Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГНГ-лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
22.44 Mб
Скачать

Бекеттегі өлшемдер қортындысын өңдеу

Рейкалардың қара және қызыл жақтарының арту мәнін есептеу бекеті:

hч = aч – bч; hк= aк – bк. (30)

егер  hч – hк   5 мм. болса онда өзгерістерді дұрыс орындалғаны. Осыдан басқа есеп алудың алудың дұрыстығын тексеру, бекет барысында өзгереді, өзгерестерін есептеу акч және bк–bч. табылған айырмашылықтардың ауытқуы 5 мм-ден артық болмауы керек.

Орташа арыту белгісі мына формулада:

hср = (hч + hк)/2. (31)

Егер биіктігі НА нүкте А белгілі, онда биіктік нүктесі В мына формулада:

НВ = НА + hср. (32)

Әрбір бекетте өлшенген нивелирлік жүріс салынған

Тапсырмаға сипаттама. Өлшеуді жоғарыда көрсетілгендей есептейді. Мысал ретінде 14-ші кестеде көрсетілген үлгі бойынша есептеуді журналға толтырады. ач=2282, ак=6969, bч=1848, bк=6536.

Формула бойынша аламыз:

hч=2282 – 1848 = 434; hк = 6969 – 6536 = 433

hср = (434+433)/2 = 434; Н2 = 140,150 +434 = =140,584.

15-кесте Техникалық нивелирлеу журналы

Күні:

Тексеруші: Толтырушы:

Бекеттің нөмірі

Нивелир лік нүктенің нөмері

Рейка бойынша есептеу, мм

Арттырылуы, мм

Орташа арттырылуы,

мм

Нүктенің

биіктігі,

м

артқы

алдыңғы

+

-

+

-

I

1

2

2282

6969

1848

6536

434

433

434*

140,150

140,584

4687

4688

  • Орташа артуды миллиметрге дейін дөңгелектеу.

Бақылау сұрақтары

  1. Белгінің арттыруының айырмашылығы неде?

  2. Байланыспаушылық дегеніміз не?

  3. Өлшеу нәтижесін өңдеу қандай жолмен жүзеге асырылады?

  4. Рейкалардың қара және қызыл жақтарының арту мәнін есептеу бекеті?

Тәжірибелік жұмыс № 11

Теодолиттердің құрылысы

Сілтеме: Неумывакин Ю.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж

Жұмыстың мақсаты: Құрылғының негізгі бөліктерінің атауларын меңгеру, олардың өзара әрекетін үйрену және құрылғыны жұмысқа дайындауға үйрену.

Құралдар мен жабдықтар: Теодолит комплектісі, тапсырма бланкілері.

Тапсырма: Теодолит 2Т30-дың таңбаланған бөліктерін жазып алу.

Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:

Теодолит Т 30

1 теодолиттің негізі, онымен тұғыр 9 бекітілген, ол сондай-ақ сауыттың рөлін атқарады (футляр), соның көмегімен бір нүктеден келесі нүктеге ауысқанда және жұмыс кезіндегі үзілістерде аспапты штативтен түсірмей жабуға мүмкіндік береді.

Көру құбырлары 5 бақыланатын нәрсеге құбырды бағыттауға арналған оптикалық визирмен 6 жабдықталған. Көру құбырын кремальераны 7, айналдыру (бұрау) арқылы фокустайды (реттейді), ал жіптер торын окуляр сақинасын 8 айналдырып көзге сәйкестендіріп орнықтырады.

Теодолитті орталықтандыру үшін объективін төмен қаратып орнатқан көру құбырын пайдаланады және саңылау 2 арқылы бұрыштың ұшы бекітілуінің белгісін бақылайды.

Есептеу құрылғысының микроскопы 3 окулярдың жанында орналасқан. Оптикалық құрылғыға жарық түсіру үшін, жарық сәулесін саңылауға бағыттап жарық қылу мақсатында айна 4 қолданылады.

Микроскоп көрсетуінде (12б-сурет) тік дөңгелектің (жоғарыдан В әріпімен) және көлденең дөңгелектің (төменнен Г) суреттері көрініп тұр. Екі дөңгелектің де бөлу бағасы (өлшемі) 10. Есептеулерді қозғалмайтын (қимылсыз) индекс бойынша көзбен көру бөлудің оныншы үлесі бағасымен жүргізіледі. Суреттегі есептеу – тік дөңгелек бойынша 358 тең болса, көлденеңі - 70 ке тең.

Теодолит Т30-дың тік дөңгелекте деңгейі болмайтынын есте сақтау қажет, оның орнын көлденең дөңгелектегі деңгейі алмастырады. Сондықтан, нәрсеге (затқа) бұрғанда (бағыттағанда) және тік дөңгелек бойынша есептегенде көлденең дөңгелектің деңгей көбікшесі нөл-пункітінде тұруы тиіс.