- •1. «Дипломатия» түсінігінің анықтамасы
- •2. Дипломатиялық өкілдік
- •3. Дипломатиялық өкілдік және оның қызметкерлерінің иммунитетер мен артықшылықтары
- •4. Дипломатиялық құжаттардың мәні мен маңыздылығы
- •5. Дипломатиялық тіл және оның ерекшеліктері
- •6. Дипломатиялық құжаттарды жазуға және ресімдеуге қойылатын талаптар
- •7. Дипломатиялық құжаттардың құрылымы және протоколдық сөз орамдары
- •8. Дипломатиялық құжаттардағы протоколдық сөз орамдары
- •9. Дипломатиялық құжаттардың дәйектеме бөлімі
- •10. Дипломатиялық құжаттардағы деректер келтірілетін бөлімді ресімдеу
- •11. Дипломатиялық хат-хабар жазысу
- •12. Аса жоғары, деңгейдегі кездесулердің, халықаралық мәжілістердің, ресми іс-сапарлардың, келіссөздердің қорытынды құжаттары
- •13. Халықаралық шарттар
- •Бақылау сұрақтары
- •Мазмұны:
10. Дипломатиялық құжаттардағы деректер келтірілетін бөлімді ресімдеу
Бұл тармақта дипломатиялық құжаттардың дерек немесе деректер келтіретін бөлімін ресімдеуді жан-жақты қарастыратын боламыз.
Дипломатиялық қарым-қатынастарда мемлекет тарапына өз мүддесі мен мақсаттарын басқа тараптарға жеткізу үшін, ойды жан-жақты негіздеу үшін, бұлтартпайтын дәлелдермен нақтылау осы бөлімге жүктеледі. Дерек немесе деректер келтіретін бөлімге қойылатын басты талаптар: ойдың нақтылығы, оның сәйкестігі, келтірілетін деректердің сай келушілігі. Жазбада дерекке қатысты шамалы ғана жіберілген жаңсақтық, ол тым асырып жіберушілік немесе тым кемсітушілік болсын немесе дерек дәлелде қасақана бұрмалаушылық болмаса да осының барлығы құжаттың мәнін төмендетіп, басқа тараптың құжатқа деген күмәндану мүмкіндігін арттырып, бүкіл дипломатиялық шараны жоққа шығарады.
Сондықтан да әр дерек дәлелдердің нақтылығын әрі қадағалау қажет, әрі қайта тексеруден өткізген дұрыс. Деректер арасындағы сай келушілікке көңіл бөліп, олардың дипломатиялық кұжатта келтірілуінің қажеттілігін саралап айқындау керек.
Ескерте кететін жайт, ол «дерек немесе деректер келтіретін бөлімді» айтқан кезде құжатта келтірілетін деректерді, деректер тобын бірінен соң, бірін тізіп кою міндетті емес. Деректердің бүкіл құжаттың өн бойында келтіріліп, дәйектеме бөлімімен үйлесіп жатуы жиі кездесетін құбылыс. Сол себепті де дерек немесе деректер келтіретін бөлімді дербес топтама ретінде бөліп қарастыру барлық дипломатиялық құжаттарда кездесе бермейді.
Әлемдік тәжірибеде қауіпсіздік, қорғаныс мәселесі алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі болғандықтан Қазақстан Республикасы да тәуелсіз ел ретінде бұл қағидадан тыс қала алмайды. Сол ретте халықаралық қатынастар жүйесінің толыққанды субъектісіне айналған сәттен бастап Қазақстан да қарусыздану мен ядролық қаруға қатысты өзінің саяси тұжырымдамасын айқындап алды. Әлемдік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырған іс-шараларын қорытындылай келе Қазақстан Республикасы өзінің саяси ұстанымын мәлімдеуде нақтылы дерек дәлелдерді негізге алуға тиіс. Құжаттың, құндылығы да осында болады, бос сөздермен уәде етпей нақтылы деректермен нығайтылады. Осыған орай «Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты» жөніндегі кұжаттың. қандай нұсқада болу керектігін талқылайық:
Жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың халықаралық тәртібін нығашпудағы Қазақстанның іс-әрекеті
Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағыынтымақтастықты дамыт, ғаламдық мәселелермен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың ролін арттыру жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады.
Яғни, құжат мәтінінің бұл бөліігіндеҚазақстан Республикасы өзінің ұстанымын қысқаша, нақтылы жеткізеді. Құжаттың мағыналы өзегі өте айқын , құжат қандай тарапқа арналса да мәнін түсінетіндігіне ешқандай күман жоқ..
