепке алынуы тиіс.

Үлестік құралдарды беру күнінен кейін

23 Кәсіпорын 10-22-параграфтарға сәйкес алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды танығаннан кейін, ол өту күнінен кейін меншікті капиталдың жалпы сомасына әсер ететін кейінгі ешқандай түзетулерді жасамауы тиіс. Мысалы, егер кейіннен қызметкер оған өткен үлестік құралдардан айырылса немесе егер үлестік құралдарға опциондар жағдайында опциондар орындалмаса, кәсіпорын кейіннен қызметкерден алынған қызмет көрсетуге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасамауы тиіс. Дегенмен осы талап кәсіпорынға меншікті капитал ішіндегі қозғалысты, яғни соманың меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына өтуін тануға кедергі жасамайды.

Егер үлестік құралдардың әділ құны сенімді бағаланбаса

24 16-23-параграфтардың талаптары кәсіпорыннан үлестік құралдарға негізделген төлем операциясын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өзгертуді талап ететін жағдайда қолданылады. Сирек жағдайларда кәсіпорын өлшеу күні 16-22-параграфтарға сәйкес ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын сенімді түрде бағалай алмайды. Осы сирек жағдайларда ғана кәсіпорын:

(а) үлестік құралдарды олардың ішкі құны бойынша, ең алдымен кәсіпорын тауарларды сатып алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні және одан әрі әрбір есепті күні және түпкілікті есеп айырысу күні өлшеуі тиіс, бұл ретте пайдадағы немесе шығындағы ішкі құнның өзгерісі танылады. Акцияларға опциондар ұсыну үшін үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісім бойынша түпкілікті есеп айырысу опциондар орындалған, алынған (мысалы, қызметкер жұмыстан шыққан кезде) немесе күші жойылған (мысалы, опцион мерзімінің соңында) кезде жүргізіледі;

(b) алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді түпкілікті қорытындысында өткізілетін немесе (қайда қолданылса) түпкілікті қорытындысында орындалатын үлестік құралдар саны негізінде тануы тиіс. Осы талаптарды қолдану үшін, мысалы, акцияларға опциондарға кәсіпорын, егер осындай бар болса, өту кезеңі ішінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді 14 және 15-параграфтардың талаптарына сәйкес тануы тиіс, бірақ бұл ретте 15(b)-параграфының нарықтық талап туралы талабы қолданылмайды. Өту кезеңі ішінде алынған тауарға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған сома құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың санын есептік бағалауға негізделуі тиіс. Кәсіпорын, қажет болған кезде, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың саны бұрынғы есептерден өзгеше болатынын көрсететін болса, осы есептік бағалауды қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күніне есептік бағалауды оның нақты өткен үлестік құралдардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күнінен кейін, егер акцияларға опциондар кейінірек алынса немесе акцияларға опцион мерзімінің соңында күшін жойса, алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасауы тиіс.

25 Егер кәсіпорын 24-параграфты қолданса, онда 26-29-параграфтарды қолданудың қажеттілігі жоқ, себебі үлестік құралдар ұсынылған талаптардың барлық өзгерісі 24-параграфта жазылған ішкі құн әдісін қолдану кезінде есепке алынады. Дегенмен, егер кәсіпорын 24-параграф қолданылған үлестік құралдарды ұсыну туралы келісім бойынша өтеуді жүргізсе, онда:

(а) егер өтеу өту кезеңі ішінде жүргізілсе, кәсіпорын осы өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімі ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы мүмкін соманы жедел тануы тиіс;

(b) өтеу кезінде жүргізілген төлем үлестік құралдарды сатып алу ретінде, яғни төлем сатып алу күні өлшенген үлестік құралдың ішкі құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегеру ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.

Жоюды және есеп айырысуды қоса алғанда, үлестік құралдар ұсынылған талаптардың өзгеруі

26 Кәсіпорын үлестік құралдар ұсынылған талаптарды өзгерте алады. Мысалы, ол қызметкерлерге ұсынылған опциондарды орындау бағасын азайта (яғни, өзге бағаны белгілей) алады, бұл осы опциондардың әділ құнын ұлғайтады. 27-29-параграфтардың осындай өзгерістердің ықпал етуін есепке алу жөніндегі талаптары қызметкерлермен жасалған, үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының мазмұнында беріледі. Дегенмен осы талаптар қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен жасалған, үлестік құралдарға негізделген, ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін төлемдер операцияларына да қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда «ұсынылған күніне» сілтеменің орнына 27-29-параграфтарда кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күніне сілтеме қолданылуы тиіс.

