
- •1 Сабақ. Өлшеу теориясының жалпы ұғымы. Өлшеудің формалды-логиалық негізі ұғым процесі ретінде қарастырылады.
- •2 Сабақ. Өлшемділіктің және ұқсастықтың теория әдістері.
- •3 Сабақ. Класикалық өлшеулер жүйесі. Тұрақтылық – анықтыққа жетудің тиісті шарты және өлшеу нәтижелерінің дәлдіктері.
- •4 Сабақ. Өлшеу шкалалары. Физикалық шкалалар және нақтылық түрлерінің бір мәнсіздігі.
- •5 Сабақ. Өлшеулердің негізгі теңдеуі. Өлшеу әдістері.
- •6 Сабақ. Физикалық шамалар бірлігінің жүйесі.
- •7 Сабақ. Өлшеу қателіктерінің негізгі түрлері және өлшеу дәлдігінің шектері (қайтымсыз, инерция, жылу және сванты флуктация, шулар және т.Б.).
- •8 Сабақ. Физикалық шамалардың эталондары және тексеру кестесі.
- •9 Сабақ. Өлшенетін шамалардың математикалық және өлшеу құралдары.
- •10 Сабақ. Өлшеуді жоспарлау. Өлшеу нәтижелерінің сапа бағасының теориясы және оларды математикалық өңдеу.
1 Сабақ. Өлшеу теориясының жалпы ұғымы. Өлшеудің формалды-логиалық негізі ұғым процесі ретінде қарастырылады.
Физикалық шамалармен байланысқан өлшеу метрология саласының негізгі объектісі болып табылады. Сонымен қатар өлшеу басқа да ғылымдармен байланысқан (математика, психология, медицина және т.б.).
Өлшеу – дегеніміз техникалық құрал көмегімен орындалатын, шама бірлігін сақтайтын және өлшенетін шаманы салыстыру мүмкіндігін беретін жиынтық операция.
Адам сезім мүшелеріне (көру, есту, дәм тату және т.б.) негізделген өлшеулерді органолептикалық өлшеулер деп аталады.
Табиғат әр түрлі дәрежеде адамдарға қатынас шкала бойынша органолептикалық өлшеулерменен қабілеттілігін беріпті.
Интервал шкаласы бойынша өлшеу сезім мүшелерісіз орындала алады. Уақытты өлшеу сезіну қабілетіне негізделеді.
Реттік шкала бойынша орындалған өлшеулер әсерінен (впечатление) құралады. Сезуге (интуиция) негізделген өлшеулерді эвритикалық өлшеулер деп аталады.
Арнайы техникалық құралдар көмегімен орындалған өлшеулерді аспаптар деп аталады.
Ақпаратты алу тәсілі бойынша өлшеу процесіндегі өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша, өлшенетін ақпараттар саны бойынша негізгі бірліктеріне қатынасы бойынша өлшеулерді ажыратады.
Өлшеу ақпаратын алу тәсілі бойынша түзу, жанама, тұтас, бірлескен өлшеулер деп бөлінеді.
Өлшеу процесіндегі өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша статистикалық, динамикалық және статикалық өлшеулерге бөлінеді.
Өлшенетін ақпараттар саны бойынша бір реттік және көп реттік өлшеулерге бөлінеді.
Негізгі бірліктер өлшеулеріне қатынасы бойынша абсолютті және салыстырмалы өлшеулерге бөлінеді.
2 Сабақ. Өлшемділіктің және ұқсастықтың теория әдістері.
Метрологияда берілген шама физикалық шамамен байланысқанын көрсететін көріністі – физикалық шама өлшемділігі деп аталады. Геометриядағы өлшемділік бұл деген геометриялық фигураның өзгеру саны. Мысалы, сызықтың өлшемділігі 1-ге тең (бір мөлшерлі бейне); сонымен қатар кез келген кеңістіктің шектелген бөлігінің өлшемділігі 3-ке тең (үш мөлшерлі бейне, геометриялық дене).
Өлшем шаманың сапалық ерекшелігінің бейнесі олардың өлшемділігі болып табылады. Өлшемділік dim деген символмен белгіленеді, dimension деген сөзден пайда болды, бұл сөз өлшем және өлшемділік деп аударыла береді.
Негізгі физикалық шамалар өлшемділігі бас әріппен белгіліленеді. Ұзындық, масса және уақыт үшін мысалы, dim/ = L; dimm = M; dimt = T
Туынды шамалар өлшемділіктерін анықтау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
1. Теңдеудің оң және сол бөлігінің өлшемдіктері беттеспеу мүмкін емес, себебі бірдей қасиеттерді өзара салыстыруға болады. Теңдеудің оң және сол бөліктерін біріктіргенде, бұдан мынандай нәтижеге жетуге болады, тек қана бірдей өлшемдіктері бар шамаларды алгебралық жолмен қосуға болады.
2. Алгебра өлшемдіктері мультипликативті, яғни бір ғана көбейту амалынан тұрады.
2.1. Бірнеше шамалардың өлшемділік көбейтіндісі олардың өлшемділіктер көбейтіндісіне тең, Егер Q, А, В, С шама мәндерінің арасындағы байланыстық мынандай Q = A·B·C түрге ие болса онда dimQ=dimA·dimB·dimC
2.2. Негізгі шаманы басқа шамаға бөлген кезде жеке өлшемділік олардың олардың өлшемділік қатынасына тең, яғни Q = А/В, онда dimQ=dimA / dimS
2.3. Кейбір дәреге көтерілген әрбір шама өлшемділігі сол дәрежедегі оның өлшемділігіне тең. Егер Q = Аn, онда
Сонымен өлшемділік өлшенетін шаманың сапалы сипаттамасы болып табылады.