
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану мақсаты
- •Тану және бағалау хқес бойынша қолдану басындағы бухгалтерлік баланс
- •Есеп саясаты
- •Басқа хқес-ынан босату
- •Бизнесті біріктіру
- •Әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау
- •Қызметкерлерге сыйақы
- •Ақша аударудан жинақталатын айырма
- •Аралас қаржы құралдары
- •Бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау
- •Акцияларға негізделген төлем операциялары
- •Сақтандыру шарттары
- •Басқа ретроспективті қолдануды алып тастау
- •Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету
- •Салыстырмалы ақпарат
- •Өткен кезеңдер үшін деректер жиынтығы
- •Қаржылық активтерді немесе қаржы міндеттемелерді айқындау
- •Әділ құнды бастапқы құн ретінде пайдалану
- •Аралық қаржы есептілігі
- •Бұл қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Басқа хқес-ынан босату
13 Кәсіпорын мынадай босатулардың біреуін немесе бірнешеуін таңдауы мүмкін:
(а) бизнесті біріктіру (15-параграф);
(b) әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау (16-19- параграфтар);
(с) қызметкерлерге сыйақы (20-параграф);
(d) бір валютадан екінші валютаға аударудан түскен жинақталған айырма (21-22-параграфтар);
(е) аралас қаржы құралдары (23-параграф);
(f) еншілес кәсіпорындардың, қауымдасқан кәсіпорындардың және бірлескен қызметтің активтері мен міндеттемелері (24-25-параграфтар);
(g) бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау (25А-параграф);
(h) акцияларға негізделген төлемдер операциялары (25В және 25С-параграфтары);
(і) сақтандыру шарты (25D-параграфы);
негізгі құралдардың құнына қосылған пайдаланудан шығару жөніндегі міндеттемелер (25Е-параграфы);
жалдау (25F-параграфы);
бастапқы тану кезінде қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерді әділ құны бойынша бағалау (25G параграфы).
Кәсіпорын осы босатуларды басқа баптармен ұқсас қолданбауға тиіс.
14 Төменде келтірілген кейбір босатулар әділ құнға жатады. 3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған бірегейлендірілген активтер мен міндеттемелердің әділ құнын айқындау ретінде түсіндіреді. Кәсіпорын қаралып отырған активтер мен міндеттемелердің әділ құнын айқындау бойынша неғұрлым нақты нұсқаулар болмайтын басқа ХҚЕС болғанда ғана, осы Стандартқа сәйкес әділ құнды айқындау кезінде осы түсініктерді қолдануы тиіс. Осындай әділ құн оны айқындау күнінде болған талаптарды көрсетуі тиіс.
Бизнесті біріктіру
15 Кәсіпорын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне дейін таныған В қосымшасының талаптарын бизнесті біріктіру үшін қолдануы тиіс.
Әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне олардың әділ құны бойынша негізгі құралдарды өлшеуді таңдауы және осы әділ құнды осы күнгі болжанатын құн ретінде пайдалануы мүмкін.
17 ХҚЕС алғаш рет қолданып отырған кәсіпорын қайта бағалау күніне қайта бағаланған құн тұтастай алғанда салыстырмалы болған жағдайда, қайта бағалау күніне болжанатын құн ретінде Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне (немесе одан бұрын) негізгі құрал-жабдықтардың қайта бағаланған құнын бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес пайдалануы мүмкін:
(а) әділ құн бойынша; немесе
(b) жалпы немесе арнайы баға индексінде, мысалы, өзгерістерді көрсету үшін түзетілген ХҚЕС сәйкес өзіндік құнын немесе амортизацияланған құнын пайдаланады.
18 16 және 17-параграфтарда сипатталған баламалар:
(а) 40-«Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» IAS сәйкес кәсіпорын нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісін пайдаланғанда, жылжымайтын мүлікке инвестициялар; және
мыналарға жауап беретін материалдық емес активтер:
(і) 38-«Материалдық емес активтер» IAS бар тану критерийлері (оның бастапқы құнын сенімді өлшеуді қоса алғанда); және
(іі) 38 IAS Халықаралық стандартында бар қайта бағалау үшін критерийлер.
Кәсіпорын басқа активтер немесе міндеттемелер үшін осы баламаларды қолданбауы тиіс.
19 ХҚЕС алғаш рет қолданып отырған кәсіпорын бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес кейбір немесе өзінің барлық активтері міндеттемелері үшін, оларды қандай да бір оқиға салдарынан белгілі бір күнге әділ құны бойынша өлшей отырып, мысалы, акцияларды жекешелендіру немесе бастапқы ашық ұсыныстар арқылы болжанатын құнды белгілеуі мүмкін. Ол осы өлшеу күніне Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (IFRS) үшін болжанатын құн ретінде белгілі бір оқиғаларға байланысты әділ құнды осылай өлшеуді пайдалана алуы мүмкін.