27 Кәсіпорын, кем дегенде, алынған, ұсынылған үлестік құралдардың ұсынылған күнгі әділ құны бойынша өлшенген қызмет көрсетулерді, осы үлестік құралдарға құқықтар ұсыну күні анықталған өту талаптарының (нарықтық талап болып табылмайтын) сақтамаудан өтпейтін жағдайларды қоспағанда, тануы тиіс. Осы ереже үлестік құралдар ұсынылған талаптардың өзгерістеріне немесе осы үлестік құралдарды ұсыну туралы осы келісім бойынша жоюға немесе өтеуді қарамастан қолданылады. Сонымен қатар кәсіпорын үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісімнің жалпы әділ құнын көтеретін немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің әсерін тануы тиіс. Осы талапты қолдану жөніндегі нұсқау В қосымшасында келтірілген.

28 Егер кәсіпорын өту кезеңі ішінде (ұсыну өту талаптарын орындамау нәтижесінде алу арқылы жойылатын жағдайларды қоспағанда) үлестік құралдарды ұсынуды жойса немесе өтесе:

(а) кәсіпорын жоюды немесе өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімінің ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы тиіс соманы жедел тануы тиіс;

(b) ұсынылған үлестік құралдардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан төлем асып кететін соманы қоспағанда, жою немесе ұсынуды өтеу кезінде қызметкерге жүргізілген кез келген төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алыну тиіс. Кез келген осындай асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс;

(с) егер қызметкерге жаңа үлестік құралдар ұсынылса және осы жаңа үлестік құралдар ұсынылған күні кәсіпорын оларды жойылған үлестік құралдардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірсе, онда ол 27-параграфқа және В қосымшасындағы нұсқауға сәйкес, орны ауыстырылған үлестік құралдарды ұсынуды үлестік құралдарды ұсыну жөніндегі бастапқы келісімді өзгерту сияқты ескеруі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн орны ауыстырылған үлестік құралдарды ұсынылған күнгі орны ауыстырылған үлестік құралдардың әділ құны және жойылған үлестік құралдардың әділ құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Жойылған үлестік құралдардың таза әділ құны олардың әділ құны ретінде олар жойылғанға дейін тікелей, үлестік құралдарды жою кезінде қызметкерге жүргізілген төлемнің жоғарыдағы (b) тармағына сәйкес меншікті капиталдан шегерім ретінде есептелген соманы шегере отырып есептеледі. Егер кәсіпорын ұсынылған жаңа үлестік құралдарды жойылған үлестік құралдардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірмесе, онда ол осы жаңа үлестік құралдарды жаңа ұсынылған үлестік құралдар ретінде ескеруі тиіс.

29 Егер кәсіпорын өткізілген үлестік құралдарды сатып алса, онда қызметкерге жүргізілген төлем сатып алынған үлестік құралдардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.

Ақша қаражаттарымен төленетін үлестік құралдар негізіндегі мәмілелер

30 Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер мәмілелер үшін кәсіпорын сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және міндеттемелердің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуі тиіс. Міндеттеме өтелмейінше кәсіпорын міндеттемелердің әрбір есепті күнгі, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есеп айырысу күнгі әділ құнын кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамындағы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті тани отырып қайта бағалауы тиіс.

31 Мысалы, кәсіпорын қызметкерлерге акциялар құнының олардың сыйақы пакетінің бір бөлігі ретінде өсуіне құқық бере алады, нәтижесінде қызметкерлер болашақта ақша қаражатын (үлестік құралдарды емес) алу құқығын алады, олардың сомасы кәсіпорынның акцияларының бағасының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы негізінде есептеледі. Кәсіпорын сондай-ақ өзінің қызметкерлеріне оларға болашақта не міндетті түрде (мысалы, жұмыстан шыққан кезде), не қызметкердің таңдауы бойынша өтелетін үлестік құралдарға (акцияларға опциондарды орындау бойынша шығарылатын акцияларды қоса алғанда) құқық беру арқылы ақша төлемін алу құқығын ұсынады.

