Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
186.88 Кб
Скачать

1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану

Бұл нұсқа 2004 жылы шығарылған төмендегі түзетулерден туындайтын түзетулерді қамтиды: IFRIC 1 және 4; IFRS 6; «Қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер мен төлемдер – Актуралы пайда және залал, топтық сақтандыру және ақпаратты ашу» IAS 19 түзетулері; «Қаржы құралдары: тану және өлшеу – қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің көшуі және бастапқы танылуы» IAS 39 түзетулері. Бұл нұсқа сондай-ақ 2005 жылғы 30 маусымда шығарылған түзетулерді қамтиды.

1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану мақсаты

1 Осы Стандарттың мақсаты ХҚЕС сәйкес алғаш дайындаған кәсіпорынның қаржы есептілігін және осы қаржы есептілігін, жоғары сападағы ақпаратты қамтитын кезеңнің бір бөлігінің аралық қаржы есептілігін енгізуді қамтамасыз ету болып табылады, ол:

(а) пайдаланушылар үшін айқын және барлық берілген кезеңдермен салыстырмалы болып табылады;

(b) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есеп үшін тиімді жіберетін нүктені қамтамасыз етеді; және

(с) дайындыққа кететін, пайдаланушылардың пайдасынан аспайтын шығындар.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2 Осы Стандарт кәсіпорын қолдануы тиіс:

(а) ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған қаржы есептілігінде; және

(b) ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған қаржы есептілігін қамтитын кезеңнің бір бөлігі үшін 34-«Аралық қаржы есептілігі» IAS-на сәйкес дайындалған, егер осындай бар болса, кез келген аралық қаржы есептілігі қолданылады.

3 ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған кәсіпорынның қаржы есептілігі бірінші жылдық қаржы есептілігі болып табылады, кәсіпорын онда ХҚЕС осындай қаржы есептілігінің ХҚЕС сәйкестігін анық та сөзсіз мәлімдей отырып қолданады. ХҚЕС бойынша қаржы есептілігі ХҚЕС бойынша алғаш рет дайындалған кәсіпорынның қаржы есептілігі болып табылады, мысалы, кәсіпорын:

(а) қаржы есептілігін өткен кезеңнің ең соңында тапсырды:

(і) ХҚЕС қатынастардың бәріне бірдей сәйкес келмейтін ұлттық талаптарға сәйкес;

(іі) қаржы есептілігі ХҚЕС сәйкес келеді деп анық және сөзсіз мәлімдеген фактіні қоспағанда, барлық қатынастарда ХҚЕС сәйкес келетін;

(ііі) ХҚЕС бәріне емес, кейбір талаптарына сәйкес келетіні туралы анық және сөзсіз мәлімдемесі бар кезеңдер;

(іv) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес келмейтін және ұлттық талаптар болмайтын баптарды есепке алу үшін кейбір жекелеген ХҚЕС пайдаланатын ұлттық талаптарға сәйкес; немесе

(v) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес айқындалатын сомалармен кейбір сомаларды салыстырып тексеруді қоса алғандағы ұлттық талаптарға сәйкес;

(b) ХҚЕС сәйкес қаржы есептілігін кәсіпорынның иелерінің немесе кез келген сыртқы пайдаланушылардың қолы жетпейтіндей етіп жасай отырып, тек қана ішкі пайдалануға ғана дайындады;

(с) 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартында айқындалғандай, қаржы есептілігінің толық жинағын дайындамай шоғырландыру мақсаттары үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес есептілік пакетін дайындады; немесе

(d) өткен кезеңдер үшін қаржы есептілігін ұсынған жоқ.

4 Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын алғаш рет қолданған кезде пайдаланылады. Ол, мысалы, кәсіпорын:

(а) бұған дейін ол осындай есептермен бірге Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес анық және сөзсіз өтініші бар қаржы есептілігінің басқа жинағын ұсынған жағдайда ұлттық талаптарға сәйкес қаржы есептілігін ұсынуды тоқтатқанда;

(b) ұлттық талаптарға сәйкес өткен жыл үшін қаржы есептілігін ұсынғанда және осы қаржы есептілігінде Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес анық және сөзсіз өтініші бар болған жағдайларда; немесе

(с) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес анық және сөзсіз өтініші бар өткен жылғы қаржы есептілігін ұсынғанда, тіпті осы есептілікке қатысты ескертулері бар аудиторлық қорытындылар жасалған жағдайларда қолданылмайды.

5 Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын қолданып жүрген кәсіпорындар дайындаған есеп саясатындағы өзгерістерге қолданылмайды. Мұндай өзгерістер:

(а) 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS бар есеп саясатының өзгерістері бойынша талаптардың; және

(b) басқа Халықаралық стандарттарда бар өтпелі кезеңнің арнайы талаптарының мәні болып табылады.