Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМФ метод каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.24 Кб
Скачать

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті Семинарлық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: 5В130100 Жалпы медицина

Пән: IK 1101 Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Жоғары базалық медициналық білім беру, курс: 1

Тақырып: №11 «ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы»

Құрастырған:

аға оқытушы _____________ Иманалинова Н.К.

Семей - 2010 ж.

1. Тақырып, №11 «ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы».

2. Мақсаты: Патшаның қоныс аудару саясатына, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға тоқталу.

3. Оқытудың міндеті: Қазақ даласын басқарудағы Ресей империясының жүргізген саясатын ашып көрсету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

а) Бірінші сұрақ бойынша: «Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси жағдайы. Қазақ даласын басқарудағы Ресей империясының заң актілері».

б) Екінші сұрақ бойынша: «Қазақ даласындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың өзгеруі».

в) Үшінші сұрақ бойынша: «ХІХ ғ. Қазақстанның мәдениеті».

5. Оқыту әдісі: Бірінші сұрақ бойынша сызбажазба құрастыру, екінші сұрақ

бойынша шағын топпен жұмыс, жауаптарды хронологиялық реттегі кесте

толтырумен толықтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ ССР тарихы бес томдық. А.1977

  2. Қазақстан тарихы бес томдық. Т.1. А.1996

3. Қазақстан тарихы. Очерк. А.1993

Қосымша әдебиет:

1. Б.Қуатов. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме.

2. Ғ.Қарабалин. Бөкей хандығы: 200 жыл. Қазақ тарихы 2001, №7

3. С.Өтениязов. ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік хал-ахуалы. Қазақ тарихы 1994, №1

4. Қ.Құсаинов. Ресей империясы және отар елдер. Қазақ тарихы 1993, №1

7. Бақылау: бақылау сұрақтары.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

- Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін қзақтардың жағдайы қалай өзгерді?

- Ресейдің ХІХ ғ. 20-шы жж Қазақстанда жүргізген реформалары әлеуметтік саяси құрылыста қандай өзгерістерге ашып келді?

- Реформадан кейін қазақ даласында қандай оң өзгерістер болды?

- 1867-1868 жж реформалардан кейін қазақтардың шаруашылығы қалай

өзгерді?

- 60-шы жж реформаның нәтижесінде рулық ақсүйектердің қандай

құқықтары шектелді?

- 1867-1868 жж реформаның саяси мақсаттары қандай болды?

- Не себепті XIXғ. реформалар Ресей мен Қазақстанда капиталистік

қатынастарға жол ашты?

- Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты неден көрінді?

Қорытынды білім деңгейлерін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

  • XIXғ. реформаға дейінгі қазақтардың шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктері қандай?

  • XVII-XVIII ғғ. қазақ қоғамының құрылымы нені көрсетеді?

  • XIXғ. екінші жартысында қазақтардың шаруашылығында қандай өзгерістер болды?

  • Әкімшілік реформадан кейін Қазақстан экономикасында қандай өзгерістер болды?