
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану мақсаты
- •Тану және бағалау хқес бойынша қолдану басындағы бухгалтерлік баланс
- •Есеп саясаты
- •Басқа хқес-ынан босату
- •Бизнесті біріктіру
- •Әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау
- •Қызметкерлерге сыйақы
- •Ақша аударудан жинақталатын айырма
- •Аралас қаржы құралдары
- •Бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау
- •Акцияларға негізделген төлем операциялары
- •Сақтандыру шарттары
- •Басқа ретроспективті қолдануды алып тастау
- •Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету
- •Салыстырмалы ақпарат
- •Өткен кезеңдер үшін деректер жиынтығы
- •Қаржылық активтерді немесе қаржы міндеттемелерді айқындау
- •Әділ құнды бастапқы құн ретінде пайдалану
- •Аралық қаржы есептілігі
- •Бұл қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қызметкерлерге сыйақы
20 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IАS сәйкес кәсіпорын «дәліз» әдісін пайдалануды таңдауы мүмкін, бұл жағдайда кейбір актуарлық пайда мен залалдар танылмай қалады. Осы тәсілді ретроспективті қолдану кезінде кәсіпорыннан танылған және танылмаған бөлікке жоспардың бастапқы күнінен бастап Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне дейін жинақталған актуарлық пайда мен залалды бөлу талап етіледі. Алайда, ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын «дәліз» тәсілін неғұрлым кеш болатын актуарлық пайда мен залалдар үшін пайдаланғанның өзінде, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне барлық жинақталған актуарлық пайда мен залалдарды тануды таңдауы мүмкін. ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын осы таңдауды пайдаланса, онда ол оның барлық жоспарлары үшін қолданылуға тиіс.
20А. Кәсіпорын 120А(р)-параграфы талап ететін сомаларды көшу күнінен бастап әрбір есепті кезең үшін осындай сомалардың анықталуына қарай аша алады.
Ақша аударудан жинақталатын айырма
21 21-«Валюталық бағамы өзгерісінің әсері» IАS кәсіпорыннан:
(а) меншікті капиталдың жеке бөлігі ретінде бір валютадан екінші валютаға аударудан түсетін кейбір айырманы жіктеуді; және
(b) шетел қызметінен шығарар кезде пайданың немесе залалдың бір бөлігі ретінде пайда мен залал туралы есепке осы шетел қызметі (бұларды пайдалануға болатын тиісті хеджалар бойынша пайда мен залалды қоса алғанда) үшін бір валютадан екінші валютаға аударудан түскен жинақталатын айырмаға аударуды талап етеді.
22 Алайда, ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорынға Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күнінде бар бір валютаны екінші валютаға аударғанда түскен жинақталатын айырма үшін осы талаптарды сақтаудың қажеті жоқ. ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын осы босатуды пайдаланған жағдайда:
(а) барлық шетел қызметі үшін бір валютаны екінші валютаға аударудан түскен жинақталатын айырма ХҚЕС өту күніне нөлге тең болады; және
(b) кез келген шетел қызметінен одан әрі шығарудан түскен пайда мен залал ХҚЕС өту күніне дейін пайда болған бір валютадан екінші валютаға ақша аударудан түскен айырманы енгізбеуі тиіс, оған ақша аударымдарынан түскен неғұрлым кеш айырмалар енеді.
Аралас қаржы құралдары
23 32-«Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру» IАS кәсіпорынның міндеттемелер мен меншікті капиталдың жекелеген бөліктеріне ол пайда болған кезде аралас қаржы құралдарын бөлу талап етіледі. Егер міндеттеменің бір бөлігі бұдан әрі қолданылмайтын болса, онда 32-ХҚЕС ретроспективті қолдану меншікті капиталды екі бөлікке бөлуді талап етеді. Бірінші бөлікке бөлінбеген пайда кіреді және міндеттеменің бөлігінде шоғырландырылған жинақталатын пайызды білдіреді. Екінші бөлік меншікті капиталдың бастапқы бөлігін білдіреді. Алайда, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне міндеттеменің бөлігі бұдан әрі қолданылмайтын болса, онда осы Стандартқа сәйкес ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорынға осы екі бөлікті бөлудің қажеті жоқ.
Еншілес кәсіпорынның, қауымдасқан кәсіпорындардың және бірлескен қызметтің активтері және міндеттемелері
24 Егер еншілес кәсіпорындарға ХҚЕС қолдану олардың бас кәсіпорны қолданғаннан кейін болса, онда еншілес кәсіпорын өзінің қаржы есептілігінде құн бойынша активтерді және міндеттемелерді өлшеуі тиіс не:
(а) егер шоғырландыру рәсімдері және бас кәсіпорын еншілес кәсіпорынды сатып алған бизнесті біріктіру нәтижелері үшін ешқандай түзетулер жасалмаған болса, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына бас кәсіпорынның өту күніне негізделген бас кәсіпорынның шоғырландырылған қаржы есептілігіне енгізілетін баланстық құны; немесе
(b) еншілес кәсіпорынның Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күні айқындалған осы Стандарт басқа ережелері талап ететін баланстық құн. Бұл баланстық құн (а) тармағында сипатталған баланстық құннан ерекше болуы мүмкін:
(і) халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (IFRS) өту күніне тәуелді өлшеулерге осы ХҚЕС-дағы (IFRS) босатулар себеп болады;
(іі) еншілес кәсіпорынның қаржы есептілігінде пайдаланылған есеп саясаты шоғырландырылған қаржы есептілігінде пайдаланғаннан ерекшеленеді. Мысалы, еншілес кәсіпорын өзінің есеп саясаты ретінде 16-«Негізгі құралдар» IAS сәйкес нақты шығындарды есепке алу үлгісін пайдаланады, сол уақытта топ сияқты қайта бағалау құны бойынша үлгіні пайдалануы мүмкін.
Осындай таңдау едәуір әсері немесе оларға бірлескен бақылауы бар кәсіпорынға қарағанда, ХҚЕС алғаш рет қолданған қауымдасқан кәсіпорын немесе бірлескен қызмет үшін ықтимал.
25 Алайда бас кәсіпорындардың ХҚЕС қолдануы олардың еншілес кәсіпорындары (немесе қауымдасқан кәсіпорын немесе бірлескен қызмет) қолданғаннан кейін жүргізіледі, бірақ сол кәсіпорын өзінің шоғырланған қаржы есебінде өзінің еншілес кәсіпорынның (немесе қауымдасқан кәсіпорын, немесе бірлескен қызмет) активтері мен міндеттемелерін сол баланстық құн бойынша өлшеуі тиіс, еншілес кәсіпорынның (немесе қауымдасқан кәсіпорын, немесе бірлескен қызмет) қаржылық есебінде шоғырландыру үшін түзетуден, және кәсіпорын еншілес кәсіпорын сатып алған бизнесті біріктіру нәтижелері үшін капиталды есепке алудағы түзетуден кейін жүргізіледі. Сонымен, бас кәсіпорынның Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын өзінің жеке қаржы есептілігі үшін, олардың шоғырландырылған қаржы есептілігі үшін одан кейін немесе оған дейін қолданса, онда кәсіпорын шоғырландыру үшін жасалған түзетулерді қоспағанда, екі қаржы есептілігінде бір және басқа сомаларда өзінің активтері мен міндеттемелерін өлшеуі тиіс.