32 Кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемелерді тануы, оларды қызметкерлердің осы қызметті көрсетуіне қарай төлеуі тиіс. Мысалы, кейбір акциялар құнының өсу құқығы қызметкерлерге бірден өтеді, сондықтан қызметкерлерден ақшалай төлемге құқық алу үшін қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер болмаған кезде кәсіпорын қызметкерлер көрсеткен қызметтердің акциялар құнының өсу құнының орнына алынғаны туралы жорамал жасауы тиіс. Тиісінше, кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені бірден тануы, оларды төлеуі тиіс. Егер акциялар құнының өсуіне құқықтар қызметкерлерге олар қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін өтпесе, онда кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені тануы, оларды қызметкерлер осы кезең ішінде қызмет көрсетуіне қарай төлеуі тиіс.

33 Міндеттеме бастапқы және сол сияқты әрбір есепті күні, ол өтелгенше, акциялар құнының өсу құқықтарының әділ құны бойынша, опциондар бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы, акциялар құнының өсу құқықтары берілген талаптарды және қызметкерлер есепті күнге дейін ұсынған қызмет көрсетулердің көлемін ескере отырып өлшенуі тиіс.

Ақша қаражаттарымен төлеу мүмкіндігі бар үлестік құралдар негізіндегі мәмілелер

34 Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары не кәсіпорынға не қарсы тарапқа негізінде кәсіпорын ақша құралдарымен (немесе басқа активтермен) не үлестік құралдар шығару арқылы операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізетін таңдау ұсынады, кәсіпорын осы операцияны немесе осы операцияның компоненттерін, егер кәсіпорында ақша қаражатымен немесе басқа активтермен өтелетін міндеттеме туындауына қарай, үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша құралдарымен жүргізілетін төлем операциясы ретінде немесе міндеттеменің туындамауына қарай үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлем операциясы ретінде ескеруі тиіс.

Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары қарсы тарапқа есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері

35 Егер кәсіпорын қарсы тарапқа үлестік құралдарға негізделген төлемдер мәмілелер бойынша ақша қаражатымен немесе үлестік құралдар шығару арқылы есеп айырысу тәсілін таңдау құқығын ұсынса, онда кәсіпорын борыштық компонент (яғни, қарсы тараптың ақыны ақша қаражатымен төлеуді талап ету құқығы) және үлестік компонент (яғни, қарсы тараптың есеп айырысуды ақша қаражатымен емес, үлестік құралдармен талап ету құқығы) кіретін аралас қаржы құралын ұсынады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны тікелей өлшенетін операциялар үшін, кәсіпорын аралас қаржы құралының үлестік компонентін тауарлар немесе қызмет көрсетулер алынған күнгі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны және борыштық компоненттердің әділ құны арасындағы айырма ретінде өлшеуі тиіс.

36 Қызметкерлермен операцияларды қоса алғанда, басқа операциялар үшін кәсіпорын аралас қаржы құралдарының өлшеу күнгі әділ құнын ақша қаражатына немесе үлестік құралдарға құқықтар ұсынылған талаптарды ескере отырып өлшеуі тиіс.

37 36-параграфты қолданған кезде кәсіпорын ең алдымен борыштық компоненттің әділ құнын, ал одан кейін үлестік компоненттің әділ құнын қарсы тараптың үлестік құралды алуы үшін ақша қаражатын алу құқығынан бас тартуын назарға ала отырып өлшеуі тиіс. Аралас қаржы құралының әділ құны екі компоненттің әділ құндарының сомасы болып табылады. Дегенмен үлестік құралдарға негізделген, қарсы тарап өтеу тәсілін таңдайтын төлемдер операциялары әділ құн бір балама өтеу кезінде екінші кездегідей болатындай түрде жиі құрылымдалады. Мысалы, қарсы тараптың үлестік құралдарға опциондарды немесе акциялар құнының ақша қаражатымен өсуі құқығын алуды таңдауы бар. Осындай жағдайларда үлестік компоненттің әділ құны нөлге тең және тиісінше аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнына тең. Және керісінше, егер өтеудің әр түрлі тәсілдерінің әділ құндарының айырмашылығы болса, онда үлестік компоненттің әділ құны әдетте нөлден жоғары болады; бұл жағдайда аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнынан көп болады.

