
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
- •2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Жалпы ережелер
- •Қызмет көрсетулер алынған мәмілелер
- •Опционды қайталап алуға құқықтарды есепке алу
- •Егер үлестік құралдардың әділ құны сенімді бағаланбаса
- •Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау
- •Акциялар
- •Акцияларға опциондар
- •Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат
- •Күтілетін мерзімінен бұрын орындау
- •Күтілетін өзгергіштік
- •Листингті алғаш алған ұйымдар
- •Күтілетін дивидендтер
- •Тәуекелсіз пайыздық ставка
- •Капиталдың құрылымына ықпал ету
- •Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер туралы келісімдерді өзгерту
Қызмет көрсетулер алынған мәмілелер
14 Егер ұсынылған үлестік құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы үлестік құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер жоқ болған кезде, кәсіпорын қарсы тараптың үлестік құралдар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда үлестік құралдарды ұсыну күні кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс.
15 Егер ұсынылған үлестік құралдарға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда кәсіпорын қарсы тарап осы үлестік құралдар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Кәсіпорын осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалы:
(а) егер қызметкерге үлестік құралдарға опциондар ол кәсіпорында үш жыл істеуі шартымен ұсынылса, онда кәсіпорын қызметкер үлестік құралдарға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта үш жылдық өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс;
(b) егер қызметкерге үлестік құралдарға опциондар қызметтің белгілі бір нәтижесіне жетуі, сондай-ақ қызметкердің кәсіпорындағы қызметін осы қызмет шарты орындалғанға дейін және өту кезеңінің ұзақтығы қызметтің осы талаптарының орындалуына қарай өзгеруі шартымен ұсынылса, онда кәсіпорын қызметкер үлестік құралдарға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта күтілетін өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Кәсіпорын күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда кәсіпорын қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарауы тиіс.
Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін мәмілелер
Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын айқындау
16 Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар үшін кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын, егер бар болса, нарықтық бағаларға негіздей, осы үлестік құралдар ұсынылған талаптарды ескере отырып, өлшеу күні өлшеуі тиіс (19-22-параграфтардың талаптарына сәйкес).
17 Егер нарықтық бағалар жоқ болса, онда кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті тараптар арасында операциялар жасау кезінде өлшеу күні осы үлестік құралдардың бағасы қандай болғанын айқындауға арналған бағалау әдістерін пайдалана отырып есептеуі тиіс. Бағалау тәсілі қаржы құралдарының бағасын айқындаудың жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес келуі және жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде қарайтын барлық факторлар мен жорамалдар кіруі тиіс (19-22-параграфтардың талаптарына сәйкес).
18 В қосымшасында акциялардың және үлестік құралдарға опциондардың әділ құнын өлшеу жөніндегі неғұрлым нақты нұсқаулар қамтылған. Осы қосымшада шарттың қызметкерлерге акцияларды немесе үлестік құралдарға опциондарды ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипаттамалары болып табылатын белгілі бір талаптары қарастырылады.
Үлестік құралдар беру шарттарын есепке алу
19 Үлестік құралдарды ұсыну белгілі бір үлестік құралдарды беру талаптарын орындауға байланысты. Мысалы, қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну әдетте қызметкердің осы кәсіпорында белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс істеуін жалғастыратынына не жалғастырмайтынына байланысты болады. Қызметтің орындалуы тиіс, кәсіпорынның пайданың белгілі бір өсуіне немесе кәсіпорын акциялары бағасының белгілі бір өсуіне жетуі сияқты талаптары болуы мүмкін. Өтудің нарықтық талаптардан өзгеше талаптары акциялардың немесе акцияларға опциондардың өлшеу күні әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Өтудің осы талабының орнына операция сомасын өлшеуге қорытындысында үлестік құралдарды ұсынғаны үшін өтемақы ретінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетуге қатысты танылған сома нақты өткізілетін үлестік құралдардың санына негізделетіндей етіп енгізілген үлестік құралдар санын түзету арқылы есепке алынуы тиіс. Осылайша, егер өту талаптары орындалмағандықтан ұсынылған үлестік құралдар өткізілмесе (21-параграфтың талаптарына сәйкес), мысалы, егер қарсы тарап көрсетілген кезеңде қызметті көрсетуді аяқтай алмаса немесе қызметтің талабы орындалмаса, онда алынған тауарларға немесе қызмет көрсетуге қатысты ешқандай сомалар жинақтау негізінде танылмайды.
20 19-параграфтың талаптарын қолдану үшін кәсіпорын, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін үлестік құралдар санының өткен есептерден өзгеше болатынын көрсетсе, өту кезеңі ішінде алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты құқықтарының өтуі күтілетін үлестік құралдардың санын неғұрлым жақсы бағалауға негізделген соманы тануы тиіс және қажеттілігіне қарай осы бағаны қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күніне осы бағаны оның түпкілікті қорытындысында құқықтары өткен үлестік құралдардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Бұл ретте 21-параграфтың талаптарын ескеру қажет.
21 Нарықтық, мысалы, акциялардың берілген бағасына жету сияқты, өту (немесе орындау мүмкіндігі) қатысты болатын талаптар ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Тиісінше, үлестік құралдарды нарықтық талаптармен ұсыну кезінде кәсіпорын өтудің барлық басқа да талаптарын (мысалы, белгілі бір кезең ішінде жұмысын жалғастыратын қызметкерден алынған қызмет көрсетулер) орындайтын қарсы тараптан алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді нарықтың талаптарын қанағаттандыратынына не қанағаттандырмайтынына қарамастан тануы тиіс.