Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
186.88 Кб
Скачать

Тану және бағалау хқес бойынша қолдану басындағы бухгалтерлік баланс

6 Кәсіпорын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне ХҚЕС қолдану басындағы баланс жасауға тиіс. Бұл Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есептің бастамасы болады. Кәсіпорын ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған өзінің қаржы есептілігін ХҚЕС қолданудың басындағы балансты ұсынбайды.

Есеп саясаты

7 Кәсіпорын ХҚЕС қолданудың басындағы баланста ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған бір және басқа және ол ұсынған қаржы есептілігіндегі барлық кезеңдерде есеп саясатын пайдалануы тиіс. Бұл есеп саясаты 13-34-параграфтарда айтылған жағдайлардан басқа, ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған қаржы есептілігінің есепті күні қолданылып жүрген барлық ХҚЕС сәйкес келуі тиіс.

8 Кәсіпорын бұрын қолданылған ХҚЕС басқа нұсқаларын пайдаланбауы керек. Кәсіпорын оны мерзімінен бұрын қолдану рұқсат етілген қолданылуы әлі де міндетті емес жаңа ХҚЕС қолдана алады.

Мысалы: Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының соңғы нұсқасын жүйелі қолдану

БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ

А кәсіпорынның ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған қаржы есептілігі үшін есепті күн - 2005 жылғы 31 желтоқсан. А кәсіпорны осы қаржы есептілігінде бір жылға ғана арналған салыстырмалы ақпаратты ұсынуды шешеді (қараңыз: 36-параграф). Демек, оның Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өткен күнінің басталуы - 2004 жылғы 1 қаңтар болып табылады (немесе соңы - 2003 жылғы 31 желтоқсан). А кәсіпорны 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда әрбір жылдың 31 желтоқсанына бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес жыл сайын қаржы есептілігін ұсынып келді.

ТАЛАПТАРДЫ ҚОЛДАНУ

А кәсіпорны 2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңдер үшін қолданылып жүрген ХҚЕС (IFRS):

(а) 2004 жылғы 1 қаңтарға ХҚЕС қолдану басындағы балансты дайындау кезінде; және

(b) 2005 жылғы 31 желтоқсанға (2004 жыл үшін салыстырмалы сомаларды қоса алғанда) балансты, пайда және шығындар туралы есепті, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті және 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жыл үшін (2004 жыл үшін салыстырмалы сомаларды қоса алғанда) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті дайындау және ұсыну және ашып көрсету (2004 жылғы салыстырмалы ақпаратты қоса алғанда) кезінде қолданады.

Егер жаңа ХҚЕС әлі де міндетті емес, бірақ оны ертерек қолдануға рұқсат берілген жағдайда А кәсіпорнынан ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған өзінің қаржы есептілігіне осы стандартты қолдану талап етілмейді.

9 ХҚЕС қолданып жүрген кәсіпорындар жасаған есеп саясатындағы өзгерістерге басқа ХҚЕС өтпелі кезеңнің талаптары 27-30-параграфтарында жазылғандарды қоспаған жағдайларда, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту кезінде ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорынға қолданылмайды.

10 13-34-параграфтарда сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын ХҚЕС қолдану басындағы өзінің балансында:

(а) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарында тануды талап ететін барлық активтер мен міндеттемелерді тануға;

(b) осындай тануды ХҚЕС рұқсат етпеген жағдайда активтер мен міндеттемелер ретінде баптарды танымауға;

(с) бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес кәсіпорын таныған баптарды Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес активтің, міндеттеменің немесе меншікті капиталдың бөлігінің басқа түрі болып табылатын активтің, міндеттеменің немесе меншікті капиталдың бөлігі ретінде қайта жіктеуге; және

(d) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын барлық танылған активтер мен міндеттемелерді өлшеу кезінде қолдануға тиіс.

11 ХҚЕС қолдану басындағы балансты кәсіпорын қолданатын есеп саясаты бұрынғы БЕЖҚ-ды пайдалану кезінде пайдаланылған есеп саясатынан ерекше болуы мүмкін. Демек, түзетулер Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне дейін болған оқиғалар мен операциялар нәтижесінде пайда болады. Сондықтан кәсіпорын ХҚЕС өту күніне бөлінбеген пайдада (немесе меншікті капиталдың басқа санатында) тікелей осы түзетулерді тануы тиіс.

12 Осы Стандарт ХҚЕС-ның әрбір стандарты бойынша ХҚЕС қолдану басындағы балансқа міндетті түрде сәйкес келу принципінен алып тастаудың екі санатын белгілейді:

(а) 13-25G-параграфтары басқа ХҚЕС кейбір талаптарынан босатуды қарастырады;

(b) 26-34В-параграфтары басқа ХҚЕС кейбір аспектілерін ретроспективті қолдануға тиым салады.