__________ *35-43-параграфтарда ақша қаражаттарына барлық сілтемелер кәсіпорынның басқа да активтерін қамтиды.

38 Кәсіпорын алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді аралас қаржы құралының әрбір компонентіне қатысты бөлек есепке алуы тиіс. Борыштық компонент үшін кәсіпорын қарсы тарап үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (30-33-параграфтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және осы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу міндеттемесін тануы тиіс. Үлестік компонент үшін (егер осындай бар болса) кәсіпорын алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы ұлғаюды қарсы тарап үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (10-29-параграфтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде тануы тиіс.

39 Кәсіпорын өтеу күні міндеттемені оның әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс. Егер есеп айырысу кезінде кәсіпорын үлестік құралдар шығарса, ақша құралдарымен төлемесе, онда міндеттеме шығарылған үлестік құралдар үшін өтем ретінде меншікті капиталға тікелей аударылуы тиіс.

40 Егер өтеу кезінде кәсіпорын үлестік құралдар шығармай ақша қаражаттарымен төлесе, онда бұл төлем міндеттемені толық өтеуі тиіс. Бұрын танылған үлестік компонент меншікті капиталдың құрамында қалуы тиіс. Өтеу ретінде ақша қаражатын алуды таңдай отырып, қарсы тарап үлестік құралдарды алу құқығынан бас тартты. Дегенмен осы талап кәсіпорынға меншікті капитал құрамындағы қозғалысты, яғни меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударуды тануға кедергі жасамайды.

Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары кәсіпорынға есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері

41 Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары кәсіпорынға есеп айырысуды ақша қаражатымен немесе үлестік құралдар шығару арқылы жүргізуді таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері үшін кәсіпорын тиісті түрде оның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесінің бар екендігін айқындауы және үлестік құралдарға негізделген төлем операциясын ескеруі тиіс. Кәсіпорында, егер есеп айырысуды үлестік құралдармен таңдаудың коммерциялық мазмұны болмаса (мысалы, егер кәсіпорынға акциялар шығаруға заңды түрде тыйым салынса) немесе кәсіпорынның ақша қаражатымен есеп айырысу тәжірибесі немесе белгіленген саясаты болса, немесе әдеттегідей, егер қарсы тарап өтініш білдіріп есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізсе, есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі бар.

42 Егер кәсіпорынның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі болса, онда ол операцияны үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 30-33-параграфтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс.

43 Егер кәсіпорында осындай міндеттеме болмаса, онда ол операцияны үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 10-29-параграфтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс:

(а) егер кәсіпорын ақша қаражатымен есеп айырысуды таңдаса, онда ақшалай төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде ескерілуі тиіс;

(b) егер кәсіпорын үлестік құралдар шығару арқылы есеп айырысуды таңдаса, онда төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, одан кейінгі есепке алу талап етілмейді (егер қажет болса, меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударудан басқа);

(с) егер кәсіпорын есеп айырысу күні неғұрлым жоғары әділ құнмен есеп айырысу тәсілін таңдаса, онда ол қосымша өткізілген құн сомасындағы қосымша шығысты, яғни осы ережелердің қайсысы қолданылатынына қарай төленген ақша қаражаты және керісінше жағдайда шығарылуы мүмкін үлестік құралдардың әділ құны арасындағы айырманы немесе шығарылған үлестік құралдардың әділ құны және керісінше жағдайда төленуі мүмкін ақша қаражаты сомасы арасындағы айырманы тануы тиіс.

АҚПАРАТТЫ АШУ

44 Кәсіпорын қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына үлестік құралдарға негізделген, кезең ішінде болған төлемдер туралы келісімнің сипаты және мөлшерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

45 44-параграфта жазылған принципті жүзеге асыру үшін кәсіпорын тым болмағанда мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а) әрбір келісімнің өту талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есеп айырысу әдісі (мысалы, ақша қаражатымен немесе үлестік құралдармен) сияқты жалпы талаптарын қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген, кезең ішінде кез келген уақытта болған төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипатын. Біршама дәрежеде үлестік құралдарға негізделген келісімдердің ұқсас түрлері бар кәсіпорын олар туралы ақпаратты, егер 44-параграфтағы принципті қанағаттандыру үшін ғана әрбір келісім бойынша бөлек ашып көрсету талап етілмесе, біріктіреді;

(b) опциондардың мынадай топтарының әрқайсысы үшін акцияларға опциондардың санын және орындалуының орташа алынған бағасын:

  1. кезеңнің басында орындалмаған;

  2. кезең ішінде ұсынылған;

  3. кезең ішінде алынған;

  4. кезең ішінде орындалған;

