Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
186.88 Кб
Скачать

Бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау

25А 39-«Қаржы құралдары: тану және өлшеу» ХҚЕС (IАS) (2003 жылғы редакцияда) пайда немесе залал арқылы не сатуға қолда бар құрал ретіндегі әділ құн бойынша қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі сияқты бастапқы тану кезінде қаржы құралын (егер ол белгілі бір критерийлерді қанағаттандырса) айқындауға рұқсат береді. Осы талапқа қарамастан, бірқатар жағдайларда ерекшеліктер қолданылады:

  1. кез келген ұйымға ХҚЕС-на көшу күніне сату үшін қолда бар санаттар үшін жіктеуге рұқсат беріледі;

  2. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес 2006 жылғы 1 қыркүйектен немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезең үшін жасалған өзінің қаржылық есептілігін бірінші рет тапсыратын ұйым – мұндай ұйымға ХҚЕС-на көшу күнінде кез келген қаржы активін немесе қаржылық міндеттемесін, мұндай актив немесе міндеттеме осы күнгі жағдай бойынша 39 IAS Халықаралық стандартының 9 (b)(i), 9(b)(ii) немесе 11А-параграфы критерийлерін қанағаттандырса, пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде кез келген қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме ретінде жіктеледі;

  3. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес 2006 жылғы 1 қыркүйектен немесе осы күннен кейін басталатын және 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейін жылдық кезең үшін жасалған өзінің қаржылық есептілігін бірінші рет тапсыратын ұйым – мұндай ұйымға ХҚЕС-на көшу күнінен кез келген қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін, мұндай актив немесе міндеттеме осы күнгі жағдай бойынша 39 IAS Халықаралық стандартының 9 (b)(i), 9(b)(ii) немесе 11А-параграфы критерийлерін қанағаттандырса, пайда немеса залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде кез келген қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме ретінде жіктеуге рұқсат етіледі. Егер ХҚЕС-на көшу күні 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі күн болып табылса, мұндай жіктеулерді осы күнге дейін жүргізу міндетті емес, бұл ретте олар ХҚЕС-на көшу күні мен 2005 жылғы 1 қыркүйек аралығындағы танылған қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін қамтуы мүмкін;

  4. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын жылдық кезең үшін жасалған өзінің қаржылық есептілігін бірінші рет тапсыратын және 11А, 48А, ag4b-ag4K, AG33A және AG33B-параграфтарын, сондай-ақ 39 IAS Халықаралық стандартының 9, 12 және 13-параграфтарында көзделген 2005 жылғы түзетулерді қолданатын ұйым – мұндай ұйымға ХҚЕС қабылдаудан кейін бірінші есепті кезеңнің басында осы жаңа өзгерістерге және осы күнгі жағдай бойынша параграфтардың өзгерістеріне сәйкес мұндай жіктеудің критерийлеріне жауап беретін кез келген қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жәктеуге рұқсат береді. Егер ұйымның бірінші есепті күні ХҚЕС-на өткеннен кейін 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейін басталатын болса, мұндай жіктеулерді осы күнге дейін жүргізу міндетті емес, бұл ретте олар осы жылдық кезеңнің басындағы мен 2005 жылғы 1 қыркүйек аралығындағы танылған қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін қамтуы мүмкін. Егер ұйым 39 IAS бойынша салыстырлмалы ақпаратты қайта қарастыратын болса, ол қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтерінің, қаржы міндеттемелерінің топтары, немесе екеуінің де топтары бойынша қайта қаралған, ХҚЕС-на көшу күнінен кейінгі бірінші есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша жіктелген ақпаратты тапсыруға міндетті. Салыстырмалы ақпаратты мұндай қайта қарау, егер жіктелген есептік бірліктер немесе топтар ХҚЕС-на көшу күніндегі жағдай бойынша осы күнгі жағдай бойынша 39 IAS Халықаралық стандартының 9 (b)(i), 9(b)(ii) немесе 11А-параграфы критерийлерін қанағаттандырса не ХҚЕС-на көшу күнінен кейін сатып алынған бола отырып бастапқы тану күнінде 9 (b)(i), 9(b)(ii) немесе 11А-параграфтарында көзделген критерийлерін қанағаттандырса ғана жүргізілуге тиіс;

  5. 2006 жылғы 1 қыркүйектен басталатын жылдық кезең үшін ХҚЕС бойынша бірінші қаржы есептілігін тапсыратын ұйымға қатысты - осы күнгі жағдай бойынша 39 IAS Халықаралық стандартының 91-параграфының ережелеріне қарамастан бұрын әділ құнды хеджирлеу қатынастары шеңберінде хеджирленетін бап ретінде тағайындалған (с) және (d) тармақшаларына сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде мұндай ұйым ретінде жіктелетін кез келген қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері осы қатынастардың шеңберінде пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша көрсетілетін ретінде жіктелген кезде шығарылуға тиіс.