Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-ХБЕС Қаржы есептілігін ұсыну.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
236.54 Кб
Скачать

124А. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

124В. 124А-параграфының талаптарын орындау мақсатында ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

  1. мына ақпараттарды қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), капиталды басқару мәселелерінде өзінің міндеттері, саясаты және процестері туралы сапалық сипаттағы ақпараттар:

(i) капитал ретінде басқарудың мәні не болатынын;

(іі) ұйымның капиталына қатысты сыртқы талаптар белгіленеді, мұндай талаптардың сипаты және олардың капиталды басқару кезінде қалай ескерілетіні;

және

(ііі) капиталды басқару кезінде өз міндеттерін қалай шешетіні.

  1. капитал ретінде басқару мәні болып табылатыны туралы сапалық сипаттар туралы жалпылама деректер. Кейбір ұйымдар белгілі бір қаржылық міндеттемелерді (мысалы, субординарлық қарыздың кейбір нысандары) капиталдың бөлігі деп санайды. Басқа ұйымдар капитал ұғымына меншікті капиталдың кейбір құрамдас бөліктерін қоспайды (мысалы, ақша ағындарын хеджирлеуден туындайтын құрамдас бөліктер);

  2. алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (а) және (b) бөліктерінде болған кез келген өзгерістер;

  3. кезеңнің ішінде осы ұйым үшін белгіленген капиталға сыртқы талаптар орындалды ма;

  4. егер ол оларды орындамаса, ұйымның капиталына сыртқы талаптарды орындамауының салдарлары.

Бұл ашып көрсетулер шешуші басқару персоналына ішкі каналдар бойынша берілген ақпараттарға негізделуге тиіс.

124С. Ұйым өз капиталдарын алуан түрлі тәсілдермен пайдалана алады, ал оның капиталына неше түрлі талаптар қойыла алады. Мысалы, сараланған компания өзінің құрамында сақтандыру және банк қызметтерімен айналысатын ұйымға ие бола алады, бұл ретте мұндай ұйымдар бірнеше заңдылықтарда жұмыс істей алады. Егер капиталға жалпылама талаптар мен басқару тәсілдері пайдаланушыларға пайдалы ақпарат бермесе немесе олардың ұйым капиталын түсінуін бұрмалайтын болса, осы ұйым үшін белгіленген әрбір капиталға талап бойынша жеке ақпаратты ашуы тиіс.

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

125. Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а) қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;

және

(b) артықшылықты кумулятивтік акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтер сомасы.

126. Ұйым, егер ол қаржы есептілігінде бірге жарияланған қосымша қаржы материалдарының басқа бөлімдерінде ашылмаса, мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а) ұйымның заңды мекен-жайы және ұйымдық-заңдық нысаны, ол тұратын ел және тiркелген кеңсенiң мекен-жайы (немесе, егер оның тiркелген кеңсенiң мекен-жайынан айырмашылығы болса, iс жүргiзетiн негiзгi орны);

(b) операцияларды және ұйым қызметiнiң негiзгi түрлерiн сипаттау;

және

(с) бас компанияның және топтың негiзгi бас кәсiпорнының атауы.

КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КҮН

127. Ұйым осы Халықаралық стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Мерзiмiнен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.

1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ (1997 ЖЫЛҒЫ РЕДАКЦИЯДА)

128. Осы Стандарт 1997 жылғы редакциядағы 1-«Халықаралық есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын ауыстырады.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.