  5. мерзімі кезең ішінде аяқталған;

  6. кезең соңында орындалмаған; және

  7. кезең соңында әлі де орындалуы мүмкін;

(с) кезең ішінде орындалған акцияларға опциондар үшін орындау күніне акциялардың орташа алынған бағасын. Егер опциондар кезең ішінде жүйелі түрде орындалса, кәсіпорын мұның орнына акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған бағасын ашып көрсетеді;

(d) кезең соңында орындалмаған акцияларға опциондар үшін орындау бағаларының диапазоны және шартты қолданудың қалған мерзімдерінің орташа алынған мәнін. Егер орындау бағаларының диапозоны ауқымды болса, онда орындалмаған опциондар шығарылуы мүмкін қосымша акциялардың және осы опциондарды орындау кезінде алынуы мүмкін ақша қаражатының санын және уақыт бойынша бөлуді бағалау үшін көрсетілетін диапазондарға бөлінуі тиіс.

46 Кәсіпорын қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің құны немесе кезең ішінде ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны қалай белгіленгенін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

47 Егер кәсіпорын кәсіпорынның үлестік құралдары үшін өтем ретінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде жанама өлшесе, онда 46-параграфта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін кәсіпорын кем дегенде мыналарды ашып көрсетуі тиіс:

(а) кезең ішінде ұсынылған акцияларға опциондар үшін осы опциондардың өлшеу күніндегі орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:

(і) опционның бағасын айқындаудың пайдаланылған үлгісін және акциялардың орташа алынған бағасын, орындалу бағасын, күтілетін өзгергіштікті, опциондардың мерзімін, күтілетін дивидендтерді, пайыздың тәуекелсіз ставкасын қоса отырып, осы үлгіге арналған бастапқы ақпаратты, сондай-ақ пайдаланылған әдісті және күтілетін мерзімнен тыс орындаудың әсер етуін есепке алу үшін қабылданған жорамалды қоса отырып, үлгіге арналған басқа бастапқы ақпаратты;

(іі) күтілетін өзгергіштік тарихи өзгергіштікке қаншалықты негізделгендігін түсіндіруді қоса отырып күтілетін өзгергіштіктің қалай анықталғандығы туралы ақпаратты;

(ііі) опциондарды ұсынудың басқа талаптарының, мысалы, нарықтық талаптар сияқты, болғаны не болмағаны, әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;

(b) кезең ішінде ұсынылған басқа үлестік құралдар үшін (яғни, акцияларға опциондардан басқа) осы үлестік құралдардың өлшеу күнгі санын және орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:

(і) егер әділ құн бақыланып отырған нарықтық баға негізінде өлшенбесе, онда ол қалай анықталғаны туралы ақпаратты;

(іі) күтіліп отырған дивидендтер әділ құнды өлшеу кезінде ескергені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;

(ііі) ұсынылған үлестік құралдардың басқа сипаттарының әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;

(с) кезең ішінде өзгерген, үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісімдер үшін:

(і) осы өзгерістердің түсіндірмесі;

(іі) ұсынылған қосымша әділ құнның көлемін (осы өзгерістердің нәтижесінде);

(ііі) ұсынылған қосымша әділ құн, егер қолданылса, жоғарыдағы (а) және (b) тармақтарында берілген талаптарға сәйкес қалай өлшенгені туралы ақпаратты.

48 Егер кәсіпорын кезең ішінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшесе, онда ол осы әділ құн қалай анықталғаны, мысалы, ол осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы бойынша өзгергені не өзгермегені туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

49 Егер кәсіпорын 13-параграфта көрсетілген жорамалды теріске шығарса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі және осы жорамалдың ненің негізінде теріске шығарылғанын түсіндіруі тиіс.

50 Кәсіпорын қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының кәсіпорынның кезең ішіндегі пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына әсерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

51 50-параграфта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін кәсіпорын кем дегенде мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а) шығыстың жалпы сомасының үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операцияларының нәтижесінде танылған бөлігіндегі жеке ашып көрсетуді қоса алғанда, кезең ішінде танылған, үлестік құралдарға негізделген, алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретінде тану критерийлеріне сай келмеген және сондықтан бірден шығыс ретінде танылған төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған шығыстың жалпы сомасын;

(b) үлестік құралдарға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін:

(і) кезең соңындағы жалпы баланстық құнды;

(іі) қарсы тараптың ақша қаражатына құқығы немесе басқа активтері кезең соңында өткізілген (мысалы, акциялар құнының өсуіне арналған, өткізілген құқық) кезең соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құны.

