
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану мақсаты
- •Тану және бағалау хқес бойынша қолдану басындағы бухгалтерлік баланс
- •Есеп саясаты
- •Басқа хқес-ынан босату
- •Бизнесті біріктіру
- •Әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау
- •Қызметкерлерге сыйақы
- •Ақша аударудан жинақталатын айырма
- •Аралас қаржы құралдары
- •Бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау
- •Акцияларға негізделген төлем операциялары
- •Сақтандыру шарттары
- •Басқа ретроспективті қолдануды алып тастау
- •Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету
- •Салыстырмалы ақпарат
- •Өткен кезеңдер үшін деректер жиынтығы
- •Қаржылық активтерді немесе қаржы міндеттемелерді айқындау
- •Әділ құнды бастапқы құн ретінде пайдалану
- •Аралық қаржы есептілігі
- •Бұл қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Басқа ретроспективті қолдануды алып тастау
26 Осы Стандарт басқа ХҚЕС кейбір аспектілерінде ретроспективті қолдануға тиым салады:
(а) қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тануды тоқтатуға (27-параграф);
(b) хеджирлеу операцияларын есепке алуға (28-30-параграфтар);
(с) есепті бағалауларға (31-34-параграфтар);
(d) сатуға және тоқтатылған қызметке арналған жіктелген активтерге жататындарға қолданылмайды.
Қаржылық активтерді және қаржылық міндеттемелерді тануды тоқтату
27 27А-параграфында рұқсат етілген жағдайлардан басқа, ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын 2004 жылғы 1 қаңтарда немесе одан кейінгі күнде жасалған операцияларға 39 IАS бар тануды тоқтату бойынша талаптарды қолдануы тиіс. Басқаша айтсақ, ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын 2004 жылғы 1 қаңтарда жасалған операциялар нәтижесінде өзінің бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес туынды емес құралдар болып табылатын қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді тануды тоқтатады, бірақ ХҚЕС сәйкес осы активтер мен міндеттемелерді тануы тиіс (тану үшін неғұрлым кеш жасалатын операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде оларды жіктеу жағдайларын қоспағанда).
27А 27-параграфтың ережелеріне сәйкес кәсіпорын 39 IАS бар тану тоқтағанға дейін, кәсіпорын таңдау жасаған күннен бастап бұрынғы операциялар нәтижесінде тану тоқтатылған талаптарды қолдануы мүмкін қаржы активтеріне және қаржы міндеттемелеріне 39 IАS қолдану үшін қажет ақпарат осы операцияларды бастапқы есепке алу кезінде алынды.
Хеджирлеуді есепке алу
28 39-«Қаржы құралдары - тану және өлшеу» IАS талап ететіндей, кәсіпорын ХҚЕС өту күніне:
(а) әділ құн бойынша барлық туынды құралдарды өлшеуге; және
(b) активтер мен міндеттемелер ретінде бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес есептелген туынды құралдар бойынша пайда болған барлық кейінге қалдырылған пайда мен залалдарды алып тастауға тиіс.
29 Кәсіпорын ХҚЕС қолданудың басындағы баланста 39 IАS сәйкес хеджирлеуді есепке алу талаптарын қанағаттандырмайтын хеджирлеуге қатысын көрсетпеуі тиіс (мысалы, хеджирлеу құралы ақша құралы немесе шығарылған опцион болып табылатын; хеджирлеу бабы нетто-позиция болатын; немесе хеджді өтеуге дейін ұсталатын инвестицияның пайыздық тәуекелін жабатын көптеген хеджирлеуге қатысты). Алайда кәсіпорын бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес хеджирленетін бап ретінде нетто-позицияны айқындаған жағдайда, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күнінен кешіктірмей осыны жасаған жағдайда ХҚЕС сәйкес хеджирленетін бап ретінде осы нетто-позиция шеңберінде жекелеген бапты айқындауы мүмкін.
