
- •Фотобиологиялық үрдістердің алғашқы кезеңдері. Фотохимиялық реакциялар.
- •Жоспары:
- •1. Сандық және сапалық фотолюминесцентті талдау.
- •2. Фотобиологиялық үрдістердің алғашқы кезеңдері.
- •3. Фотохимиялық реакциялар.
- •4. Хемилюминесценция және оның диагностикалық мәні.
- •1) Митогенетикалық сәулелену,
- •3) Аса әлсіз сәулелену.
- •5. Энергияның миграциясы.
- •Биожүйелерде энергия берілуінің жолы:
- •6. Ультракүлгін сәуленің ақуыздар мен нуклеин қышқылдарына әсері.
- •3.Түзілген радикалдар реакциясының кезеңі.
- •4. Тотығудың орнықты өнімдерінің түзілу кезеңі.
3.Түзілген радикалдар реакциясының кезеңі.
Осы кезеңнің бірнеше бағыты болуы мүмкін:
а)
Амин қышқылының түзілген радикалы
ақуыз молекуласының пептидті тізбегінің
көрші буындарымен өзара әсерлеседі.
Бұл ақуыз молекуласының кескінінің
бұзылуын тудырады.
б) Амин қышқылының еркін радикалы оттегімен әсерлесіп, амин қышқылының радикал тотығын түзуі мүмкін:
в) Сутегі ионы—протон- химиялық жағынан өте белсенді болып табылады. Олар ақуыз молекуласының амин қышқылдары қалдықтарымен әсерлеседі. Осы кезде аммиак және амин қышқылының радикалдары түзіледі:
Осы үрдістің нәтижесінде ақуыз молекуласының буындары бұзылады.
4. Тотығудың орнықты өнімдерінің түзілу кезеңі.
Амин қышқылдарының барлық түзілген радикалдары әртүрлі заттармен әсерлеседі. Реакцияның бір циклінен кейін уландырғыш қасиеттері бар тотығудың орнықты өнімдері түзіледі. Олар ақуыз молекуласымен әсерлесіп, олардың да құрылысын бұзады.
Спектрдің ультракүлгін облысында (260 нм) нуклеин қышқылдарының тек азотты негіздері ғана жарықты жақсы жұтып, фотохимиялық түрлендірулерге ұшырайды.
Ультракүлгін сәулелердің нуклеин қышқылдарына басты әсері соңғысының (НҚ) биологиялық белсенділігін жоғалтуы, яғни ондағы бар хабарды жеткізу қабілеттілігін жоғалтуы. Осы кезде ДНҚ-ң белсенділігінің жойылуындағы басты рольді тимин негіздерінің димеризация (қос өлшемді) үрдісі атқарады. Тимин негіздерінің димеризация үрдісі басқа фотохимиялық үрдістерден бірінші жүреді.
Ультракүлгін сәуле бактерицидті әсер етеді. Бактериялар мен вирустардың ультракүлгін сәулеленуі кезінде олардың белсенділігінің бұзылуы, даму қабілетінің
жаншылуы, өлуі болады. Ультракүлгін сәулелерінің бактериялар мен вирустарға әсер ету механизмі осы ағзалар белсенділігінің жойылуының әсер ету спектрлерін зерттеу кезінде анықталды. Әсер ету спектрі дегеніміз фотобиологиялық эффект шамасының сәулеленудің толқын ұзындығына тәуелділігі дегенді білдіреді. Вирустар мен бактерияларды ультракүлгін сәулемен сәулелендіргенде белсенділіктің жойылуының әсер ету спектрі нуклеин қышқылдарының жұту спектрімен сәйкес келетіндігі анықталды. Ендеше, ультракүлгін сәулесінің бактерицидті әсерінің негізі НҚ-ң зақымдануы, белсенділігінің жойылуы болып табылады.
Ультракүлгін сәулесінің бактерицидті әсері емдік және аурудың алдын- алу мақсаттарында кең қолданылады, мысалы, инфекциялы дене бөліктерін сәулелендіруде, түрлі заттарды, тамақ өнімдерін стерильдеуде және т.б.
Адам ағзасына қысқа толқынды сәуленің үлкен мөлшері (дозасы) ғана зиян келтіреді. Ультракүлгін сәуленің бірқалыпты мөлшері ағза жалпы және иммунді реакциясын арттырады. Ультракүлгін сәуленің D витаминінің түзілуінде маңызы зор. Терінің сәулеленуі осы витаминнің антирахитті қасиеттерінің пайда болуына әкеліп соғады. Ультракүлгін сәуле болмаған жағдайда көп уақыт болу D витаминінің түзілуінің нашарлауына және фосфор- кальций алмасуы бұзылуының дамуына әкеліп соғады.