Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

2 Ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

МАҚСАТЫ

  1. Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

  1. Кәсіпорын, 5 және 6-параграфтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Стандарт:

(а) үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорынның үлестік құралдары (акцияларды немесе үлестік құралдарға опциондарды қоса алғанда) үшін өтемақы ретінде алатын төлемдер операцияларын;

(b) үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алатын және бұл ретте осы тауарларды немесе қызмет көрсетулерді жеткізушінің алдында кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына (немесе құнына) негізделген міндеттемелер қабылдайтын төлемдер мәмілелерін;

(с) кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын және келісімнің талаптары кәсіпорынға немесе осы тауарларды, немесе қызмет көрсетулерді жеткізушіге негізінде кәсіпорын операция бойынша не ақша қаражаттарымен (немесе басқа активтермен), не үлестік құралдар шығару арқылы есеп айырысуды жүзеге асыра алатын таңдауды ұсынатын операцияларды

қоса алғанда, барлық төлемдер операцияларын есепке алған кезде қолдануы тиіс.

3 Осы Стандарт мақсаты үшін акционерлердің тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізген тараптарға (қызметкерлерді қоса алғанда), кәсіпорынның үлестік құралдарын өткізуі осындай өткізу кәсіпорынға жеткізілген тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеуден басқа мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, үлестік құралдарға негізделген төлемдер операциялары болып табылады. Осы ереже сондай-ақ негізгі кәсіпорынның немесе қарастырылып отырған сол топқа кіретін басқа кәсіпорынның үлестік құралдарын қарастырылып отырған кәсіпорынға тауарларды немесе қызмет көрсетулерді жеткізген тараптарға өткізуге қолданылады.

4 Осы Стандарт мақсаты үшін кәсіпорынның үлестік құралдарының иесі ретінде болатын қызметкермен (немесе басқа тараппен) операция үлестік құралдарға негізделген төлем операциясы болып табылмайды. Мысалы, егер кәсіпорын өзінің үлестік құралдардың белгілі бір түрінің барлық иесіне кәсіпорынның қосымша үлестік құралдарын осы үлестік құралдардың әділ құнына қарағанда төмен баға бойынша сатып алуға құқық ұсынса және қызметкер осындай құқықты ол, осы белгілі бір түрдегі үлестік құралдардың иесі болып табылғандықтан, осы құқықты алса, онда осы құқықты ұсынуға немесе пайдалануға осы Стандарт талаптары қолданылады.

5 2-параграфта аталып өткендей, осы Стандарт үлестік құралдарға негізделген, кәсіпорын не тауарлар, не қызмет көрсетулер алатын төлем операцияларына қолданылады. Тауарларға қорлар, шығыс материалдары, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа қаржылық емес активтер кіреді. Дегенмен, кәсіпорын осы Стандарт кәсіпорын тауарларды бизнесті біріктіру кезінде алынатын, 3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS қолданылатын таза активтердің бір бөлігі ретінде сатып алатын операцияларға қолданбауы тиіс. Тиісінше, бизнесті біріктіру кезінде сатып алатын кәсіпорынды бақылау үшін айырбас ретінде шығарылатын үлестік құралдар осы Стандарт қолдану аясына кірмейді. Дегенмен сатып алатын кәсіпорынның қызметкерлеріне қызметкерлер ретінде ұсыналатын (мысалы, олардың атқарып отырған қызметі үшін) үлестік құралдар осы Стандарт қолдану аясына кіреді. Сол секілді үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісімдерді қысқарту, ауыстыру және басқа өзгерісі бизнесті біріктіруге немесе капиталды басқа да қайта құрылымдауға байланысты осы Стандарт сәйкес ескерілуі тиіс.

6 Осы Стандарт үлестік құралдарға негізделген, 32-«Қаржы құралдары: ақпаратты ашу және беру» IАS (2003 жылғы редакция) 8-10-параграфтарын немесе 39-«Қаржы құралдары: тану және өлшеу» IАS (2003 жылғы редакция) 5-7-параграфтарын қолдану аясына кіретін шартқа сәйкес кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын төлемдер операцияларына қолданылмайды.

ТАНУ

7 Кәсіпорын үлестік құралдарға негізделген төлемдер мәмілелерінде алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді осы тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алу сәтінде тануы тиіс. Кәсіпорын, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер үлестік құралдарға негізделген, ол бойынша есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер мәмілелерінде алынса, меншікті капиталдың тиісті ұлғаюын немесе, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер үлестік құралдарға негізделген, ол бойынша есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер мәмілелерінде алынса, міндеттемелерді тануы тиіс.

8 Егер үлестік құралдарға негізделген төлемдер мәмілелерінде алынған немесе сатып алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретіндегі тану критерийлеріне сәйкес келмесе, онда олар шығыстар ретінде танылуы тиіс.

9 Әдетте, шығыс тауарларды немесе қызмет көрсетулерді тұтыну нәтижесінде туындайды. Мысалы, қызмет көрсетулер әдетте бірден тұтынылады және осы жағдайда шығыс қызмет көрсетуді қарсы тарап көрсету сәтінде танылады. Тауарлар қандай да болмасын уақыт кезеңі ішінде немесе қорлар неғұрлым кешірек күні сатылған жағдайда тұтынылуы мүмкін; осы жағдайда шығыс тауарлар тұтынылған немесе сатылған кезде танылады. Дегенмен кейде шығысты тауарлар немесе қызмет көрсетулер тұтынылғанға немесе сатылғанға дейін тану қажет, себебі олар активтер ретінде тану критерийлеріне сәйкес келмейді. Мысалы, кәсіпорын тауарды жаңа тауарды әзірлеу жөніндегі жобаны зерттеу сатысының бір бөлігі ретінде сатып алады. Бұл тауарлар тұтынылмағанмен, олар қолданылатын Стандартқа сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап бермеуі мүмкін.

ҮЛЕСТІК ҚҰРАЛДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН, ҮЛЕСТІК ҚҰРАЛДАРМЕН ТӨЛЕНЕТІН МӘМІЛЕЛЕР