- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану мақсаты
- •Тану және бағалау хқес бойынша қолдану басындағы бухгалтерлік баланс
- •Есеп саясаты
- •Басқа хқес-ынан босату
- •Бизнесті біріктіру
- •Әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау
- •Қызметкерлерге сыйақы
- •Ақша аударудан жинақталатын айырма
- •Аралас қаржы құралдары
- •Бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау
- •Акцияларға негізделген төлем операциялары
- •Сақтандыру шарттары
- •Басқа ретроспективті қолдануды алып тастау
- •Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету
- •Салыстырмалы ақпарат
- •Өткен кезеңдер үшін деректер жиынтығы
- •Қаржылық активтерді немесе қаржы міндеттемелерді айқындау
- •Әділ құнды бастапқы құн ретінде пайдалану
- •Аралық қаржы есептілігі
- •Бұл қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету
35 Осы Стандарт басқа ХҚЕС келтірілген ұсыну және ашып көрсету бойынша талаптардан босатуды қарастырмайды.
Салыстырмалы ақпарат
36 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IАS сәйкес келтіру үшін кәсіпорын ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған кәсіпорынның қаржы есебіне ең болмағанда бір жыл үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес салыстырмалы ақпаратты енгізу қажет.
39 IАS және 4 IFRS үшін салыстырмалы ақпаратты қайта есептеу талаптарынан босату
36А Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданған кәсіпорын ХҚЕС бойынша өзінің бірінші қаржы есебінде осы ақпараттың 32 IАS, 39 IАS және 4 IFRS сәйкестігі аса қажет болмайтын, кем дегенде бір жыл үшін салыстырмалы ақпаратты ұсынуы қажет. 32 IАS, 39 IАS және 4 IFRS сәйкес келмейтін салыстырмалы ақпаратты ұсынуды таңдаған кәсіпорын өзінің стандарттарға алғашқы өту кезеңінде:
(а) 32 IАS және 39 IАS қолдану саласына кіретін қаржы құралдарына және 4 IFRS қолдану саласына кіретін сақтандыру шарттарына салыстырмалы ақпаратқа өзінің бұрынғы БЕЖҚ қолданады;
(b) осы ақпаратты дайындау үшін пайдаланылатын негізбен бірге осы фактіні ашу; және
(с) 32 IАS, 39 IАS және 4 IFRS сәйкес келетін ақпаратты жасайтын негізгі түзетулердің табиғатын ашу. Кәсіпорынға осындай түзетулердің сандық бағалаудың қажеті жоқ. Алайда, кәсіпорын салыстырмалы кезеңнің (бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес салыстырмалы ақпарат кіретін балансты қоса алғанда) есепті күніндегі баланс пен есеп саясатын өзгерту нәтижесінде пайда болған ХҚЕС бойынша (32 IАS, 39 IАS және 4 IFRS сәйкес келетін ақпараты бар бірінші кезеңді қоса алғанда) бірінші есепті кезеңнің басындағы баланс арасындағы кез келген түзетуді ескеру және 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателіктер» IАS 28(а)-(е) және (f)-(і) параграфтарында талап ететін ақпаратты ашуды ұсынуы тиіс. 28(f)-(і)-параграфы салыстырмалы кезеңнің есепті күніндегі баланста ұсынылған сомаларға ғана қолданылады.
32 IАS, 39 IАS және 4 IFRS сәйкес келмейтін салыстырмалы ақпаратты ұсынуды таңдаған кәсіпорын «Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне» сілтеме (осы Стандарттар үшін ғана) жасаған жағдайда, ХҚЕС бойынша бірінші есепті кезеңнің басындағы осы стандарттарды ғана көрсете алады. Мұндай ұйымдар 1 IAS Халықаралық стандартының 15(с)-парагрфын орындауы және ХҚЕС нақты талаптарын орындау пайдаланушылардың ұйымның қызметінің қаржылық жағдайы және қаржылық нәтижелері тұрғысынан нақты мәмілелердің, басқа оқиғалардың және шарттардың салдарларын түсінуін қамтамасыз етпесе, қосымша ашулар жасауы тиіс.
Салыстырма ақпаратты ашу туралы 6 IFRS талаптарынан ерекшелік
36В. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен және 6-«Минералдық ресурстарды барлау және бағалау» IFRS 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылдаған ұйым өзінің ХҚЕС бойынша бірінші қаржы есептілігінде салыстырма ақпаратты беру жөніндегі 6 IFRS Халықаралық стандартының талаптарын қолдануға құқылы емес.
7 IFRS сәйкес салыстырмалы ашуларды ұсыну туралы талаптардан босату
36С. ХҚЕС-на 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен және 7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS ХҚЕС бойынша өзінің бірінші қаржы есептілігінде қолданатын ұйым 7 IFRS талап ететін салыстырма ашып көрсетулерді осы қаржы есептілігінде ұсынуға міндетті емес.
