Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛ-Техн измер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

10 Сабақ. Өлшеуді жоспарлау. Өлшеу нәтижелерінің сапа бағасының теориясы және оларды математикалық өңдеу.

Сапа дегеніміз оның белгісімен сәйкес келетін белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын, оның жарамды екенін ескертетін өнім қасиеттердің жиынтығын атаймыз.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей ғылыми, техникалық жүйелерді және ұйымдық шараларды жүргізгенде сонда ғана өнім сапасын басқару жоғары деңгейге жетеді. Сапаны толық меңгеру үшін, алдымен бұл сапаны бағалап үйрену керек, яғни өлшеу керек.

Квалиметрия сапана бағалау мәселелерін зерттейді. Өздігінен сапа деп аталған қорытылған қасиет физикалық шама бола алмайды және метрологиялық түсінік бойынша өлшеу мүмкін емес, солай болғандықтан бұл қасиеттің берілген шамасы болмайды. Метрологиядағы шама физикалық шама бірлігі болып табылады. Квалиметриядағы физикалық шаманың аналогына сапа көрсеткіштері қызмет көрсетеді. Сондықтан сапаны бағалау үшін өнім сапасының көрсеткіштерін үлгі ретінде қабылданған біртекті өнім сапасының көрсеткіштерімен салыстыру керек.

Сапа көрсеткіштер жеке және құрама болып бөлінеді. Сапаны анықтайтын қасиеттердің біреуіне жеке көрсеткіштер қатысты болады; құрама көрсеткіштер бірнеше жеке көрсеткіштерден құралады.

Өнім сапасын бақылау дегеніміз – өнімнің сапалық және сандық сипаттамасын бақылау.

Сапаны бақылау процедурасына өлшеу, талдау, сынау операциялары жатады. Химиялық талдау, микробиологиялық талдау, микроскопиялық талдау және т.б. аналитикалық әдістер арқылы шикі заттың және материалдың құрамын, құрылысын талдайды.

Өнім сапасын бақылау деген құрама процедура болып табылады, мысалы, матаның сапасын бақылау. Оған матаның сапалық сипаттамасы (ақаулар, түсі, суреті бекітілген үлгіге сәйкес болуы керек), қарапайым өлшеулер көмегімен сандық сипаттаманы бақылау (ұзындығы, ені, қалыңдығы), сынау (үзілу төзімділігі, үйкеліс кедергісі), химиялық талдау (талшықтың құрамын анықтау).