Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОДИЧКА дипл жат.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

2. Дипломатиялық өкілдік

Қазақстан Республикасының Елшілігі сыртқы қатынастағы мемлекеттік орган және дипломатиялық өкілдік орналасқан еліндегі оның жоғары дипломатиялық өкілдігі болып табылады. Елшілік өз қызметінде дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Конвенция ережелерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының қаулылары мен бұйрықтарын, сондай-ақ Сыртқы істер министірлігінің нормативтік құжаттары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

Дипломатиялық өкілдік басшысын тағайындау.

Тағайындау алдында дипломатиялық өкіл тағайындалатын ел үкіметінің келісімін – агреман сұрату керек. Агреман- (agreement/ agreer- деген француз сөзінен шыққан, мақұлдау, келісу мағынасында) бір елдің дипломатиялық өкілі ретінде белгілі бір адамды тағайындауға екінші бір елдің алдын-ала келісім беруі. Агреман не үшін сұратылады. Біріншіден, көпшілік таныған халықаралық іс- тәжірибеге байланысты. Агреманды сұратпауға және оны алмай тұрып, дипломатиялық өкілді тағайындауға болмайды. Екіншіден, бірде-бір үкімет өз мемлекетінің сыртқы саясатына қарсы баспа сөз ретінде немесе ауызша нысанда жағымсыз сөйлеген адамды өз еліне қабылдамайды. Дипломатиялық өкілдік орналасқан ел үкіметі өз елдеріне халықаралық қатынас іс-тәжірибесінде объективті түрде және адал ниетпен қатысқан адамның келуіне сенуге құқығы бар. Өкіл өзінің Сыртқы саясат ведомствосынан тиісті нұсқау алғаннан кейін дипломатиялық өкілділік орналасқан елдің сыртқы істер министірлігіне барып, ауызша нысанда осы елдегі өз лауазымынан кететінін және басқа кандидатураға агреман сұратуды тапсыру туралы хабарлайды. Ауызша хабарламаға агреман сұратылатын адам туралы бар қажетті мәлімет қосымша тапсырылады. Халықаралық іс- тәжірибеде агреманды телефон арқылы сұрату жағдайлары да кездеседі. Әдетте, бұл атымен жүргізетін саяси қызметі күмән туғызбайтын мемлекеттік қайраткерлерге таралады. Халықаралық іс- тәжірибе агреман сұрату фактісін абсолютті құпиялықта сақтауды талап етеді. Агреман сұратуға жауап қандай да бір саяси түсініктерге байланысты болмаса, қысқа мерзімде беріледі.

Дипломатиялық өкілдіктер қызметін тоқтату. Дипломатиялық өкілдік орналасқан елдегі қызметін екі ел арасында дипломатиялық қатынастар тоқтатылған немесе үзілген жағдайда толық тоқтатады. Халықаралық іс-тәжірибеде басқадай нысан да болуы мүмкін, мысалы екі мемлекет біріккен жағдайда сыртқы саясатты біріккен үкімет жүргізуі керек және біріккен елдің біреуі барлық дипломатиялық өкілдіктермен өз жұмысын тоқтатуы тиіс.

Дипломатиялық агенттіктің қызметі дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясының 43- бабына сәйкес тоқтатылады:

  • егер ол белгілі бір мерзімге жасалса және уақыт созылмаса, мерзімі біткен жағдайда;

  • дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет үкіметіне тіркеуші мемлекет үкіметінің дипломатиялық агент қызметінің тоқтатылатындығы туралы (кері шақырып алу) хабарлауы;

  • дипломатиялық өкілеттік орналасқан мемлекеттің дипломатиялық агентті өкілдік қызметкері деп танудан бас тартатындығын хабарлауы;

  • дипломатиялық миссия өз қызметін дипломатиялық өкіл қайытыс болған жағдайда тоқтатады.