52 Егер осы Стандартты ашып көрсетуді талап ететін ақпарат 44, 46 және 50-параграфтардың принциптерін қанағаттандырмаса, онда кәсіпорын оларды қанағаттандыру үшін қажетті осындай қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

53 Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін кәсіпорын осы Стандарт акцияларды, акцияларға опциондарды немесе 2002 жылғы 7 қарашадан кейін ұсынылған, оларға құқықтар осы Стандарт күшіне енген күні әлі өтпеген басқа үлестік құралдарды ұсынуға қолдануы тиіс.

54 Егер кәсіпорын осы үлестік құралдардың өлшеу күні белгіленген әділ құнын жария түрде ашып көрсетсе, кәсіпорыннан осы Стандарт ұсынылған басқа үлестік құралдарға қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.

55 Осы Стандарт қолданылатын үлестік құралдар бойынша барлық операциялар үшін кәсіпорын салыстырмалы ақпаратты қайта санауы және қолданылатын жерде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын ұсынылған кезеңдердің ең біріншісі үшін түзетуі тиіс.

56 Осы Стандарт қолданылмаған үлестік құралдарды (мысалы, 2002 жылғы 7 қарашада немесе бұрын ұсынылған үлестік құралдар) ұсыну бойынша барлық операциялар үшін кәсіпорын сонымен қатар 44 және 45-параграфтарда талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

57 Осы Стандарт күшіне енгізілгеннен кейін кәсіпорын осы Стандарт қолданылмаған үлестік құралдарды ұсыну жөніндегі келісімдердің талаптарын өзгертеді, онда кәсіпорын сонымен қатар осындай өзгерістерді есепке алу үшін 26-29-параграфтарды қолдануы тиіс.

58 Осы Стандарт күшіне енген күні қолда бар үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін кәсіпорын Стандарт ретроспективті түрде қолдануы тиіс. Осы міндеттемелер үшін кәсіпорын кәсіпорыннан салыстырмалы ақпаратты осы ақпарат кезеңге немесе 2002 жылғы 7 қарашадағы күнге жататын дәрежеде қайта санауды талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, салыстырмалы ақпарат қайта саналған ұсынылған кезеңдердің ең біріншісінде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзетуді қоса алғанда салыстырмалы ақпаратты қайта санауы тиіс.

59 Кәсіпорыннан осы Стандарт үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған басқа міндеттемелерге, мысалы, кезең ішінде өтелген, ол бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған міндеттемелерге ретроспективті түрде қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

60 Кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.

А қосымшасы: Терминдердің анықтамасы

Бұл қосымша осы ХҚЕС-ның (IFRS) ажырамас бөлігі болып табылады.

ішкі құн

Қарсы тараптың қол қоюға немесе алуға құқығы бар (шартты немесе шартсыз) акциялардың әділ құны және қарсы тарап осы акциялар үшін ақы төлеуі тиіс баға (егер осындай бар болса) арасындағы айырма. Мысалы, әділ құны 20 а.б. акция үшін орындау құны 15 а.б. үлестік құралдарға опционның ішкі құны 5 а.б.

қайта берілген опционы

Бұрынғы акцияға опционды орындау бағасын төлеу үшін акция пайдаланылған кезде ұсынылатын жаңа акцияға опцион.

бағалау күні

Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны осы Стандарт мақсаты үшін өлшенетін күн. Қызметкерлермен және осындай қызметтер көрсететін басқа тұлғалармен операциялар үшін өлшеу күні ұсыну күні болып табылады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен (және осындай қызметтер көрсететін тұлғалармен) операциялар үшін кәсіпорын тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсететін күн бағалау күні болып табылады.

үлестік құралдарды ұсыну күні

Кәсіпорынның және басқа тараптың келісімнің талаптарын жалпы түсінулері шартымен кәсіпорын және басқа тарап (қызметкерді қоса алғанда) үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім жасаған күн. Үлестік құралдарды ұсыну күні кәсіпорын қарсы тарапқа, егер бар болса, белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен кәсіпорынның ақша қаражатына, басқа активтеріне немесе үлестік құралдарына құқықты ұсынады. Егер осы келісім бекіту (мысалы, акционерлер) процесіне жатса, онда ұсыну күні осы бекіту алынған күн болып табылады.

