Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛ-Техн измер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

6 Сабақ. Физикалық шамалар бірлігінің жүйесі.

Негізгі және туынды бірліктердің жинтығын физикалық шамалар бірлігінің жүйесі деп аталады.

1832 жылы Гаусс бірлік жүйелерді өңдеп және оларды абсолютті бірлік жүйе деп атады. Оның негізін қалаушы – миллиметр, миллиграмм және секунд болды. Ғылым мен техниканың даму барысына қарай жылдан жылға жаңа жүйелер пайда болды. Олардың көп болған соншалықты ғылыми-техникалық прогрестің дамуына кедергі жасады. 1960 жылы өткен шама мен салмақ туралы XI конференция халықаралық, физикалық шамалар бірлігінің жүйесін қабылдады және біздің елімізде оны қысқаша СИ деп белгілейді, яғни СИ – международная система единиц. ХЖ – халықаралық жүйе бірлігі.

Халықаралық жүйенің негізгі бірліктерге мыналар жатады:

Метр (халықаралық белгіленуі m) – ұзындық бірлігі;

Килограмм (халықаралық белгіленуі kg ) – масса бірлігі;

Секунд (халықаралық белгіленуі s) – уақыт бірлігі;

Ампер (халықаралық белгіленуі А) – электрлік токтың күш бірлігі;

Кельвин (халықаралық белгіленуі К) – термодинамикалық температура бірлігі);

Кандела (халықаралық белгіленуі cd) – жарық күшінің бірлігі; Моль (халықаралық белгіленуі mol) – заттың сандық, бірлігі;

Сонымен қатар қосымша екі бірлік қарастырылған;

Радиан (халықаралық белгіленуі rad) – жазық бұрыш бірлігі;

Стерадиан (халықаралық белгіленуі sr) – дене бұрышының бірлігі;

Мысалы, басқа елдерде 1кг неге теңестіріледі?

Жауап: ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде 1кг 0,2 хендредвейтке немесе 2,2 фунтқа тең, Болгарияда 0,77 окиге тең, Венгрияда 0,02 ваммасқа немесе 2,0 вамфортқа тең, Германияда 0,02 центнерге немесе 2,0 фунтқа тең, Египте 0,02 кантараға тең, Үндіде 1,11 зираға тең, Индонезияда 0,03 тахилға тең, Иранда 1,43 чейрекке тең, Қытайда 0,02 даняға немесе 2,0 цзиняға тең, Кореяда 1,67 кыняға тең, Манғолияда 1,67 гинаға тең, Югославияда 0,008 товарға тең, Румыняда 3,33 литрге тең, Польшада 0,025 цетнерге тең....

7 Сабақ. Өлшеу қателіктерінің негізгі түрлері және өлшеу дәлдігінің шектері (қайтымсыз, инерция, жылу және сванты флуктация, шулар және т.Б.).

Өлшеу құралдардың қателіктері факторлардың сандары әсер еткен нәтижесінде пайда болады, оларды шығару, сақтау, пайдалану және өлшеуді жургізу шарттарымен келісілген.

Негізінде әрбір өлшеу қателікпенен орындалады. Табиғатта кездескен қателіктерге тоқталмай, пайда болу тегі бойынша және ерекше әсер етілуі бойыша біріншіден оларды өлшенетін жүйеге жіктеу керек.

СИ көрсеткіштері және өлшенілген физикалық, шаманың нағыз мән арасындағы айырмашылықты қателік* деп атаймыз.

Өлшемнің абсолютті қателігі өлшемнің номинальді мәні және ұдайы өңделетін шаманың нақты мән арасындағы айырмашылықты ұсынады.

Аспаптың абсолютті қателігі дегеніміз ол аспаптың көрсеткіштер арасындағы және өлшенетін шаманың нағыз мән арасындағы айырмашылығы.

Қалыпты жағдайда пайдаланылған өлшеу құралдарының қателіктерін негізгі қателік деп аталады.

Өлшемнің нақты мәнінің өзгеруін немесе әсерленген шаманың ішінен біреуі шектен тыс ауытқығанда аспаптың көрсеткіштерін қосымша қателік деп аталады.

Өлшеу құралдарының дәлдік класы дегеніміз бұл жіберілген және қосымша қателіктердің шектерімен анықталған, сонымен қатар олардың дәлдіктеріне және өлшеу құралдарының бөлек түрлеріне стандартпенен әсерленген, басқа қасиеттерімен. анықталған өлшеу құралдарының қорытылған сипаттамасы.

*Қателік және “қате” деген екі ұғымның арасындағы түсінікті түсінуіміз керек.

Анықталған әдістер көмегімен объективті жағдайлар бойынша “қателік” деген ұғым пайда болды. Ал “қате” деген ұғым субъективті жағдайлармен байланысты.