30 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне дейін кәсіпорын операцияны хеджирлеу ретінде айқындаған жағдайда, хеджирлеу 39 IАS бар хеджирлеуді есепке алу талаптарын қанағаттандырмайды, бірақ кәсіпорын хеджирлеуді есепке алуды тоқтату үшін 39 IАS Халықаралық стандартының 91 және 101-параграфтарын қолдануы тиіс. ХҚЕС-ына өту күніне дейін басталған операциялар хеджирлеу ретінде ретроспективті түрде айқындалуы тиіс емес.
Есепті бағалау
31 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес кәсіпорынның есеп айырысу бағалауы ХҚЕС-ына өту күніне бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес (есеп саясатында көрсетілген айырманы түзеткеннен кейін) сол күнде жасалған есеп айырысу бағалауларына сәйкес келуі тиіс, егер объективті куәліктер болмаса мұндай есеп айырысу бағалаулары қате болады.
32 Кәсіпорын бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес жасалған есеп айырысу бағалаулары туралы ХҚЕС-ына өту күніне ақпарат алуға тиіс. 31-параграфқа сәйкес кәсіпорын 10-«Баланс күнінен кейінгі оқиғалар» IАS сәйкес баланс күнінен кейінгі түзетілмеген оқиға ретінде осы ақпаратты алуды ескеруге тиіс. Мысалы, кәсіпорынның Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күні - 2004 жылғы 1 қаңтар және 2004 жылғы 15 шілдедегі жаңа ақпарат 2003 жылғы 31 желтоқсанда жасалған бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес жасалған есеп айырысу бағалауын қайта қарауды талап етеді. Кәсіпорын ХҚЕС қолдану басындағы балансқа осы жаңа ақпаратты көрсетпеуі керек (есеп айырысу бағалаулары есеп саясатында айырманы түзетуді қажет еткен жағдайда немесе есеп айырысу бағалауының қате болғандығы туралы объективті себептер болған жағдайларды қоспағанда). Мұның орнына кәсіпорын бұл жаңа ақпаратты 2004 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын бір жылғы өзінің пайда және залалдар туралы есебінде (немесе меншікті капиталында басқа да өзгерістер ретінде көрсетеді) көрсетуі тиіс.
33 Кәсіпорынға бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес осы күнге талап етілмеген ХҚЕС өту күніне ХҚЕС сәйкес есеп айырысу бағалауын жүргізу қажет болады. ХҚЕС сәйкестікке жету үшін осы есеп айырысуларды Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күнінде болған талаптарды көрсетуі керек. Атап айтқанда, ХҚЕС өту күні нарық бағаларының, пайыздық ставкалардың немесе шетел валюталарын айырбастау бағамдарының есеп айырысу бағалауы осы күнгі нарық талаптарын көрсетуі тиіс.
34 31-33-параграфтар ХҚЕС қолдану басындағы баланста көрсетіледі. Олар сол сияқты ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған кәсіпорынның қаржы есебінде берілген салыстырмалы кезеңге қолданылады, мұндай жағдайда Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне сілтеме жасаған жағдайда, осы салыстырмалы кезеңнің соңындағы сілтемеге ауыстырылады.
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер және тоқтатылған қызмет
34А 5 IFRS сатуға арналғандар ретінде жіктеу критерийлеріне жауап беретін ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және осы ХҚЕС күшіне енген күннен кейін тоқтатылған қызмет ретінде саналатын жіктеу критерийлеріне жауап беретін қызметке перспективалы түрде қолданылды. 5 IFRS кәсіпорынға осы Стандартты қолдану үшін қажет бағалау мен мықты ақпарат осы критерийлер бастапқыда оларды қанағаттандырған кезде алынған жағдайда сатуға арналғандар ретінде жіктеу критерийлеріне жауап беретін ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және осы Стандарт күшіне енген күннен кейін тоқтатылған қызмет ретінде саналатын жіктеу критерийлеріне жауап беретін қызметке перспективалы түрде қолдануға рұқсат береді.
34В Кәсіпорынның ХҚЕС өту күні 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін болса, онда 5 IFRS өту кезеңінің талаптарын қолданады. Егер кәсіпорынның ХҚЕС өту күні 2005 жылғы 1 қаңтар немесе одан да кеш болса, онда ол 5 IFRS ретроспективті түрде қолданады.