үлестік құрал

Кәсіпорынның оның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалған активтеріндегі қалған үлеске құқықты растайтын шарт.

үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесі

Кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорынның үлестік құралдарын (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) өтеу ретінде алатын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына негізделген сомаға сатып алатын операция.

үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлем мәмілесі

Үлестік құралдарға негізделген, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ақша қаражатын немесе басқа активтерді осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің жеткізушісіне кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына (немесе құнына) негізделген сомалармен өткізу жөніндегі міндеттемені қабылдау арқылы сатып алатын төлем операциясы.

үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлем мәмілесі

Үлестік құралдарға негізделген, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорынның үлестік құралдары үшін (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) өтем ретінде алатын төлем операциясы.

акцияларға опциондар

Иесіне кәсіпорынның акцияларына белгіленген немесе анықталған баға бойынша белгілі бір уақыт ішінде қол қоюға құқық беретін, бірақ міндет емес, шарт.

құқығына енуі

Қандай да бір нәрсеге құқық алу. Үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде қарсы тараптың кәсіпорынның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе үлестік құралдарын алуға құқығы оған белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен өтеді.

үлестік құқыққа кіру кезеңі

Үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім бойынша барлық көрсетілген өту талаптары орындалуы тиіс кезең.

ұсынылған үлестік құрал

Үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде басқа тарапқа кәсіпорын ұсынған кәсіпорынның үлестік құралына құқық (шартты немесе шартсыз).

жалдамалы қызметкерлер және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалар

Өздерінің қызметтерін кәсіпорынға ұсынатын және (а) заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын, (b) кәсіпорынға оның басшылығымен заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын тұлғалар сияқты жұмыс істейтін, немесе (с) көрсететін қызметтері қызметкерлер көрсететін қызметтерге ұқсайтын жеке тұлғалар. Мысалы, осы анықтамаға барлық басшы қызметкерлер, яғни кәсіпорынның атқарушы тұлғалары болып табылмайтын директорларды қоса алғанда, кәсіпорынның қызметін жоспарлау, басқару және бақылау үшін өкілеттігі бар және жауапкершілік атқаратын адамдар кіреді.

нарықтық талаптар

Үлестік құралды орындау бағасы, өтуі немесе орындау мүмкіндігі қатысты болатын және үлестік құралдардың нарықтық бағасына байланысты талап, мысалы, акциялардың берілген бағасына немесе акцияларға опционның ішкі құнының берілген сомасына қол жеткізу не кәсіпорынның үлестік құралдарының нарықтық бағасының және басқа кәсіпорындардың үлестік құралдарының нарықтық бағалары индексінің арақатынасына негізделген белгілі бір мақсатқа қол жеткізу.

үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім

Кәсіпорынның және басқа тараптың (жалдамалы қызметкерді қоса алғанда) арасында жасалған үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларын жүргізу туралы, басқа тарапқа кәсіпорынның ақша қаражатын немесе басқа активтерін кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына негізделген сомаларды алуға құқық немесе кәсіпорынның үлестік құралдарын, егер бар болса, белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен алуға құқық беретін келісім.

әділ құн

Актив айырбасталатын, міндеттеме бойынша есеп айырысу жүргізілетін немесе жақсы хабардар етілген, осындай операцияларды жасауға ниетті тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде ұсынылған үлестік құралдар айырбасталатын сома.

үлестік құқыққа өту талабы

Қарсы тарапта үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде кәсіпорынның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе үлестік құралдарын алу құқығы туындауы үшін орындалуы тиіс талаптар. Үлестік құқыққа талаптарына басқа тараптан қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтауды талап ететін қызмет мерзімінің талаптары және қызметтің белгілі бір қызмет нәтижелеріне (мысалы, белгілі бір уақыт ішінде кәсіпорын пайдасының белгілі ұлғаюы секілді) қол жеткізуді талап ететін талаптары кіреді.

Опционды қайталап алуға құқық

Опционның иесі орындау бағасын төлеу үшін кәсіпорынның ақша қаражатын емес, акцияларын пайдалана отырып бұрын ұсынылған опционды орындаған кезде кез келген ретте үлестік құралдарға негізделген қосымша опциондарды автоматты түрде ұсынуды қамтамасыз ететін талап.

В қосымшасы: Қолдану жөніндегі нұсқау

Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.